Библиографиялық тізім - мәтіннің маңызды бөлігі, осы тізім бойынша зерттеуге баға беру басталады. Қарастырылып отырған мәселе бойынша сізге дейінгі зерттеулер міндетті турде көрсетілуі тиіс.
Кейбір зерттеушілер библиографиялық тізімге осы тақырып бойынша оқыған әдебиетінің барлығын кіргізуге тырысады. Бұл, бір жағынан жақсы, екінші жағынан жаман. Жақсысы - сіздің осы тақырып бойынша зерттеулермен таныс екеніңізді көрсетеді, жаманы - сіз көрсеткен дереккөздің барлығы нақты осы мәселеге тікелей қатысы болмауы мүмкін. Сол себептен библиографиялық тізімге зерттеу кезінде нақты қолданылған әдеби, ғылыми, статистикалық және басқа да дереккөздер енгізілгені дұрыс. Қажет деп санасаңыз, жұмысыңызда нақты қолданылмаған, дәйексөз келтірілмеген, бірақ сіздің қандай да бір идеялық ұстанымдарыңызды көрсететін дереккөздерді беруіңізге болады.
Әдебиет тізімін ресімдеу
Әдебиет тізімі кез келген ғылыми жұмыстың негізгі бөлігі болып табылады. Бұл тізімге жұмыста сілтеме жасалған, тақырыпқа қатысы бар әдебиеттер, мұрағат материалдары, көрген туындылар кіреді. Тізімдегі әдебиеттердің берілу нұсқалары:
әліпбилік;
құжаттардың типтері бойынша;
жүйелік;
пайдалану реті бойынша (тараулар мен бөлімдер бойынша);
хронологиялық және т.б.
Әдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты ұстану керек. Әдебиегтер дереккөзі МемСТ 7.1-2003-ке сәйкес ресімделеді. Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастырып, нүкте қойылмаған араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек. Пайдаланылған дереккөздерге жасалған сілтеме төртбұрышты (квадрат) жақшаның ішінде көрсетіледі.