Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы



бет2/3
Дата17.04.2023
өлшемі180,14 Kb.
#83450
1   2   3
Байланысты:
Шынжырбай Диана 2сөж фонетика (копия) (копия (2) (копия) (копия) (копия) (копия)

Негізгі бөлім:
Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі қазақ тіл біліміндегі ең алғашқы елеулі еңбектердің бірі қазақ грамматикасы болса, осы іргелі еңбектің мазмұнын байытып, бұған дейінгі грамматикалардан сапалық тұрғыдағы үлкен айырмасын көрсетіп тұрған тараулардың бірі қазақ интонологиясы болды. Себебі, қандай тіл болмасын, оның интонациялық жүйесі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Тілдің интонациясы - көп функциялы құбылыс. Интонация(лат. іntono)– сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Бұл саланың авторы, зерттеушісі-филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнеп Мүсілімқызы Базарбаева. Себебі, қазақ интонациясы өз алдына жеке тілдің суперсегменті ретінде зерттеліп, оның бірліктері – қазақ интонемалары, компонеттері мен параметрлері анықталып, қазақ интонациясын зерттеудің өзіндік әдістері белгіленіп жазылған алғашқы еңбектер Зейнеп Базарбаеның еңбектері.
Негізгі еңбектері: “Типологическое исследование интонации вводных единиц”, “Қазақ тілінің интонациялық жүйесі”, “Қазіргі қазақ тілінің интонация негіздері”, “Строй казахского языка” , “Қазақ грамматикасы”,”Казахская интонация” , “Қазақ тілі: интонология, фонология”. Сонымен қатар , 1983 жылы “Интонация вводных единиц в языках различного типа” атты кандидаттық диссертация және 1987 жылы “Қазақ тілінің интонациялық жүйесі” атты докторлық диссертация қорғады.Москва, Ленинград, Новосибирск, Тбилиси, Қазан, Бішкек сияқты қалаларда және Францияның, Қытайдың, Түркияның бірқатар қалаларында өткен халықаралық ғылыми конференциялар мен конгрестерге қатысып баяндама жасап келеді. Ғалым Зейнеп Базарбаева интонация теориясының негізгі мәселелері ретінде оның бірліктері, басты компоненттері, интонацияның қызметі туралы баяндап,жүйелі зерттеу жүргізген. Интонацияның өзіне ғана тән негізгі бірлігін, “интонема” деп көрсетті. Зейнеп Базарбаева: “Сөйлемнің қай-қайсысы болса да, интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемдердің қай түрінің болса да, сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруында интонацияның мәні ерекше”,- дейді. З.М.Базарбаева қазақ тіліндегі интонацияның компоненттері: “әуен, пауза, интенсивтілігі, ұзақтылық, қарқын, тембр”-, деп талдау жасап, «интонацияның компоненттері тілдің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Олар әуен, ұзақтылығы, интенсивтілік»,- дейді. Интонацияның бірліктерін белгілеуде оның сөйлемдегі қызметін негізге алатынын, екпіннің қай жерде тұратындығын, пауза арқылы бөлінетін ерекшелігін алға тартатындығын айтады.Интенсивтілікке әсер етуші факторлардың бірі дауысты дыбыстардың синтаксистік сегменттегі орны дейді. Тембр сөйлемнің сезімдік (эмотивтік) мазмұнын беруге қатысады, ал акустикалық деңгейде спектрге сәйкес деп біледі. Интонацияның басты функциясы сөйлемнің жалпы мағынасы мен түрлері, жеке коммуникативті дифференциялау (тема және рема), семантикалық дифференциялау, эмоциялық дифференциялау деп көрсетеді.

