Академ и ясы



бет23/45
Дата14.09.2023
өлшемі6,15 Mb.
#107544
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (pdf.io)

Материалдарға Академия сайтында қолжетімді https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3?page=12

56
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР



«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес:
- бастауыш білім беру деңгейінде «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» (1-2-сыныптар), «Көркем еңбек» (3-4-сыныптар), «Музыка» (1-4-сыныптар);
- негізгі орта білім беру деңгейінде «Музыка» (5-6-сыныптар), «Көркем еңбек» (5-9-сыныптар).

«Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» (1-2-сыныптар) пәндерін оқыту педагогтерге арналған оқу бағдарламаларына әдістемелік нұсқаулықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 бұйрығымен 2022 ж. 30 қыркүйектегі №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бұйрықтың 1-3, 11-15 (1-4-сыныптар) қосымшаларында, 6-8, 16-20 (5-9-сыныптар) қосымшаларында, 22, 24, 26, 27, 28 (10-11-сыныптар) қосымшаларында берілген. «Технология және өнер» білім беру саласындағы негізгі, орта, бастауыш
білім деңгейлерінің мақсаттары: ұлттық және әлемдік көркем құндылықтар негізінде қоршаған әлем бейнесін, өскелең ұрпақтың жалпы мәдениетін тұтас қабылдауды қалыптастыру, білім алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық қасиеттерін дамыту, қоғамның, өнер мен техниканың адам өміріндегі рөлі туралы негізгі идеяларды дамыту, қазақ халқының және дүние жүзіндегі басқа халықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін және алуан түрлі өнерін түсіну және құрметтеу; өнерді жүзеге асыру үшін білім, білік және дағдыны одан әрі дамыту үшін, өнердің әр түріндегі музыкалық және жобалық әрекеттерді; компьютерлік цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, негізгі технологиялық білім, іскерлік пен дағдыны; вокалдық және аспаптық дағдыларды дамыту; оның ішінде әртүрлі музыкалық цифрлық технологиялар, көркем-музыкалық бейнелеу құралдары мен мультимедиялық технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі тәсілдерін өз бетінше дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет