Академиялық жазылымның ерекшелігі: 1) Ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы;
2) Жүйелілік;
3) Тақырыптың тұтастығы;
4) Арнайы етістік шақтарын қолдану;
5) Ғылыми стиль талаптарын сақтау.
Академиялық жазылымның негізгі талаптары:
Зерттеу тақырыбы.
Плагитат ережесін сақтау.
Ғылыми мәліметтерді қолдану
Кіріспе, негізгі бөлім және бөлімдердің болуы.
Түйіндеменің (abstract) болуы.
Академиялық мәтін тілі, ондағы тілдік бірліктерді қолданудың жолдарының сақталуы.
Академиялық мәтінге қажетті элементтердің (титул парағы, мазмұны, мазмұндық бөлігі, әдебиет тізімі)болуы.
Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мынаны меңгереді:
Зерттеу жүргізу негіздерін (өз бетінше ғылыми еңбектерді оқу, талдау);
Конспекті жасау ережелерін (тұтас мәтінді көшіру орынына қажетті ақпаратты жазып алу);
Өзін-өзі басқару (мақалаларды оқу мен жазу үшін өз уақытын тиімді пайдалану мен жоспарлау;
Жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу;
Соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету.
Кез келген оқырман қалауына қарай түрлі жанрдағы мəтіндерді оқиды. Ал, мəтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық жəне академиялық емес деп екіге бөлуге болады. Бірінші түріне рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар жəне т.б. жатқызуға болады. Осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына жəне зерттеу əдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі əр түрлі болады.
Жоғары оқу орындарында оқытылатын əрбір пəннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу əдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мəселен, физика немесе химия саласы бойынша жазылатын ғылыми мəтіндер тақырыптарына байланысты термин сөздер мен күрделі формулаларды қолдану арқылы түрлі тəжірибелік сынақтарды түсіндіру немесе талдау бағытында жазылады, ал əлеуметтік сала бағытында жазылатын жұмыстар түрлі əлеуметтік саяси құбылыстарды түсіндіру бағытында жүргізіледі. Мұндай мəтіндер көбінесе осы саланың арнайы мамандарына ғана түсінікті болуы мүмкін. Дегенмен, ғылыми бағытта жазылатын жұмыстың барлығының бір ғана мақсаты бар. Ол зерттеу жұмысымен жəне оның нəтижесімен басқа адамдарды таныстыру, сол себепті академиялық мəтін түсінікті тілде, жүйелі құрылымда жазылуы қажет. Мəселен, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, оның негігізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру. Сондықтан, академиялық мəтін ғылыми мəтінің негізгі талаптарын сақтай отырып, оқырманға түсінікті тілді таңдайды.
Академиялық мəтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мəлімет беруге бағытталады. Сол себепті, академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат түсінікті жəне мағыналы болуы үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн.
Академиялық жазылым жəне ғылыми стиль Академиялық жазылым – арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пəндері бойын- ша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған əдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы жəне оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұ- мысы студенттерді өз бетінше зерттеу жұмысын жүргізуге, жоба- лық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Осы орайда қарым-қатынасқа түсуші өз мақсаты мен міндетіне қарай байланыс құралының стилін таңдайды. Тіл білімінде стильдің бес түрі (ауызекі, публицистикалық, əдеби, ғылыми, ресми іс-қағаздар) бар. Осы стильдердің ішіндегі академиялық жазылымға тəн стиль - ғылыми стиль болып табылады. Түрлі слаларға байланысты жазылған ғылыми еңбектердің барлығы ғылыми тілмен жазылады. Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптың бірі логикалық жүйелі ой түрінде жазылуы тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі.
Академиялық бағыттағы жазба жұмысының тілі көпшілікке, мəселен белігілі бір ғылыми сала жөнінде терең білмейтін қарапайым оқырманға түсінікті болуы тиіс. Яғни, студенттің эссесі экономикалық бағытта жазылғанымен, оны арнайы экономикалық мамандығы жоқ оқырман еркін түсіне алуы тиіс. Сонымен, академиялық жазылым ғылыми көпшілік стилінде жазылады. Ал, таза ғылыми стиль немесе ғылыми-оқулық стилі нақты бір ғылым саласына бағытталып, тек қана осы саланың маманына ғана түсінікті тілде жазылуы мүмкін.
таза ғылыми стиль; ғылыми-оқулық стилі; ғылыми көпшілік стиль. Ғылыми стильдің жүйесі, ондағы сөйлем құрылымы, баяндама сипаты əдетте, күрделі болып беріледі. Мұндағы негізгі ерекшелік анықтама, дəлелдеме жəне формулаларға негізделуінде.
Академиялық жазылымның мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым əрекетіне дағдаландыру, демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын жəне тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбек- терді жазуға үйретеді. Сонымен ғалыми стиль, біріншіден, жазба стилінің бір түрі, екіншіден, логикалық оймен жазылуы тиіс, үшіншіден терминдер қолданылады. Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Оның өзге стильдерден ерекешелейтін қасиеттері: нақтылық; объективтілік; қисындылық. Ғылыми бағытта жазылған жұмыста зат немесе құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дəлелденуі талап етіледі. Ғылыми стиль бағытанда жұмыс жазу басқа стилдерге қарағанда қалыпта- сқан құрылымды талап етеді. Шартты түрде академиялық бағытта ғылыми тұрғыда жазылған жұмыстардың құрылым үлгісі мандай болып келеді:
Титул бет
Мазмұн бет
Кестелер тізімі (міндетті емес)
Aлғыс (міндетті емес)
Түйіндеме
Кіріспе
Əдебиеттерге шолу
Зерттеу əдісі
Нəтижелер/талдау
Қорытынды
Ұсыныстар(міндетті емес)
Алдағы зерттеулер
Қолданылған əдебеиттер
Қосымшалар