З.М.Базарбаева алғашқы болып тіліміздің сегіз инвариант интонемасын анықтады. Олар:
1. Тиянақты интонема;
2. Тиянақсыз интонема;
3.Жалпы сұрақ интонемасы;
4. Арнаулы сұрақ интонемасы;
5. Қатал бұйрық интонемасы;
6. Сыпайы бұйрық интонемасы;
7. Лепті сөйлемдер интонемасы;
8. Қыстырма сегменттер интонемасы.
Қазақ интонациясының ең кіші бірліктерінің өзара айырым белгілерінің берілуі, элементтерінің көрсетілуі, басқаша айтқанда тұрпат межесінің айқындалуы әрі осыларға сәйкес мазмұн межелерінің, яғни функцияларының көрсетілуі – қазақ тіл біліміндегі бұған дейінгі интонация туралы ғылыми түсінікті кеңейтті, оның санадағы тілдің басқа жүйелері сияқты автономды құбылыс екенін және де табиғаты жағынан дыбыстық құбылыстарға, яғни фонетикалық деңгейге қатысты болғанымен, грамматикалық деңгей бірліктері сияқты белгілі бір мағынаны жеткізу арқылы таңбалық сипатқа ие екенін ашық дәлелдеп берді. Ғалымның табанды еңбегінің нәтижесінде, интонемалар туралы алғашқы ғылыми білімдер жүйесі жасалып, сол арқылы интонация туралы ғылыми түсінік көкжиегі кеңіді. Сондай-ақ интонация бірліктерінің анықталуы арқылы саланың дербестігі әбден айқындалды. Қазақ интонациясының инвариант интонемаларының саны мен сипатының анықталуы қазақ интонологиясының дамуына алғышарт жасаса, бұл өз кезегінде осы инварианттардың вариант, вариацияларын анықтау бағытындағы жаңа ізденістердің туындауына жол ашты. Осы бірліктер дайындықсыз еркін сөйлеу кезінде қолданылатын, интонацияның сан қырлы құбылысын анықтауға ерекше әсер етеді. Әсіресе диалог ретінде құрылыған сөйлеу тіліне интонеманың барлық түрлері қатысып отырады.
Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде тілдік жүйелердің дамып, жетілуімен бірге сөйлемнің бірыңғай мүшелері және олардың арасындағы байланыс та дамыған. Салаластырушы қатынасты көрсететін тәсілдердің бірі - интонация. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері және олардың арасындағы байланыстың дамуы, жетілуі байланыс құралы ретіндегі интонацияның мағынасын кеміткен жоқ.З.Базарбаева: «Бірыңғай мүшелердің бәріне тән ерекшелікті айтсақ, ол олардың біркелкі интонациясы мен біркелкі айырым паузасы»,- деп пайымайды.Жалғаулықсыз, бірақ жазуда бірыңғайлық тыныс белгілері арқылы, ал айтылғанда жалғастырушы интонациямен қатар тұрып байланысады. Мысалы: олар бес болыс ел - Тама, Алшын, Жағалбайлы (Тар жол тайғақ кешу, 24-б.).
Сонымен қатар, ғалым зерттеу ісін жоғары деңгейге көтеріп, өзінің мектебін қалыптастырып, шәкірттерімен бірге осы саланың берік қалыптасуына ерекше ықпал етіп жүр. Шәкірттері қазақ тілінің функционалды стильдерін суперсегменттік фонетика тұрғысынан қарастыра бастады. Бұл зерттеулер қазақ тілі фонетикасының суперсегменттік деңгейдегі танымдық маңызын арттырып отыр. Осы орайда, қазақ тіліндегі қосқұранды құрмалас сөйлем интонациясының ерекшеліктерін, фонетика мен сөйлем арасындағы өзара сәйкестігін тауып, эксперименттік фонетикалық зерттеу жолымен жүргізілген А.М.Фазылжанованың зерттеу жұмысының маңызы зор. Зейнеп Базарбаева жетекшілігімен қорғаған басқа да ғалымдар:

  • А.Фазылжанова

  • А.Аманбаева

  • Ж.Кеншинбаева

  • Т.Кеншинбаев

  • И.Баймуратова

  • Ж.Жумабаева

  • А.Берікболова

  • С.Альпатина

  • А.Адаева

  • Н.Оспангазиева




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет