Тақырып 9./ Тема 9. Аннотациялау. Рецензиялау. Тезис жазу.
Аннотация (аңдатпа)-кез-келген бастапқы көздің қысқаша мазмұны (мақала, диссертация, реферат және т.б.), оның мәнін қысқа жеткізу. Ол тақырып бойынша қарастырылған мәселелерді атап өтеді, жұмыс құрылымын сипаттайды. Аннотация қарапайым сөйлемдерден тұрады.
Сын – пікір(Рецензия) - қандай да бір бастапқы мәтінге (мақала, кітап, фильм, спектакль)сыни талдау жүргізіледі және жұмысқа сыни баға беріледі.
«Рецензия» сөзі латын тілінен шыққан, қазақша «хабарлама», «баға», «пікір» деген мағынаны білдіреді. Рецензияға қатаң бекітілген зерттеу тақырыбы (ғылым, публицистика, көркемөнер шығармалары) және оны талдаудың (туындының идеясы, өзектілігі және жеткізу тәсілдері) бағыты тән.
Тезистер-бұл қысқаша тұжырымдалған негізгі ережелер, ғылыми жұмыстың, мақаланың , баяндаманың негізгі ойлары. Тар мағынада тезистер-бұл ғылыми мақаланың қысқартылған нұсқасы, ол көлемді жұмыстың мәнін қысқаша жеткізеді.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].
Тақырып 10./Тема 10. Библиографиялық сипаттама. Қазақстандық және халықаралық библиографиялық стандарттар. Ғылыми кітапханалар мен мәліметтердің электронды базалары.
Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше: bіblіon – кітап және көне грекше: drapho – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Баспа өнімдерінің стандарттары дегеніміз - біздің күнделікті пайдаланып жүрген баспа өнімдері - кітап , газет, журнал сол сияқты басқа да ақпараттық басылымдардың шығарылым мағлұматтарын бір ізге түсіріп, реттейтін нормативті-техникалық құжат. Бүгінгі таңда ақпарат құралдары мен кітап басылымының түрлерінің көптігі соншалық, егер оны реттейтін осындай құжат болмаса, ол басылымдармен жұмыс атқаратын мекемелер мен оқырманның бірін-бірі «түсінуі» мүмкін емес.
«Библиографиялық сипаттама құжатқа библиографиялық мәлімет береді; белгілі бір ережелерге сәйкес жалпы құжаттарға мінездеме беріп, әр саланы белгілі бір тәртіппен толықтырып отырады». Библиографиялық сипаттаманы құрастырудың негізгі мақсаты – құжатқа мінездеме беру, мәліметтерді келтіру үшін іздестіру жұмыстарын жүргізу. Библиографиялық сипаттаманы құрастыру үшін басылған кітаптар мен мақалалар, басылмаған(диссертация, есеп, Ғ.З.Ж және К.Ж) басылған, электронды, аудиовизуалды таспадағы құжаттар қолданылады.
Библиографиялық сипаттама бірнеше элементтерден тұрады :
1. Автордың аты-жөні.
2. Кітаптың (жинақтың) атауы.
3. Жанрын нақтылайтын тақырыпша мәліметтер (кейін
қос нүктеден кейін), редактордың тегі (қиғаш сызықтан кейін).
4. Араб сандарымен томдардың, бөлімдердің саны, кітаптың неше рет шыққаны және сипаттамасы (өзгертілген, толықтырылған).
5. Басылып шыққан жері (қала), баспаның немесе мекеменің (тырнақшасыз ) аты, шыққан жылы
6. Томның немесе бөлімнің номері
7.Бет саны туралы мәлімет, басылым бетінің көлемі
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс студенттің библиографиялық анықтаманы дұрыс оқу дағдыларын қалыптастырады.Карточкада автордың, еңбектің аты, шыққан жылы, орны, бет саны, ISBN(халықаралық стандартты кітап нөмірі) туралы барлық ақпарат беріледі. Карточканың жоғарғы сол жақ бұрышында (сан мен әріптерден тұратын) код болады. Код кітаптың кітапханада сақталған орнын білдіреді. Дәл осы кодты кітапханашы бұл кітапты кітапхана қорынан тауып алу үшін студент міндетті түрде жазып алу керек.
Мысалы, бір авторы ғана бар кітаптың библиографиялық сипаттамасы:
004 Будилов В. А. Б90 Интернет – программирование на Java / В. А. Будилов. – СПб.: БХВ-Петербург, 2009. – 704 с. ISBN 5-94157-272-7
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].
Достарыңызбен бөлісу: |