Дипломдық жоба жұмысының кіріспе бөлімін жазу Кіріспе бөлім мәтіннің негізгі жоспары болып табылады. Кіріспе оқырманға беретін біраз мәліметтерді қамтиды. Кіріспе бөлімде мәтінннің тақырыбы және оның неліктен маңызды тақырып екендігі жазылады. Көптеген академиялық пәндерде негізгі дәйек етеп алынанатын тұжырымдардың негіздемесін беруді талап етеді. Дәйек етеп алынып отырған тұжырымдардың параграфтарда берілуі мен ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерге қысқаша тоқталады. Демек, кіріспені оқып отырған адамдар негізгі бөлімді оқу барысында жаңа тұжырым немесе ретсіз берілген ақпаратты кездестірмеуі қажет.
Кіріспеде мынадай мәліметтер қамтылуы керек:
Жобаның нақты бөлімдері бойынша әрбір топ мүшесінің жауапкершілік салаларын көрсете отырып, жоба командасының сипаттамасы.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері.
Жобаның даму перспективалары қамтылады.
Кіріспеде оқырманның қызығушылығын тудыру үшін қызықты мәліметтерді де ұсынып отыру керек. Кіріспені жазу барысында тақырып жайында білетін жайттың бәрін жазу дұрыс емес, тек қажетті деген мәліметтерді қысқаша беру керек.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігін айқындау маңызды. Тақырыптың өзектілігі дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда, тақырыпқа және онда қарастырылатын мәселелерге қазіргі уақыт тұрғысынан баға беру. Зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетуде мынадай сұрақтарға жауап жазу дұрыс: яғни қандай мәселе қарастырылып отыр, бұл тақырып бұрын қаншалықты зерттелді, осы мәселе бойынша қорытынды, бірізді шешім бар ма деген сұрақтарды аша келіп, өзіңіздің зерттеуіңіздің артықшылық тұстарын нақтылап көрсеткен дұрыс. «Дипломдық жоба жұмысының тақырыбы өзекті, өйткені...», «Дипломдық жоба жұмысы тақырыбы өзектілігі, біріншіден, .... байқалады, ... байланысты ... анықталады» деген тәрізді сөйлемдермен дәйектеген дұрыс.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты тақырып және онда қарастырылатын мәселелер негізінде анықталады. Сондықтан жұмыстың мақсатын жазғанда «зерттеу», «шешу», «талдау» т.б. етістіктерді қолданңан тиімді. Бір ауқымды мақсат қойып, оны кішірек бөліктерге бөлу арқылы міндеттер қойылады. Жұмыстың мақсаты жеке бір сөйлем ретінде жазылады, ал мақсаттан туындайтын жұмыстың міндеттері нөмірленіп немесе басқа да шартты белгілермен бөлектеніп, мақсаттан кейін жазылады.
Жобаның күтілетін нәтижелері (өнім). Бұл критерий автор ұсынған жаңалықтарды, оның бұрын ұсынылған шешімдерге, белгілер мен шешімдерге нақты қандай жаңалық әкелгенін, сондай-ақ қандай нәтижелерге (тиімділік пен негізділік, оңтайлылық пен жеткіліктілік, алынған өнімге сипаттама т.б.) қол жеткізгенін атап көрсетеді.
Кіріспенің соңында жұмыстың құрылымы жөнінде қысқаша сипаттама беріледі. Кіріспені көлемді түрде жазуға болмайды, дипломдық жоба жұмысының кіріспе бөлімі 2-3 бет көлемінде болуы қажет.
Кіріспені жазудың қарапайым жолдары мынадай:
-Оқырманды жұмыстың құнды екендігіне сендіру;
- Кіріспені жалпы ақпараттан бастау, бірақ тым кең мағұлмат бермеу;
- Кіріспені басқа бөлімдер жазылғаннан кейін соңында жазу, өйткені, жоба жұмысын жазу барысында белгілі бір мәселелерге қатысты міндеттер, қорытынды өзгеруі мүмкін;
- Алғашқы сөйлемге ерекше мән беру.