Академ и ясы



бет12/45
Дата14.09.2023
өлшемі6,15 Mb.
#107544
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (pdf.io)

Білім күнін өткізу
1 қыркүйекте «Білім күнін» өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес анықтайды және мектептің барлық қауымдастығының қатысуын қамтамасыз етеді. Білім күніне арналған сынып сағатының ұсынылып отырған тақырыбы: «Мектебім – мейірім мекені!».
Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Педагогтер ұлттық құндылықтардыдәріптеуге, достық пен жауапкершілік, бір-біріне сыйластық құндылықтарын дарытуға мән беруі қажет.
Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары/заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңызды екендігіне назар аудару қажет.
Мыналар:
– балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан не күтетіндерін талқылау;
– «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде жазғы демалыс барысында оқылған кітаптарды талдау, бала үшін қызықты және маңызды оқиғаларды талқылау;
– заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану ұсынылады.
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында

35
әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Мектеп – мейірбандық мекені» республикалық челленджін өткізу ұсынылады.


Бейнероликті орналастыру күні: 2023 жылғы 1 қыркүйек. Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00.
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:
- барлығы үшін: «Мектебім, менің мектебім!», «Мектебім – мейірбандық мекені», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;
- бірінші сынып білім алушыларына: «Мектепке алғашқы қадам»;
- 2-4-сынып білім алушыларына: «Жазғы каникулдан жарқын естелік», «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім;
- 5-8-сынып білім алушылары үшін – «Менің саяхатым», «Менің туған өлкем», «Жазғы демалыста мен жасаған игі іс»;
- 9-11-сынып білім алушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Болашақ менің қолымда»;
- 1-сынып білім алушыларының ата-аналары үшін – «Мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»;
- сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!».

Тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымдамалармен https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3 сайтынан толығырақ танысуға болады.

36
2.3 БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ

«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес:


✓бастауыш білім беру деңгейінде «Әліппе» (1-сынып), «Ана тілі» (1-сынып), «Букварь» (1-сынып), «Обучение грамоте» (1-сынып), «Қазақ тілі» (2-4-сыныптар), «Қазақ тілі» (оқыту орыс тіліндегі 1-4-сыныптар), «Әдебиеттік оқу» (2-4-сыныптар), «Орыс тілі» (2-4-сыныптар), «Шетел тілі» (3-4-сыныптар);
✓негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі» (5-9-сыныптар), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-9-сыныптар), «Орыс тілі» (5-9-сыныптар), «Өзбек тілі», «Ұйғыр тілі», «Тәжік тілі» (5-9-сыныптар), «Шетел тілі» (5-9-сыныптар), «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» (5-9-сыныптар), «Орыс тілі мен әдебиеті» (5-9-сыныптар), «Өзбек әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті», «Тәжік әдебиеті» (5-9-сыныптар);
✓жалпы орта білім беру деңгейінде оқытудың екі бағыты бойынша: «Қазақ тілі» (10-11-сыныптар), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (10-11-сыныптар), «Орыс тілі» (10-11-сыныптар), «Өзбек тілі», «Ұйғыр тілі», «Тәжік тілі» (10-11-сыныптар), «Шетел тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» (10-11-сыныптар), «Орыс тілі мен әдебиеті» (10-11-сыныптар), «Өзбек әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті», «Тәжік әдебиеті» (10-11-сыныптар) пәндері оқытылады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының (өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. № 412 бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16– 20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11-сыныптар) көрсетілген.

Тілдерді кезең-кезеңімен енгізу шеңберінде қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 2-сыныпта «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шiлдедегi 199 бұйрығы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033078

2023-2024оқу жылының ерекшелігі –2-сыныпоқушылары үшінорыс тілін енгізу. Егер ана тілінде қалыптасқан сөйлеу дағдыларына және осы жаста тілдік материалды икемді және жылдам есте сақтау ерекшелігіне, табиғи қарым-қатынас және тілдік тосқауылдың болмауына сүйенсек, білім алушылар үшін екінші тілді (орыс тілін) оқыту анағұрлым сапалы болады. Бастауыш мектепте



37
екінші тілді оқыту ойын түрінде немесе өз міндетін орындау жағдайында өтуі керек, яғни қарым-қатынас құралы болуы керек.
Ақпарат алмасу, тілдік материал ретінде мәтінмен жұмыс жасау, фразалар мен сөз тіркестерінің мәнін түсіну және оларды нақтыжағдайларда қолдануүшін коммуникативті дағдыларды дамыту ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет