Академиялық жазу және ғылыми зерттеулер негіздері 2022-2023 оқу жылы Студенттерге арналған пән силлабусы



бет3/21
Дата17.09.2022
өлшемі350,73 Kb.
#39352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
акад жазу силлабус 2022-2023

Пререквизиттер / Пререквизиты



Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары) / Название дисциплины, разделы (темы)

1

Курсты меңгеру үшін студент қазақ тілінде жалпы білім беретін мектеп деңгейіндегі оқылымның, жазылымның, тыңдалым мен айтылымның дағдылары қалыптасқан қазақ тілін білуі қажет.

Постреквизиттер тізімі



Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары) / Название дисциплины, разделы (темы)

1

Пәнді оқып біткеннен кейін студент аңдатпа, абстракт, түйіндеме, пікір, ғылыми мақала жаза алады; ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсе алады; өзі жазған ғылыми зерттеуінің нәтижелерін ауызша және жазбаша сауатты түрде таныстыра алады.

2

Диплом алдындағы іс-тәжірибе

3

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру



5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар / Календарно-тематический план



Пән тақырыптарының атауы / Наименование тем дисциплины

Апта недели

Сабақ түрі бойынша аудиториялық сағат саны / Количество аудиторных часов по видам занятий

Сабақ түрі бой ынша аудитория лық емес сағат саны / Количество внеаудиторных часов по видам занятий

Барлығы (с.) / Всего (ч.)

Дәріс (с.) / Лекция (ч.)

Пр/сем./
зертх-қ./
студ (с.) / Пр/сем./лаб./студ (ч.)

БОӨЖ (с) / СРОП (ч)

БӨЖ (с) / СРО (ч)

1

Академиялық жазу туралы түсінік. Академиялық жазу мен академиялық емес жазу арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер.

1

2

2

2

5

11

2

Ғылыми стиль.
Академиялық мәтіннің тілі.

2

2

1

1

5

9

3

Ғылыми мәтіннің негізгі жанрлары.

3

2

1

1

5

9

4

Академиялық эссе.

4

2

1

1

5

9

5

Академиялық мәтіннің құрылымы

5

2

1

1

5

9

6

Жазбаша жұмыс жазу.
Кіріспе мазмұны мен құрылымы

6

2

1

1

5

9

7

Ғылыми мақала.Сілтемелер Плагиат.

7

2

2

2

5

11

8

Ғылыми мақаланың құрылымы және ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар

8

2

1

2

5

10

9

Аннотациялау. Рецензиялау. Тезис жазу. 



9

2

2

2

5

11

10

Библиографиялық
сипаттама
Қазақстандық және халықаралық библиографиялық стандарттар. Ғылыми кітапханалар мен мәліметтердің электронды базалары.

10

2

1



2

5

10

11

Академиялық сауаттылық

11

2

1

2

5

10

12

Ғылыми реферат

12

2

1

2

5

10

13



Ғылыми баяндама. Баяндама тезистері.

13

2

1

2

5

10

14

Студенттің ғылыми жұмысының негізгі түрлері: курстық / дипломдық жұмыс

14

2

1

2

5

10

15


Ғылыми хабарламалар мен рецензиялар. Көпшілік алдында сөйлеудің ерекшеліктері.

15

2

2

2

5

11




Барлығы / Всего




30

20

25

75

150

6. Дәріс сабақтарының мазмұны / Содержание лекционных занятий


Тақырып 1./ Тема 1. Академиялық жазу туралы түсінік. Академиялық жазу мен академиялық емес жазу арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер.


Академиялық жазу - бұл ғылыми аудиторияға арналған формальды және бейтарап жазу әдісі. Ол көп жағдайда зерттеулерге, нақты дәлелдерге, білімді зерттеушілер мен ғалымдардың пікірлеріне тәуелді. Ғылыми эсселер, зерттеу жұмыстары, диссертациялар және т.б. академиялық жазудың бірнеше мысалдары болып табылады.
Академиялық емес жазу - бұл академиялық аудиторияға арналмаған жазу. Олар қарапайым аудиторияға немесе қалың бұқараға арналған. Жазудың бұл түрі жеке, импрессионистік, эмоционалды немесе субъективті болуы мүмкін.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].
Тақырып 2./ Тема 2. Ғылыми стиль. Академиялық мәтіннің тілі. Стильдік және тілдік қателердің түрлері.
Стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады.
Ғылыми стиль – жазба стильдің бір түрі. Ғылыми стильге белгілі бір ғылым саласына арналған ғылыми мақала, ғылыми очерк, жазба, оқу құралы, оқулықтар, ғылыми баяндама, диссертациялар мен оның авторефераты, монография және т.б. ғылыми еңбектер жатады. Ғылыми стиль жанрларындағы еңбектерде сөздер негізгі, тура мағынасында жұмсалады, мазмұны, ғылыми объекті мен тақырып белгілі бір ғылым саласына тиесілі терминдер арқылы баяндалып түсіндіріледі. Ғылыми еңбектердегі ой-түйіндер анықтама, дәлелдеме, формулаларға негізделеді. Ғылыми стильде экспрессивтік, эмоционалдылық және образдылық болмайды.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].
Тақырып 3./ Тема 3. Ғылыми мәтіннің негізгі жанрлары.
Жанр (фр. genre-тегі, түрі) — шығарманың тарихи қалыптасқан, тұрақты түрі; мысалы, музыкада — симфония, кантата, ән; кескіндемеде —портрет, пейзаж, тұрмыстық сюжеттер; ғылым мен білім беруде-дәріс, мақала, монография, оқулық, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, диссертация, реферат және т.б.
Академиялық мәтіндер бастапқы және қайталама жанрлары деп екіге бөлінеді.
Бастапқы жанрларға: мақала, монография, монографияның тарауы, диссертация , оқулық немесе оқу құралы, баяндама, дәріс, ал қайталама жанрларға олардың көлемін қысқарту жолымен бастапқы негізде жасалған мәтіндер жатады: ғылыми жобаның сипаттамасы, автореферат(диссертацияның қысқаша мазмұны), тезистер (мақала немесе сөз сөйлеу материалдарының қысқаша сипаттамасы), конспект (бір немесе бірнеше бастапқы мәтіндердің негізгі ұстанымдары), ғылыми пікірталас, энциклопедиялық мақала, аннотация.
Дипломдық жұмыс (жоба) – арнаулы оқу орнын бітіргені туралы куәлік алу үшін орындалатын зерттеу.
Мақала - жинақта немесе журналда шағын ғылыми шығарма. Ғылыми мақалада автор өз зерттеулерінің нәтижелерін келтіреді.
Оқулық - қандай да бір мамандықты, пәнді оқытуға арналған кітап.
Конспект - оқылатын немесе естілетін мәтін мазмұнының қысқаша жазбасы.
Реферат-референттің сын-ескертпелерінсіз бастапқы мәтін (кітап, мақала) мазмұнының қысқаша мазмұны.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].
Тақырып 4./ Тема 4. Академиялық эссе.
Қазіргі уақытта академиялық эссе педагогикалық қоғамның зейінін өзіне аударуда. Жазбаша жұмыстың аталған түрі «объективті өлшеуге» жататындығынан аралық және қорытынды есеп ретінде қабылданады.
Академиялық жазу саласында үлкен практикалық жазу тәжірибесі бар оқытушылар оның көрініп тұрған жетістіктерін еске салады. Ғылыми эссемен жұмыс:

  1. білім алушыны «оқылатын пәнге байланысты мәтіндерді жүйелі жазуға» итермелейді;

  2. оны ақыл ой пәніне үйретеді, одан «пәнге жай және ойланып енуді және жазбаша мазмұндауда өзінің ойын реттеуді» талап етеді, материалды бекітуге ықпал етеді;

  3. берілген пән саласында тілді игеруге және «академиялық сауаттылық» дағдыларын өндіруге көмектеседі, «көзқарастың маңыздылығын», ұқсастылығын, байқампаздықты жаттықтырады; «кәсіби әңгімеге» нақты қатысу дағдыларын, «басқа пікірге төзімділікті», жеке дара жауапкершілікті қалыптастырады;

  4. пәнаралық байланысты, зерттеушілік құзыреттілікті дамытады, жеке дара стиль қалыптастырады;

  5. студент субъективті білімді объективті білім көздерімен үйлестіруді үйренеді;

  6. оның зияткерлік дамуын бақылауға мүмкіндік береді.

Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет