Академиялық жазу

Мәтін ішінде ескертпенің рәсімделуіне мысал келтіріңіз

бет38/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Академиялы жазу

25. Мәтін ішінде ескертпенің рәсімделуіне мысал келтіріңіз.

«Ескерту» деген сөзді бас әріппен, әріптердің арасын ашық, сирек қылып теріп, астын сызбау керек.

Мәтіннің, кестенің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктемелер немесе анықтамалық деректер қажет болса, ескертулерді енгізеді.

Ескертулерді мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе осы ескертулерге қатысы бар кестеге орналастыру керек. Егер ескерту біреу болса, «Ескерту» деген сөзден кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен теріледі. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулерді 
ретпен араб цифрларымен, нүкте қоймай нөмірлейді. Кестеге ескертуді кестенің соңында, кестенің аяқталуын белгілейтін сызықтың үстінен орналастырады.

26. Мәтінді екі бөлікке бөліп, редакциялаңыз:
Электрстатикалық машинаны бөтелкелерден, гальвани батареясын – мырыш пен мыс шақалардан құрастырып, осылайша тұздар мен қышқылдардың электролизімен таныс болған оны осы тәжірибелердің қызықтырғаны соншалық, ең ақырында нағыз гальвани элементін жасай алған.

Электрстатикалық машинаны бөтелкелерден,гальвани батареясын-мырыш пен мыс шақалардан құрастырып,осылайша,тұздар мен қышқылдардың электролизімен таныс болған.

Осы тәжірибелердің оны қызықтырғаны соншалық,ең ақырында нағыз гальвани элементін жасай алған

27. Мәтінді үш бөлікке бөліп, редакциялаңыз:
Білімдер мен зерттеу әдістерінің саралануына байланысты жалпылама ғылымнан жекелеген ғылыми салалар ажыратылып бөліне бастаған, соның бірі физика ғылымы болды: физиканы өзге табиғаттану ғылымдарынан ажыратып бөлетін шекара – шартты бөлініс болып табылады және уақыт өткен сайын соны идеялар мен теориялар туындап, неше алуан жаңалықтармен толысып дамытылатын ғылымдардың ең өзектілерінің бірі.

Білімдер мен зерттеу әдістерінің саралануына байланысты жалпылама ғылымнан жекелеген ғылыми салалар ажыратылып бөліне бастаған.

Соның бірі физика ғылымы болды.

Физиканы өзге табиғаттану ғылымдарынан ажыратып бөлетін шекара – шартты бөлініс болып табылады және уақыт өткен сайын соны идеялар мен теориялар туындап, неше алуан жаңалықтармен толысып дамытылатын ғылымдардың ең өзектілерінің бірі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет