Фразеологизмдердің басқа тілдік құбылыстарға қатысы.
1. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы.
2. Фразеологиялық синонимдер
3. Фразеологиялық антонимдер
Фразеогизмдер сырт тұлғасына, яғни құрылым-құрылысына қарай екіге бөлінеді: 1) сөйлем құрылымдас фразеологизмдер; 2) сөз тіркесі құрылымдас фразеоло- гизмдер. Сөйлем құрылымдас фразеологизмдердің өзін іштей: а) жай сөйлем құрылымдас; ә) құрмалас сөйлем құрылымдас деп екіге бөлуге болады. Жай сөйлем құрылымдас фразеологизмдерге бағы ашылды, көктен іздегені жерден табылды, ине шаншыр жер жоқ, екі йығын жұлып жеді, жанын қоярға жер таппады т.б. фразеологизмдер жататын болса, құрмалас сөйлем құрылымдас фразеологизмдерге ес біліп, етегін жапты; қаққанда қанын, соққанда селін алды; ай дейтін ажасы, қой дейтін қожасы жоқ; ішер асқа, киер киімге жарымады; аузын ашып, көзін жұмды т.б. жатады. Сөз тіркесі құрылымдас фразеологизмдерді: а) жалаң сөз тіркесі құрылымдас (өзек жалғау, жағасына жармасу, ат шаптырым, жарым түн, түн қатып, суық қол, сақалды басымен, төбесі тесік, бүйрек бет, ел аузында т.б); 1 сағат
ә) күрделі сөз тіркесі құрылымдас (аузынан жырып беру, аяғына бас ию, ат кекілін кесісу, жаны ұстараның жүзінде, ойда жоқ жерде, аяқ-қолын бауырына алу, жанын көзіне көрсету т.б.) деп екіге бөлуге болады. Фразеологизмдердің сөз табына қатысы. Қазақ фразеологиясының теориялық мәселелеріне арналған зерттеулерде көрініс тапқан фразеологизмдерді сөз табына топтастыру туралы пікірлерде негізінен бірізділік байқалады. Ә.Қайдар, Р.Жайсақовалар фразеологизмдерді сөзтабына қатысына қарай 5 топқа бөледі: 1. Есімді фразеологизмдер. 2. Етістікті фразеологизмдер. 3. Одағай түріндегі фразеологизмдер. 4. Адвербиальді түрдегі фразеологизмдер. 5. Сөйлөу штампы түріндегі фразеологизмдер.
Халық тілінде байырғыдан келе жатқан тұрақты сөз орамдарының (мақал,мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер т.б.) сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-сенімін,түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Көнелікті ең көп сақтаған «жаны сірі» сөздердің небір шоғырлары алдымен мақал-мәтел, фразеологизмдердің құрамында шегендліп қалған деуге болады. Сөз де сырсандық тәрізді. Сәті түсіп, кілті табылғандай болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың өткендегі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады.
Ұлт мәдениетінің сақталуы ұлт тілімен тікелей байланысты. Тілсіз мәдениеттің, рухани байлықтың сақталуы мүмкін емес. Демек тіл - рухани мәдениеттің көрінісі, ұллтық менталитеттің сан қырлы қасиеттерінің көрінетін тұсы. Халықтың ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінің айғағы болып табылатын фразеологизмдер халықтың тарихының, әдет-ғұрпының, салт-санасының да айғағы бола алады.
Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ашып, сипаттаудың мәдениеттану үшін де маңызы зор. Фр-гі ұлттық нышандар бір ғана құбылыстың әр түрлі хаылқта түрлі бейнелер арқылы берілуінен де байқалады. Бұл ұлттық нышандардың сақталуы мәдени кодтар деп аталады. Оған «Күлтөбенің басында күнде кеңес», «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» секілді тарихи оқиғалар мен географиялық атаулар ғана емес, сонымен қатар күнделікті тұрмыста қолданылатын ұлттық атаулар, ұлттық тағамдар, сол халықтың тұрмыс-тіршілігіне ғана тән түсініктер жатады. Мысалы, қазақ тілінде «Тумаған сиырдың уызына дәмету» ұғымын ұйғырлар аспанда ұшып жүрген қаздың сорпасына нан жібітіп жеумен байланыстырса, орыстарда ол өлтірілмеген аюдың терісін бөлісумен байланыстырылады. Демек, бір ғана құбылыс әр халықтың, ұлттың өмір сүру ортасына, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, бейнелі ойлау мүмкіндіктеріне қарай жасалатыны көрінеді.
Фразеологизмдердің стильдік саралануы
Қазақ тілі білімінде фразеологизм мәселелері зерттеліп жүргенімен, осы уақытқа дейін фразеологизмдерінің стильдік саралануы арнайы зерттеу нысаны бола алмай келді. Фразеологизмнің жалпы тіл жүйесіндегі рөлі, сөйлеу принципіндегі атқарар қызметі көп жағдайда стильге кеп тіреледі. Фразеологиялық стилистика тіл білімінде өткен ғасырдың 60-70 ж бастап қолға алынып, түбегейлі зерттеліп келе жатыр. Фразеологизмнің стильдік дәрежеленуі, олардың стилистикалық мағынасы мен эмоционалды -экспрессивті белгілері, сондай-ақ қолдану ерекшеліктері мен стилистикалық белгілердің сөздіктерде берілу жолдары анықталмай келеді. Осы мәселелердің барлығы фразеологиялық стилистиканы зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.
Қазақ фразеологизмінің стильдік қабаттарын анықтауда І.Кеңесбаев, М.Балақаев, М.Томанов, Б.Манасбаев, М.Серғалиев, Х.Қожахметова, Г.Жайсақова, А.Айғабылұлы, Г.Смағүлова ж.т.б. еңбектеріндегі тілдік материалды негізге ала отырып, қазақ фразеологизмдерін функционалды - стильдік ерекшеліктеріне қарай мынадай стильдік қабаттарға топтастырамыз:
Бейтарап қолданыстағы ФТ
Кітаби фразеологизмдер
Ауызекі сөйлеу тіліндегі ФТ
Қарапайым сөйлеу тіліндегі ФТ
1. Бейтарап, стильаралық фразеологизм белгілі бір стильге ғана тәуелді емес, жалпы қолданыстағы түрақты тіркестер. Олар белгілі бір зат пен оның іс-әрекетінің жай атауы ретінде жұмсалады. Бейтарап фразеологизмнің қосымша бағалауыштық реңкі болмайды.
2.Кітаби фразеологизмдер дегеніміз - беллетристикалық, ғылыми, публицистикалық, көркем әдебиеттің тек автор тілінде ғана қолданылып, жоғары, салтанаттылық реңкпен ерекшеленетін фразеологиялық тұлғалар.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер - күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде, сөйлеу тілінің диалог формасында, көркем әдебиетте кеңінен қолданылатын тұрақты сөз тіркестері. Мысалы: ығай мен сығай, шаужайына оралу.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің дені әдеби тіл дамымай тұрып, сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан.
Қарапайым фразеологизмдерге әдетте жағымсызэмоционалды-экспрессивті мағынаға ие болатын және күнделікті тұрмыс тілі мен көркем шығарманың кейбір кейіпкерлері тілінде қолданылатын әдеби тілдің нормасына сай емес дөрекі ФБ жатады. Олардың көбіне әдепсіздік, тұрпайылық, ожарлық тән. Талданып отырған ФБ ғылыми, ресми-іс қағаздар стильдерінде қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |