АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СОӨЖ 1
А. Байтұрсынұлының әдістемелік ой-пікірлері (кесте).
Әдіскер - ғалымдардың ұстанымдарды жіктеуі.
Орындаған: Әлден Гүлназ(ҚБ.305-топ)
Тексерген: ф.ғ.д. Рахметова Р.
Алматы, 2023
Сауат ашу әдістемесінің негізін салған А.Байтұрсынұлы екендігі мәлім. Ұлт ұстазы: «Жалғыз әліпбиді үйретудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Сол әдістерді әр әдісқой өзінше өзгертіп қолданған түрлерін сөз қылсақ, әдіс түрлерін айтып түгесе алмас едік. Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай», дей отырып, баланың сауатын ашуда қандай әдіс дұрыс екенін айқындап берді.
Ең әуелі А.Байтұрсынұлының әдістемеге қатысты басты тұжырымдарына назар аударайық:
Сауаттау әдісі дегеніміз шапшаң жаза білгенде,шапшаң оқи білгенде сауаты ашылады,сауатты адам болды дейміз.Соны білдіруге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы болады
|
Жалқылау әдіс жалпылау әдіске қарсы әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы іріден ұсақтату.Жалқылау әдістің жалпылау әдістен артықшылығын қуаттайтын пікір ХVІІІ ғасырдың аяғында Францияда пайда болды. Оқу үйреткенде сөзді әріптен, буыннан бастамай, сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек дейді.
|
Жазу-оқу» деген түрі – оқуды жазу арқылы үйрету. Бұл әдісті қолданушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді. «Жазу-оқу» әдісі шыққаннан кейін оқу мен жазу қатар жүретін болды.
|
Тұтас сөз әдісі таңбаша үйрету әдісі.Тұтас сөз әдісіне мақсатпен қолданып отырғандарына назар салмай, тек басқалар қолданып жатқанда бізге де қолдану керек деушілер бар.
|
Бір жерде жалпылау, бір жерде жалқылау әдісі жүріп, ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау әдісіболып бірігеді. Бұл әдістің өзі қолданысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: «Шағын сөзді» түрі – мұның бір артық жері аз сөзді оқи білумен балалар көп сөзді оқып кетуге жарайды. Сондай артықтығы болғандықтан, бұл әдіс мәдениетті жұрттардың бәріне жайылды.
|
«Дыбысты әдіс» түрі – дыбысты әдіспен үйреткендегі істелетін істің негізі бес түрлі (балалармен әңгімелесу; оқу үйретуге даярлайтын жұмыстар; сөзден дыбыстарды айырып шығару; әріптермен таныстыру; берілген әріптерінен сөз құрау, соны оқу).
|
А.Байтұрсынұлының барлық әдістемелік ұстанымдары оқушының оқу және функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталды. Тілші ғалым Айнұр Сейтбекова атап көрсеткендей, «Қазір жаңа деп танылған әдістемелердің, бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту технологияларының көпшілігі Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады» («Тіл әлемі» сайты, 2019 жыл, 6-қыркүйек).
Қорыта айтқанда, ұлтымыздың ұлы ұстазы баланың сауатын ашу әдістерін қайткенде жақсартамын, жетілдіремін деп әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеп, озығын таңдап, мұғалімдердің жаңаны меңгеруіне жол ашты. Қазіргі таңда бастауыш сыныптағы «Әліппе», «Қазақ тілі» пәндерін оқытуда Ахмет Байтұрсынұлының әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылып келеді
Пайдаланылған деректер:
Stud.ku
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Достарыңызбен бөлісу: |