Академ и ясы



бет11/45
Дата14.09.2023
өлшемі6,15 Mb.
#107544
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (pdf.io)

«Негізгі мектеп-орта мектеп» деңгейіндегі сабақтастық
Жалпы білім берудің үшінші кезеңінің ерекшелігі бейіндік оқытуға көшу болып табылады. Жалпы орта білім беру деңгейінде жалпы және кәсіптік білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлектерін кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау қажет. Сабақтастық оқу бағдарламасының мазмұнын құрайтын білім мен дағдыларды нығайту, тереңдету және кеңейту арқылы жүргізіледі.
Сабақтастық мәселесін шешудің негізгі міндеттері:
- білім алушының орта мектеп жағдайына сәтті бейімделуі;
- негізгі және жалпы орта мектеп білім алушыларын оқыту және тәрбиелеу үрдісін жақындастыру;
- білім алушылардың білім нәтижелерінбағалаудың тәуелсізнысандарына, оның ішінде ББЖМ, қорытынды аттестаттауға, ҰБТ-ға дайындығы;
- өзін-өзі тану және айналасына қамқорлықпен қарап, нәтижелі кері байланыс жағдайын жасау;
- білім алушылардың денсаулығын сақтау жағдайлары.
Оныншы сынып білім алушысына «жоғары сынып оқушысы» екенін сезінуіне, оқудың мәні мен мағынасын анықтауына көмектесу маңызды.
Негізгі және жалпы орта білім беру арасындағы оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету бағыттары:
1. Бейінге сәйкес білім беру бағдарламаларын таңдау арқылы оқыту сабақтастығын жүзеге асыру.
2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг.
3. Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарды (үйірмелер, факультативтер) ұйымдастыру.
4. Пәндер бойынша бірыңғай жалпымектептік онкүндіктерді өткізу.
5. Ата-аналармен жұмыс: жеке кеңес беру, ашық есік күні, мектеп сайты, қамқоршылық кеңестер.
Бейімделу процесін жүзеге асыру жолдары:
- білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- 10-сыныпқа келген 9-сынып білім алушыларының пәндер бойынша және 10-сыныптың бүкіл оқу жылында білім сапасын мониторингілеу, анықталған олқылықтардың орнын толтыру;
- бейімделу қиындықтарынанықтау және талдау, реттеужолдарын әзірлеу;

31
- оқу процесіне барлық қатысушылардың: мұғалімдердің, ата-аналардың, білім алушылардың қатысуымен сабақтастықты іске асыру шеңберіндегі міндеттерді шешу;


- негізгі мектепте (9-сыныптар) және жалпы орта мектепте (10-сыныптар) оқытудың мазмұны мен әдістерінде сабақтастықты іске асыру; кері байланыс мүмкіндіктерін жасау.

2.2 ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.

Тәрбие жұмысы біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, алғыс айту, ілтипат, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажет.


Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу ісі: - оқу пәндерінің мазмұны;
- сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар;
- сыныптан тыс іс-әрекеттер мен қосымша білім беру (үйірмелер, клубтар, секциялар, факультативтер және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.
1. Оқу пәндері шеңберінде:
−сабақ тақырыбының тәрбиелік мәнін ескеру және оның сабақ барысында жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
−бастауыш сынып пәндері апталығын жоспарлау мен өткізуде ортақ тақырыптардың әлеуетін ескеру;
−орта және жоғары сыныптарда пән апталықтарын жоспарлау мен өткізуде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға назар аудару қажет.
Күнделікті сабақтың қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеуде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында берілген жалпы білім беру мазмұнының базалық құндылықтары мен жалпыадамзаттық және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын кіріктіру ұсынылады. Мысалы, Қазақстан тарихын оқытуда еліміздің ұлттық мұрасы мен мәдениетіне құрметпен қарауды дәріптеу немесе әдебиетті оқыту барысында шығармаларды талдау арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға басымдық беру, географияны оқыту барысында табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарау және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдану еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызды екендігін дәріптеу ұсынылады.
Педагогтер сабақ мақсатыныңпәндік мазмұнынғана емес, солоқу мақсаты

32
шеңберіндегі қазақстандық және/немесе тәрбиелік компоненттерді ескеруі маңызды.


2. Сынып сағаттары мен тәрбие іс-шаралары шеңберінде:
−әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, денсаулық пен салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарытуға ықпал ететін дөңгелек үстелдер, пікірталастас, талқылау, рөлдік ойындар, кейстерді шешу және т.б. формада өткізу ұсынылады; −құндылықтар тәрбие жұмысының нәтижесі ретінде білім алушылардың
мінез-құлқы мен тұлғалық қасиеттері арқылы көрініс табуы үшін сынып сағаттарын сындарлы тәсілдеме негізінде ұйымдастырып, интербелсенді формада өткізу ұсынылады;
−сынып сағаттарын мектептің педагог-психологімен бірлесіп өткізу ұсынылады (педагог-психологпен бірлескен сынып сағатының санын, өткізу жиілігін білім беру ұйымдары дербес анықтайды).
Білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастырудакелесітақырыптарбойынша сыныпсағаттарын өткізу ұсынылады:
«Ар-ұят және жауапкершілік» «Біздің қоғамдағы әділеттілік» «Іс-әрекеттегі мейірімділік» «Мейірімділік құндылығы» «Күнделікті өмірдегі адалдық»
«Этикалық құндылықтарды дамыту» «Отаншылдық және оның мәні»
«Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілік» «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері» «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау» «Қоғам игілігіне қызмет ету»
«Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті» «Салауатты өмір салтындағы дене белсенділігінің рөлі» «Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері» «Құқықтық мәдениет және оның маңызы»
«Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық» және басқалар.

2023-2024 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде Төле бидің 360 жылдық, Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық, Музафар Әлімбаевтың 100 жылдық, Халел Досмухамедовтың 140 жылдық, Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдық, Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдық, Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық, Шәкен Аймановтың 110 жылдық, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерей тойларына назар аудару қажет.

33

Сынып жетекшілері ұсынылған сынып сағаттарының тақырыбын таңдауда және сынып сағаттарының мазмұнын әзірлеуде білім алушылардың жас ерекшелігін, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін және өңірдің сұранысын ескеруі қажет.


3. Сыныптан тыс іс-әрекеттер шеңберінде:
−бірлескен жобаларды немесе әлеуметтік тәжірибелерді («Қайырымдылық», «Қарияға қол ұшын соз» және т.б. акциялар) іске асыру;
−қосымша білім алуға жағдай жасау;
−тәрбие жұмысын күшейтуге мүдделі мемлекеттік органдарды тарту (кездесулер, бірлескен іс-шаралар, акциялар, жарыстар, жобалар конкурстары, кәсіптік бағдарлау кездесулері, профилактикалық әңгімелер және т. б.)
−танымал, атақты тұлғаларға, оның ішінде мектепке аты берілген тұлғалар туралы тереңірек білуіне бағытталған іс-шараларды өткізу;
−білім беру ұйымы орналасқан өлкенің танымал тұлғаларымен, еңбек ардагерлерімен және мектепті бітіріп, табысты еңбек етіп жүрген түлектермен кездесу ұйымдастыру ұсынылады.
Білім беру ұйымдары мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен іс-шараларын ұйымдастыруда білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және олардың жас, жеке, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып іс-шаралардың мазмұнын білім беру ұймының басшыларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, педагог-психолог мамандармен алдын ала келісу ұсынылады.
Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін сыныптан тыс жұмыстар аясында бірлескен жобаларды ұйымдастыра алады. Жобалар ғылыми зерттеулерді, мәдени және тарихи ескерткіштерді зерделеуді көздеуі мүмкін немесе әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталуы мүмкін. Мұндай жобалардың мақсаты – білім алушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету, коммуникативті және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Бірлескен жобалар білім алушылардың сыни ойлауын, эмпатияны және қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобалардың көптеген түрлері бар. Мысалы, «Таза аула», «Жасыл мектеп», «Эковолонтерлер», «Экологиялық мониторинг», «Экологиялық туризм», «Үнемді тұтыну», «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла», «Мектептегі энергияны үнемдеу», «Судың да сұрауы бар», т.б.
Білім алушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған жобалар практикалық жұмыстардан бастап ғылыми-зерттеу жобаларына дейінгі іс-шаралардың кең ауқымын қамтуы мүмкін. Олар: «Менің елім және менің құқығым», «Құқық-квест», «Заңға қосқан үлесім», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Заң мамандықтары». Бұл жобалардың барлығы білім алушыларға өздерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ еліміздің құқықтық жүйесінің

34
жұмысын түсінуге ықпал етеді.


Еңбекқорлыққа тәрбиелеу үшін келесі жобалар ұсынылады: «Қолөнер шеберханасы», «Еңбегі адал жас өрен», «Өзің жасап көр», «Аспаздық жоба» және т.б.
Ар-ұят, намыс, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды жетілдіру үшін мынадай тақырыптағы жобалар ұсынылады: «Бейбіт күннің каһармандары», «Өнер мен құндылықтар», «Тарихқа құрмет», «Менің отбасымның өмірлік жолы», «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» және т.б.
Салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінуі және денсаулықты нығайтатын әдеттерге дағдылануы үшін келесі жобалар тақырыптары ұсынылады: «Күнделікті пайдалы тағам», «Зиянды әдеттен аулақ бол», «Спорт және мен», «Қауіпсіздік және алғашқы көмек», «Психологиялық әл-ауқат және күйзеліске төзімділік», «Ұйқы және оның денсаулыққа әсері», «Экранға тәуелділік: жаман әдет», «Цифрлық гигиена» және т.б.

Жобамен жұмыс жасау барысында жобаға жетекші педагог білім алушыларға жұмыстың барлық кезеңдерінде тәлімгер әрі кеңесші ретінде қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық ізденістеріне сенім білдіріп, өз жұмысының нәтижесі үшін өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік беруі маңызды. Сонымен қатар жобалар тақырыптары ұсыным ретінде беріліп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет