Академиялық жазылым дегеніміз



бет25/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41

7 дәріс

Эссе қорытындысы


Эссе жазуда ең алдымен, өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса, қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет - тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.
Эссе қорытындысы бұл эссе құрылымының қажетті бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені, қорытындыда эссенің негізгі идеялары мен түйінді ойлары беріледі. Сонымен қатар, қорытынды эссенің соңғы параграфы болып табылады. Мұнда эсседе айтылған жайттар жөніндегі мəселелер автордың өз пікірімен жинақталып беріледі жəне мұнда жаңа ой айтылмауы тиіс. Ол тек қарастырылған тақырып жөніндегі автордың ойлары мен алдағы уақытта талданатын мəселелерін ғана қамтуы мүмкін.
Кейбір студенттер үшін қорытынды жазу біршама қиындық тудыруы мүмін. Себебі, қорытынды жазу барлық жұмыс аяқталғаннан кейін автордың қандайда бір тұжырымды нақтылап беруінің соңғы мүмкіндігі, сондықтан барынша жұмыстың негізгі түйінін бере білу қажет. Ал, оқырман қорытындыны оқи отырып, осы кезеңге дейін айтылған ойдың нақты бір тұжырымын есінде сақтайтын болады.
Қорытындының өзге бөлімдерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар жəне оның жазба жұмысында атқаратын негізгі қызметтері мынадай:

  • Негізгі ойды түйіндеу;

  • Эссені жазудағы негізгі идеяны беру;

  • Эссенің негізгі идеясы жөнінде соңғы пікірді білдіру;

  • Оқырманның есінде қалуы тиіс ойды ерекше көрсету.

Студенттер жазылым үдерісі барысында қорытынды бөлімді тиімді жазып шығу үшін мынадай қарапайым кеңестерді ескергені жөн:

  1. Аргументтер мен негізгі идеяны қысқаша қортындылап беру. Қорытынды бөлімде негізгі бөлімде берілген ойларды түйіндеу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолданған жөн.

  2. Автордың қорытынды пікірін білдіруі. Бұл қорытынды бөлімнің негізгі шарттарының бірі.

  3. Эсседегі өзіндік пікірді анық етіп жазу. Себебі, эссені жазудағы мақсат жазылып отырған тақырып жөнінде автордың өз ойын білдіру болып табылады.

Эссе академиялық жазба жұмыстарының басқаларынан өзінің көркемдік сипатымен ерекшеленетіндіктен, «Мен мынадай шешімге келдім», «Жоғарыда айтылғаннан келесі тұжырым жасауға болады» деген сияқты шаблондарды қолданбаған дұрыс.
Қорытынды бөлімде сіз әйгілі адамның сөзін, мақал-мәтел немесе фразеологизмді есіңізге түсіруіңізге болады, ең бастысы, шектен шықпай, орынды қолдансаңыз болғаны. Мысалы, экономика туралы эссе жазып отырып, М.Әуезовтің сөзін келтіру - логикаға қайшы. Тағы айта кететін жайт мынадай: қорытынды бөлімнің стилі бүкіл жұмыстың жазылу стиліне сәйкес болуы тиіс. Мысалы, эссе құрғақ ғылыми стильде жазылған болса, қорытынды бөлімде көркемдік бейнелеуіш құралдарды қолданбаған жөн. Керісінше, жұмыс публицистикалық түрде жазылса, қорытынды қатаң стильде болмағаны дұрыс. «бұл мәселені терең білмесем де», «басқаның пікіріне қосыламын», «келіскім/келіспегім келеді» деген сияқты екіұшты фразаларды қолданбағаныңыз дұрыс.

  1. Қорытынды көлемін шағын етіп жазу. Негізнен қорытынды жазылған жұмыстың 10 пайызынан аспауы мүмкін.

Қорытынды жазу барысында эссенің негізгі бөлімінде берілген көлемді ақпаратты қайталамау қажет. Бұл эссе көлемін арттырумен қатар оқырманды жалықтыруы мүмкін. Сонымен қатар, негізгі бөлімде талқыланбаған жаңа ойды жазбау керек. Қорытынды бөлімде жаңа ой талқыланбайды, тек айтылған ой қорытындыланады.
Қорытындыны жазу барысында мынадай сөздер мен сөз тірке стерін қолдануға болады: «толықтай алғанда, қорытындысында, қорытындылай келе, барлық жағдайларды ескере отыра, соңында, аталған жайттарды есекере отырып...» жəне т.б.
Ал, автор ретінде өз көзқарастарын білдіру үшін мынадай сөздер мен сөз тіркестерін қолдануы мүмкін: «зерттеу нəтижесі көрсеткендей бұл тақырып өте даулы, зерттеу нəтижесі бойынша, қалыптасқан пікір бойынша, зерттеу нəтижесі мұны ..., нəтиже мұның
..., қарасытырлыған мəселені саралай келе... көрінеді» жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет