Академия педагогических наук



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата10.01.2017
өлшемі1,01 Mb.
#1577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мақсаттық индикатор:
– қолданыстағы оқу әдебиеті мен ОӘК өңделді;
– қолданыстағы оқулықтар, ОӘК және электрондық оқулықтар 
негізінде  негізгі  оқу  пәндер  бойынша  мультимедиялық  құрал-           
дар және ОӘК бар оқулықтардан тұратын желілік ЖОӘК әзірленді;
– оқу әдебиеті мен ЖОӘК жасаудың ғылыми-теориялық және 
практикалық негіздері әзірленді;
–  барлық  оқыту  сыныптарына  негізгі  пәндер  бойынша  желі-        
лік ЖОӘК әзірлеу үшін құзіретті авторлық ұжымдар дайындалды;
–  оқулықтар  мен  ОӘК  теориялық  және  практикалық  сарапта-
мада жүргізуге қажетті критерийлер жүйесі дайындалды;
–  оқу  әдебиеті  сапасын  бағалау  жүргізу  үшін  сарапшылар       
дайындалды;
– оқу әдебиеті сапасы мониторингі жүргізілді;
–  авторлардың,  сарапшылардың  және  баспалардың  оқу  әде-
биетін жасау бойынша жауапкершіліктері анықталды;
ЖОӘК  барлық  модульдері  арасындағы  байланыс  жүзеге                
асырылды.

39
Оқу әдебиеті сапасын арттыру және ЖОӘК жасау
Қолданыстағы  оқулықтар,  электрондық  оқулықтар  және  ОӘК 
(оқытушыға  арналған  әдістемелік  нұсқау,  хрестоматия,  зерт-
ханалық  және  практикалық  сабақтар,  жұмыс  дәптерлері,  атлас- 
тар және т.б.) талдау:
1)  олардың  модульдер  арасында  тұжырымдамалық  бірлік 
жоқтығын;
2)  оларды  әр  түрлі  авторлар  немесе  авторлық  ұжымдар 
әзірлейтінін;
3)  олардың  оқу  материалдарының  біртұтастығының                                   
жоқтығын;
4)  оларға  жүктелген  қызметтер  толық  көлемде  орындал-            
майтынын;
5)  олардың  мазмұндарының  жоспарланған  нәтижелер  мен 
біліктілікті оқытудың жаңа парадигмасына сәйкес келмейтінін;
6)  мұғалімнің  оқу  үдерісі  менеджері  және  ұйымдастыру-              
шысы ретінде көрінуіне көмек көрсетпейтінін;
7)  оқушыға  жаңа  ақпаратты  оқытуды  интерактивті  әдістер 
негізінде  өз  бетімен  игерулеріне  көмектесуге  бағытталмаға-        
нын көрсетеді.
Қолданыстағы оқулықтар мен ОӘК өңдеу және ЖОӘК әзірлеу 
кезінде:
1)  материалдардың  практикалық,  біліктілік  дайындаушы  ба-
ғыттылығын,  түрлі  шығармашылық  міндеттердің  үлестік  сал- 
мағын арттыруды;
2) оқу үдерісін модульдік ұйымдастыруды;
3) интерактивтік оқыту технологиясын жүзеге асыруды;
4) түрлі оқу жағдаяттарының болуын;
5)  оқушыларды  түрлі  ақпарат  көздерімен  жұмыс  істеуге  үй-
ретуді, ақпараттық мәдениетті қалыптастыруды;
6) тақырыптың дайындылығы мен күрделілігі деңгейіне тәуел-
ді түрде танымның дербес траекториясын құрауды;
7) ойлау қызметінің дамуына әсер ететін түрлі оқыту және тек-
серу тапсырмаларының болуын;
8)  алдыңғы  сыныпта  оқытылғандармен  де,  сондай-ақ  осы 
оқулық негізінде келесі сыныпта оқытылатындармен де байланыс 
пен ішкі бірлікті қамтамасыз етуді;
9)  мультимедиялық  құралдарды,  әдістемелік  құралдарды, 
жұмыс  дәптерлерін  және  т.б.  әзірлеу  кезінде  сабақтастықты 
сақтауды қарастыру қажет.

40
5.3  Педагог  кадрлар  мәртебесін  және  олардың  кәсіби  білік-
тілік деңгейін көтеру
Мақсаты:
Оқытушылық жұмыстың сапасы мен тиімділігін көтеру    
Міндеттері: 
• педагог кадрларды дайындау жүйесін жетілдіру;
•  «Өрлеу» БАҰО («Өрлеу») мұғалім кадрлар біліктілігін арттыру 
бойынша қызметінің тиімділігін жетілдіру;
• коучерлер (әдіскерлер) институтын құру;
Мақсаттық индикатор:
– педагог кадрларды дайындауды жүзеге асыратын оқу орын-
дарында аттестация және аккредитация жүргізу;
– педагогикалық колледждерде бакалаврлар дайындау; 
– білім берудің жаңа стандарттары бойынша оқытылатын сы-
ныптарда жұмыс істейтін мұғалімдерді біліктілігін арттыру курста-
рынан өтуі;
– мұғалімдерді аттестациядан өткізу; 
– коучерлер (әдіскерлер) дайындау;
– оқыту сапасын арттыру үшін сабақ жоспарлары мен оқу-әдіс-
темелік материалдарды әзірлеу.
Оқытушылық жұмыстың сапасы мен тиімділігін көтеру
Бірқатар  объективті және субъективті себептерге байланысты 
Қазақстандағы  мұғалім  кадрлардың  кәсіби  біліктілігі  төмендей  
бастады, себебі: 
1) мұғалімдердің еңбекақысы азайды;
2) мұғалім мамандығы мәртебелі болудан қалды;
3) педагогикалық мамандықтарға ҰБТ нәтижелері бойынша ор-
таша балл немесе орташадан төмен балл алған мектеп түлектері 
құжаттар тапсыра бастады;
4) мектепте нашар білім алған талапкерлер, іргелі дайындығы 
әлсіз болғандықтан, жоғары оқу орнының бағдарламасын игеріп, 
жақсы білім ала алмады;
5) педагог кадрлар дайындау сапасы төмендей бастады; 
6) осы жылдардың ішінде білікті мұғалімдердің мектептерден 
басқа қызмет салаларына көптеп ауысуы орын алды;
7) мұғалім кадрлардың кәсіби біліктілік деңгейі нашарлады;
8) мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі лайықты дәрежеде 
жұмыс жасамады.
Сонымен педагогикалық мамандықтарға мектепте әлсіз білім 
алған  талапкерлер  барды,  бұл  әлсіз  талапкерлер  жоғары  оқу 

41
орындары немесе колледждерде жақсы білім ала алмады, нәти-
жесінде  мектепке  дайындығы  нашар  мұғалімдер  келді,  олар 
балаларға жақсы білім бере алмады.Осылай шеңбер тұйықталды 
– бұл білім беру сапасы төмендеуіне алып келді, бұл үрдіс әлі күнге 
дейін сақталып келеді.
Зерттеулер,  егер  қабілеті  орташа  8  жастағы  оқушыларға 
біреуінің  біліктілігі  жоғары,  екіншісінікі  төмен  әр  түрлі  мұғалім 
сабақ берсе, онда оқушылардың оқу нәтижесі үш жылдың ішінде 
50-ден артық пайызға алшақтайтынын көрсетті.
Жоғары  білікті  мұғалім  сабақ  беретін  сынып  оқушыларының 
біліктілігі төмен мұғалім сабақ берген оқушыларға қарағанда үш 
есе тез дамыды. 
11  жаста  үлгерімі  нашар  болған  оқушылардың  14  жаста                      
тек  25%-ы  ғана  стандарттық  талаптарға  сай  білім  ала  алатыны 
анықталды.
Білім  саласында  бір  ғана  қате  қабылданған  кадрлық  шешім 
қырық  жыл  нашар  оқытуға  алып  келеді  екен,  бұл  мектепке 
дайындығы  нашар  бір  мұғалім  келсе,  оның  зардабын  мектеп 
қырық жыл бойы тартады деген сөз.
1) Білім беру сапасы онда жұмыс істейтін мұғалімдер сапасы-
нан жоғары болуы мүмкін еместігі;
2)  оқыту  нәтижелерін  жақсартудың  бірден-бір  әдісі  оқытуды 
жақсарту болып табылатындығы; 
3)  барлық  оқушылар  білімінің  жоғары  деңгейін  қамтамасыз         
ету әр балаға сапалы оқытуды жеткізбейінше мүмкін еместігі;
4)  мұғалім  мамандығы  жоғары  мәртебе  алған  кезде,  анағұр-
лым  дарынды  адамдар  мұғалім  болатыны,  бұл  осы  маман-                  
дық мәртебесінің одан әрі артуына алып келетіні дәлелденген.
ҚР  БҒМ  Білім  беру  саласындағы  сапа  бақылау  комитетінің 
деректері  бойынша  2012  жылы  2  мыңнан  астам  мұғалімнің 
педагогикалық білімі болмаған, педагог кадрлар дайындау сапасы 
қойылған талаптарға жауап бермейді.
Қазіргі  уақытта  мемлекет  мектеп  мұғалімдері  мен  басшы-
ларының біліктілігін арттыруға көп бөліп отыр. 
НЗМ  «Педагогикалық  шеберлік  орталығы»  (ПШО)  ЖШС  және 
«Өрлеу»  біліктілікті  арттырудың  модульдік  курстарын  өткізеді. 
Әрбір  модуль  аяқталған  соң  мұғалімдердің  еңбекақысы:  ІІІ  мо-

42
дульден кейін – 30%-ға, ІІ модульден кейін – 70%-ға, І модульден 
кейін  100%-ға  өседі.  Бұл  мұғалімдерге  өз  біліктіліктерін  арттыру 
үшін жақсы ынталандыру болып табылады.
Бұл  курстарға  білім  басқармасынан  жолдамасы  бар,  порт-
фолио  жазған  және  түсу  конкурстарынан  өткен  мұғалімдер  ғана 
қатыса алады.
Кешенді  бағдарламаның  мақсаттары  мен  міндеттерін  жүзеге 
асыру  үшін  ПШО  және  «Өрлеу»  қызметі  қайта  қаралуы  және 
олардың  іс-әрекеті  ұстаздардың  нақты  кәсіби  біліктілігін  еске-
ре  отырып  12  жылдық  білім  берудің  жаңа  стандарттары  және 
оқу  бағдарламаларымен  жұмыс  жасаулары  үшін,  олардың  бі-
ліктіліктерін кезең-кезеңмен арттыруға бағытталуы тиіс. 
1-сыныпта  жаңа  стандарт  бағдарламасы  бойынша  оқытуды 
бастау 1-сынып мұғалімдеріне және оларды ерекше дайындауға 
үлкен  жауапкершілік  жүктейді.  Сондықтан  2017–2018  оқу  жы-
лынан  бастап  елдің  барлық  мектептерінде,  оның  ішінде  ШКМ-
де,  жаңа  стандартпен  оқитын  1-сынаптарда  біліктілігі  жоғары 
мұғалімдер  немесе  біліктіліктерін  көтерген  мұғалімдер  жұмыс 
істеуіне қол жеткізу керек. Бұған одан кейінгі барлық жылдары да 
қол жеткізіп отыру керек.  
«Өрлеу» және оның облыстық филиалдары: 
–  бастауыш  және  орта  білім  беру  мұғалімдерінің  біліктілігін 
арттырудың арнайы курстарын әзірлеуі;
– білім берудің жаңа стандарттары бойынша өтпелі сынаптар-
да  жұмыс  жасау  үшін  мұғалімдердің  біліктілігін  кезең-кезеңмен 
озыңқы арттыруды жүзеге асыруы;
–  мектептерде  жұмыс  жасайтын  білікті  мұғалімдердің,  әдіс-
керлердің тізімін алу және олардың біліктілігін коучер деңгейіне 
дейін көтеруі;
–  арнайы  курстар  әзірлеу  және  өткізілетін  сабақтар  сапа-     
сын  арттыру  және  жаңа  стандарттар  бойынша  оқытылатын 
сыныптардағы  мұғалімдерімен  жұмыс  жасау  үшін  коучерлерді 
дайындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Астана,  Алматы  қалалары  мен  облыстық  білім  басқармалары 
мұғалім кадрлар сапасын арттыру үшін:
– тәлімгерлер көмегімен немесе білім берудің жаңа стандарт-
тары бойынша өтпелі сынаптарда жұмыс жасау үшін «Өрлеу»-де 
біліктілігін  арттыру  курстарынан  өткізе  отырып,  мұғалімдердің 

43
біліктілігін  кезең-кезеңмен  озыңқы  арттыруды  қарастыратын          
арнайы бағдарламалар әзірлеуі;
– барлық мектептердің, оның ішінде ШКМ-нің барлық сынып-
тарында,  барлық  пәндер  бойынша  сапалы  сабақ  бере  алатын 
мұғалімдер ғана жұмыс істеуіне қол жеткізуі; 
–  мұғалімдердің  еңбекақысын  біліктілікті  арттыру  курстары- 
нан  өтуімен  емес,  оқушылардың  нақтылы  білім  сапасына  қарай 
көтеру механизмі жасалып, іске асырылуы керек.
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жақсарту үшін:
–  мұғалім  мамандығының  әлеуметтік  және  құқықтық  мәр-
тебесін арттыру;
–  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарына  дайындау  үшін 
кәсіби жарамдылық емтихандары нәтижелері бойынша лайықты 
талапкерлерді іріктеу жүйесін жасау;
– жоғары оқу орны мен колледждерде студенттерді дайындау 
сапасын жақсарту;
–  жұмысқа  қабылдау  кезінде  мұғалім  лауазымына  кандидат-
тарды іріктеу жүйесін жасау;
– мұғалімдердің біліктілігін арттырудың тиімді және сан алуан 
жүйелерін енгізу;
– мұғалімнің педагогикалық қызметі сапасын бағалау жүйесін 
құру;
– мұғалім еңбегін қолдау және ынталандырудың мемлекеттік 
жүйесін құру;
– мұғалімдердің еңбекақысын оқушыларының оқудағы жетіс-
тіктері сапасына қарай арттыру механизмін әзірлеу қажет. 
5.4 Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесін дамыту 
Мақсаты:
Білім беру сапасы мониторингі жүйесін құру
Міндеттері:
•  тестілерді  жобалау,  модельдеу  және  құрастырудың  дидак-
тикалық теориясын әзірлеу;
•  Ұлттық  білім  беру  статистикасы  және  бағалау  орталығы                        
және  оның  Астана,  Алматы  қалалары  мен  облыстық  филиал-
дарының қызметін жетілдіру;
•  білім  беру  стандарттарының  мақсаттары,  міндеттері  және 
оқытылатын  негізгі  пәндер  бойынша  көрсетілген  күтілетін 

44
нәтижелер  негізінде  оқушының  білім  сапасы  мониторингі  жү-
йесін әзірлеу;
•  мектеп  директорлары  мен  мұғалімдері  қызметінің  тиімді-
лігін бағалау жүйесін құру;
•  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  және  колледждері 
студенттерінің білімі сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;
•  жоғары  оқу  орындарында  «Педагогикалық  өлшемдер» 
мамандығы бойынша кадрлар дайындауға кірісу;
• тестология ғылымын дамыту.
Мақсаттық индикаторлар:
– мектеп мұғалімдері мен директорларының білім беру сапа-
сын көтерудегі озат тәжірибелерін анықтау және тарату;
–  барлық  мектептерде  оқытудың  тұрақты  жоғары  деңгейін 
қамтамасыз етуге және негізгі пәндер бойынша білім беру сапа-
сын арттыруға бағытталған шараларды анықтау;
– мектеп мұғалімдері мен директорларын аттестациядан өткізу;
–  «Педагогикалық  өлшем»  мамандығы  бойынша  мамандар 
дайындау. 
Білім беру сапасы мониторингі жүйесін құру
Барлық  озық  жүйелерде  білім  сапасын  анықтайтын  өлшем 
жүйесі  жасалмаса,  оны  жетілдіру  мүмкін  емес  деп  есептелінеді. 
Сондықтан  да  әлемнің  жетекші  елдерінде  білім  беру  сапасы 
мониторингі жүйесін құруға ерекше көңіл бөлінеді.
Өткен  ғасырдың  80-жылдарынан  бастап  әлемде  нәтижелерді 
машина  көмегімен  өңдейтін  тестілерден  (сұрақтардың  негізгі 
типі  –  жауабын  таңдайтын  жабық  сұрақтар;  мұнда  оқушылар 
даярлығын  тексеретін  элемент  саны  шектеулі  болады)  мектеп 
оқушылары білімінің сапасын көптеген шынайы параметрлер бо-
йынша анықтайтын кешенді тестіге өту басталды.
Жүйені  жетілдіру  жолында  әр  түрлі  іс-әрекет  жасау  негізінде 
тестілеу облысы кеңейтіліп отырады.
PISA,  TIMMS,  PIRLS  тәрізді  білім  беру  сапасын  бағалаудың 
халықаралық зерттеулері және басқа да зерттеулер педагогикалық 
өлшеудің озық әдістерін қолдануға негізделген. Бұл зерттеулерді 
білім беру сапасын арттыруға арналған бағдар ретінде қарастыруға 
болады.  

45
Қазақстанда  білім  беру  сапасы  мониторингі  жүйесін  жасау 
бойынша біраз жұмыстар жүргізілді:
–  2005  жылы  «Ұлттық  білім  беру  сапасын  бағалау  орталығы» 
РМҚК құрылды;
– республиканың барлық аймақтарында облыстық білім беру 
сапасын бағалау қызметтері құрылды;
–  Ұлттық  білім  беру  сапасын  бағалау  орталығы  Қазақстан-             
дағы ТІМSS және PISA тәрізді халықаралық зерттеулер жүргізудің 
Ұлттық үйлестірушісіне айналды;
–  2012  жылы  «Ұлттық  білім  беру  сапасын  бағалау  орталығы» 
РМҚК  атауы  «Ұлттық  білім  беру  статистикасы  және  бағалау 
орталығы» (ҰБСБО) РМҚК болып өзгертілді;
–  2004  жылы  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  (ҰБТ)  түріндегі  Білім         
беру сапасын бағалаудың тестілік әдістері енгізілді.
ҰБТ  көрсетілген  жауаптардың  ішінен  дұрыс  жауапты  таңдай 
отырып жүргізілетін жабық тестілеу негізінде өткізіледі. Ұсынылған 
төрт  жауаптың  ішінен  бір  дұрыс  жауапты  таңдайтын  тест  жүйесі 
адам есіне сақтаған немесе дұрыс тапқан ақпаратты ғана анықтай 
алады, сондықтан мұндай тестілік сұрақтар оқушылардың қандай 
да  бір  пәндер  бойынша  шынайы  білімін  анықтаудың  жеткілікті 
объективті критерийі бола алмайды.
Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы жәнеҰлттық білім 
беру статистикасы және бағалау орталығы қызметінің нәтижелерін 
талдау:
1) жекелеген пәндер, мектептер бойынша білім беру сапасын 
көтеруге ықпал ететін шаралар белгіленбегенін;
2) өткізілетін сабақтар сапасын арттыруға арналған қажетті ша-
ралар анықталмағанын;
3)  тестілеу  әдістемесін  жетілдіру  бойынша  жұмыстар  жүр-
гізілмейтінін көрсетеді.
Білім беру сапасын арттыру үшін білім беру сапасы мониторингі 
жүйесін құру қажет. Орталық пен оның филиалдары:  
– 1-сыныптан бастап, жыл сайын бір сынып үшін негізгі пәндер 
бойынша  білім  беру  сапасы  мониторингін  өткізу  бойынша 
бірыңғай құралнама әзірлеуі;
– оқушылардың оқытудың түрлі кезеңдеріндегі және әр түрлі 
пәндер бойынша оқу жетістіктері туралы сенімді және объективті 
ақпарат алуы;

46
–  білім  берудің  жаңа  стандарттары  бойынша  оқитын 
оқушылардың  білім  сапасы  мониторингі  негізінде  жыл  сайын 
білім  беру  сапасын  арттыруға  бағытталған  қажетті  шараларды 
анықтауы;  
– артта қалушылар дәрежесіне өту қаупі бар нақты оқушыларды 
қолдауға бағытталған шаралар әзірлеуі; 
–  тәрбие  үдерісі  тиімділігі  мен  жеке  тұлғаның  тәрбиелілігі 
деңгейін  бағалау  критерийлерін  оқылатын  пәндердің  стандарт-
тары  мен  оқу  жоспарларында  көрсетілген  күтілетін  нәтижелер 
негізінде әзірлеуі;
тестология ғылымын дамытуы;   
– мектеп директорлары қызметін бағалау жүйесін әзірлеуі;
–  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  мен  колледждердің 
студенттерінің білім сапасын бағалау жүйесін әзірлеуі тиіс.
5.5  Жеке  тұлғаны  рухани-адамгершілік  тәрбиелеу  және 
зияткерлік дамыту жолдарын анықтау
Мақсаттары:
Рухани-адамгершілік  және  зияткерлік  қасиеттері  мол  жеке 
тұлғаны тәрбиелеу
Міндеттері:
•  стандарттар  мен  оқу  бағдарламаларының  жеке  тұлғаның 
рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға 
әсер ететін компоненттері болуы тиіс;
• барлық оқу әдебиетінде рухани-адамгершілік құндылықтарды, 
патриоттық  қасиеттерді  қалыптастыруға  және  шығармашыл, 
бірегей  ойлай  білетін,  үйлесімді  және  рухани  бай  жеке  тұлғаны 
дамытуға бағытталған материалдар болуы тиіс;
• стандарттар мен оқу бағдарламаларында көрсетілген күтілетін 
нәтижелерде оқушылар тәрбиелілігі деңгейі көрсетілуі тиіс;
• тәрбиелеу үдерісі тиімділігін және жеке тұлғаның тәрбиелілік 
деңгейін бағалау критерийлерін әзірлеу.
Мақсаттық индикаторлар:
– барлық пәндердің стандарттары мен оқу бағдарламаларына 
жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін 
қалыптастыруға әсер ететін компоненттерді енгізу;
–  бастауыш,  орта  білім  беру  және  мектептің  жоғары  сатысы 
оқу әдебиетіне рухани-адамгершілік құндылықтарды, патриоттық 
қасиеттерді  қалыптастыруға  және  шығармашыл,  бірегей  ой-

47
лай  білетін,  үйлесімді  және  рухани  бай  жеке  тұлғаны  дамытуға 
бағытталған материалдарды енгізу;
–  бастауыш  білім  берудің  оқу  жоспарында  рухани-адам-
гершілік  құндылықтар  мен  оқушылардың  дене  қасиеттерін 
қалыптастыратын  пәндерді  оқып-үйретуге  оқу  жүктемесінің          
50%-ға жуығын бөлу;
– «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру үшін қажетті биік 
адамгершілік және патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу.
Рухани-адамгершілікті және зияткер жеке тұлғаны тәрбиелеу
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің 
Қазақстан  халқына  жолдауында  (27.01.1012ж.):  «Оқыту  үдерісі-              
нің  тәрбиелік  компонентін  ұлғайту  маңызды.  Патриотизм,  өнеге 
және адамгершілік нормалар, ұлтаралық келісім мен толеранттық, 
дене  және  рухани  даму,  заңға  бағыну  –  бұл  құндылықтарды 
меншік нысанға қарамастан барлық оқу орындарда қалыптастыру 
керек», – деп атап көрсетті.
Ұлы  ойшыл  Мишель  Монтень:  «Ең  үлкен  қателік  –  балалары-
мызға  жан-дүниесіндегі  болып  жатқан  жайлардан  бұрынырақ 
жұлдыздар туралы ғылымды оқытатынымыз», – деген еді. 
Император  Мэйдзи:  «Адамдар  алдымен  өз  бойында  руха-
нилықты  тәрбиелеп,  адамгершілік  қағидаларын  ұстануы  керек,     
содан  кейін  өздерінің  қабілетіне  сәйкес  әр  түрлі  пәндерді  иге- 
руіне болады», – деп жазды.
Білім  беру  саласындағы  жүлдегер  елдер  ұлттық  ба-
сымдылықтарды,  мәдениетті,  құндылықтар  мен  бағыттарды  
дамыта  алатын  шығармашыл  және  рухани  бай  жеке  тұлғаны 
тәрбиелеуге  ерекше  көңіл  бөледі.  Мысалға,  білім  беру  сала-
сындағы  жүлдегер  елдер  болып  табылатын  Жапония,  Оңтүстік 
Корея  және  Финляндия  бастауыш  мектептерінің  оқу  жоспарла-
рында  рухани-адамгершілік  құндылықтар  мен  дене  қасиеттерін 
қалыптастыратын  пәндерді  оқып-үйренуге  уақыттың  50%-ға 
жуығы бөлінеді. 
Қазақстанда,  тарихи  тұрғыда,  білім  беру  идеялары  қашан 
да  берік  рухани-адамгершілік  бағдарларға  сүйеніп  келген.  Қа-
зақтардың  өзіндік  рухани  философиясы  туған  жеріне  деген 
сүйіспеншілікке,  даналыққа,  төзімділікке  толы  болған.  Бірақ, 
өкінішке  қарай,  объективті  әрі  субъективті  себептер  негізінде, 
біздің  көптеген  құндылықтарымыз  жоғалып,  ұмыт  болды  және 
идеологияланды. 

48
Қазіргі  уақытта  білім  беру  жүйесінде  білім  беру  жетістікте-            
ріне қол жеткізуге, яғни емтихан тапсырып, жақсы баға алуға ерек-
ше ден қойылады.
Қазақстанда білім беру жүйесі өскелең ұрпақта:
–  ата-анасын  сыйлау,  Отанын  сүю,  мәдниет  пен  тарихты  білу 
және дамыту;
– ел бірлігін, толеранттықты және халықтар достығын сақтау;
–  рухани  байлық,  еңбек  сүйгіштік,  денсаулығын  және  қорша-
ған ортаны қорғау;
–    қазақ  және  шетел  тілдерін  игеру,  сапалы  білім  алу  тәрізді 
құндылықтарды,  жоғары  адамгершілікті  және  патриоттық  қа-
сиеттерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 
5.6 Білім беру саласындағы ғылыми-зерттеулер
Мақсаттары:
Орта  білім  беру  саласындағы  ғылыми-зерттеулер  тиімділігі  
мен нәтижелілігін арттыру.
Міндеттері:
•  біліктілік  қалыптастыруға  басымдық  берілетін  нәтижеге 
бағдарланған  жалпы  орта  білім  беру  стандарттарын  әзірлеудің 
ғылыми негізін жасау;
• педагог кадрлар мәртебесін көтеру;
• жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейін 
арттыру;
• оқу әдебиеті сапасын арттыру және ЖОӘК жасау;
•  оқу  әдебиеті  сапасын  бағалау  үшін  критерийлер  жүйесін          
жасау;
• білім беру сапасын бағалаудың тиімді жүйесін құру;
• жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесі мен зияткерлік 
дамуының тиімділігін арттыру;
• білім беруді басқарудың тиімді жүйесін құру;
•  жалпы  орта  білім  беру  саласындағы  ғылыми-зерттеу  және 
эксперименттік жұмыстар жүргізуге қажетті қаражат бөлу.
Мақсаттық индикаторлар:
–  біліктілік  қалыптастыруға  басымдық  берілетін  нәтижеге         
бағдарланған  жалпы  орта  білім  беру  стандарттарын  жасау        
әдістері дайындалды;
– педагог кадрлар мәртебесін арттыру жолдары анықталды;
– мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру әдістері анықталды;

49
–  оқу  әдебиеті  сапасын  арттыру  және  ЖОӘК  жасау  жолдары 
анықталды;
– оқу әдебиеті сапасын анықтау бойынша критерийлер жүйесі 
жасалды;
– білім беру сапасын бағалаудың тиімді жүйесін құру жолдары 
анықталды;
– жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесі мен зияткерлік 
дамуы тиімділігін арттыру әдістері әзірленді;
– білім беруді басқарудың тиімді жүйесін құру моделі жасалды;
–  жалпы  орта  білім  беру  саласындағы  ғылыми-зерттеу  және 
эксперименттік жұмыстар жүргізуге қажетті қаражат бөлінді.
Орта білім беру саласындағы ғылыми-зерттеулер тиімділігін 
арттыру
Әлемнің  барлық  жетекші  елдерінде  ІЖӨ-нің  4%-дан  артығы 
білім  беру  жүйесін  дамытуға  бөлінеді.  Бұл  елдердің  тәжірибесі 
көрсеткендей, білім беру саласында сапалы реформалар жүргізу 
үшін іргелі және қолданбалы ҒЗЖ және эксперименттік жұмыстар 
жүргізу қажет.
Қазақстанда  соңғы  жылдары  ғылымды  қаржыландыру 
айтарлықтай  өсіп  келеді.  Ол  базалық,  гранттық  және  бағдар-
ламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде, білім беру саласында 
негізінен гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру 
негізінде  жүзеге  асырылады.  Егер  2011  жылы  28,8  млрд.  теңге 
бөлінсе, ал 2012 жылы 49 млрд. теңге бөлінген, яғни өсу 70%-дан 
артықты  құраған.  Осыған  қарамастан,  білім  беру  саласындағы 
зерттеулерді  жүргізу  үшін  ақша  қалдық  принципі  бойынша 
бөлінеді:
–  2007  жылы  іргелі  зерттеулер  жүргізу  үшін  2  675  млн.  теңге 
бөлінді,  бұл  сомадан  тек  28  млн.  теңге  (1,05%)  ғана  білім  беру 
саласындағы зерттеулерге бөлінді;
– 2009 жылы іргелі зерттеулер жүргізу үшін 6163,5 млн. теңге 
бөлінді, бұл сомадан тек 44,1 млн. теңге (0,7%) ғана үздіксіз білім 
беру  жүйесін  зерттеуге,  оның  ішінде  12  млн.  теңге  12  жылдық 
білім беру проблемасын зертеуге бөлінді;
–  2007  жылы  білім  беру  саласындағы  қолданбалы  зерттеу-
лерді  жүргізуге  138  млн.  теңге  бөлінді,  ал  іргелі  зерттеулерге  – 
93,9  млн.  теңге  бөлінді,  бұл  ғылыми-зерттеулер  жүргізуге  бөлін-                                      
ген қаражаттың 1%-ға жуығын құрайды;
– 2012 жылы бөлінген 6808 млн. теңгеден тек 120 млн. теңге 
ғана білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді 

50
жүргізуге бөлінді. 12 жылдық білім беру проблемалары бойынша 
1 (бір) ғана зерттеу жүргізілген.
Білім беру сапасын арттыру үшін педагогика ғылымына, білім 
беру  саласындағы  зерттеулерге  деген  қарым-қатынасты  өзгерту 
қажет.
Іргелі  және  қолданбалы  зерттеулерден  басқа  бастамашы-         
лық  сипаттағы  жұмыстар  жүргізілуде.  Ондай  зерттеулерінің 
нәтижелері  кандидаттық  және  докторлық  диссертациялар,  ал 
2011 жылдан бастап – магистрлік және PhD докторлық диссерта-
циялар ретінде беріледі. 
1985–2009  жылдары  педагогика  саласы  бойынша  231  док-
торлық және 1659 кандидаттық диссертация қорғалды. Олардың 
зерттеу  объектілері,  негізінен,  өскелең  ұрпақты  оқыту  және 
тәрбиелеу  мазмұны  мен  әдістерін  жетілдірудің  түрлі  проб-
лемалары  болды.  Мектеп  дидактикасы  және  кәсіби  педагоги-
ка  негіздері  қаланды.  Педагогикалық  білімнің  педагогикалық 
мәдениеттану,  салыстырмалы  педагогика,  әлеуметтік  педагоги-
ка,  педагогикалық  синергетика,  педагогикалық  жаңартпашылық, 
түзетуші  педагогика,  педагогикалық  валеология  т.б.  тәрізді  жаңа 
салалары  қалыптаса  бастады.  Осы  зерттеулер  негізінде  жақсы 
нәтижелерге  қол  жетті  және  олар  педагогикалық  практикаға 
енгізілді,  сондай-ақ  білім  беру  сапасын  арттыру  үшін  шешілуі 
қажетті проблемалар анақталды.
2011  жылдан  бастап  педагогика  саласы  бойынша  магистрлік 
және  PhD  диссертацияларды  қорғау  жұмыстары  жүргізілуде.  
Алайда олардың сапасы жоғары болмай отыр.  
Орта  білім  беру  саласындағы  ғылыми  зерттеулер  тиімділігін 
арттыру үшін:
– білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы ҒЗЖ жүргізуге 
кететін қаржы қаражат көлемін ұлғайту;
–  білім  беру  сапасын  арттыруға  бағытталған  зерттеулер      
жүргізу;
– ҒЗЖ тиімділігі мен нәтижелілігін күшейту;
– педагогикалық ғылымдар саласындағы магистрлік және PhD 
диссертациялар сапасын арттыру қажет.
Осы  Бағдарламаны  табысты  жүзеге  асыру  үшін  қажетті              
ғылыми-зерттеу  және  эксперименттік  жұмыстар,  олардың 

51
нәтижелері  нақты  практикалық  қызметте  дер  кезінде  пайда-
ланылуы  үшін,  озыңқы  режимде  жүргізілуі  тиіс,  ғалымдар  мен 
практиктердің  үнемі  бірге,  синхронды,  бір-бірін  толықтыра  оты-
рып,  қажетті  жұмыстарды  жүзеге  асыру  мерзіміне  сәйкес  нақты 
проблемаларды шешуде күш-жігерлерін біріктіре отырып жұмыс 
істеулеріне қол жеткізу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет