Академиялық жазу



бет31/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Академиялы жазу

Конспект: Аморфты күй – қатты заттардың изотроптық қасиеттермен сипатталатын қатты күйі. Температура жоғарылаған кезде аморфты зат біртіндеп жұмсарып сұйық күйге ауысады. Аморфты күйдегі қатты дененің тұтқырлық коэффициенті жоғары, өте салқындатылған сұйық ретінде қарастыруға болады. Кейде «аморфтық күй» ұғымын сұйыққа да жалпылауға болады. Аморфты күй қорытпаны (балқыманы) тез салқындатқанда пайда болады.Мысалы, кристалл кварцты балқытып, соңынан балқыма тез салқындатылғанда аморфты кварцты әйнек пайда болады. Табиғатта аморфты күйдегі заттар кристалдық күйдегі заттардан аз кездеседі.



11. «Қазақстан ғылымының бүгіні мен болашағы» тақырыбына өз ой толғанымыңызды жазыңыз. Көлемі – 15-20 сөйлем.


Қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосуда. Елімізде білім беруді және ғылымды дамыту үшін түрлі шаралар кешенді іске асырылуда.

Рас, отандық ғылымның қазіргі деңгейі өркениетті елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Себеп – қаржыландыру жүйесі мен ғылымды басқару мәселелері болып табылады. Маңыздысы – ғылымның елге, өнеркәсіптің дамуына қосатын үлесі, әкелер пайдасы. Бұл ретте біз әлемде 61-орындамыз. Бұл көрсеткіш дамыған елдер деңгейінен 24 есе төмен дегенді білдіреді.Осының алдын алу мақсатында еліміз жаңа бағдарламалар қабылдауда.


Аталған бағдарламада отандық ғылымды дамытудың төмендегідей басты бағыттары мен міндеттері анықталып, соған сай жұмыс жүргізу көзделуде:


Біріншіден, білім және ғылым жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту. Бұл тұста ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту басты мәселенің бірінен саналады. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында конкурстар өткізу (конкурстық гранттар негізінде), PhD мен тағылымдамаларға арналған гранттар санын көбейту, жас ғалымдарға арнайы ғылыми гранттар бөлу, қазақстандық жобаларды іске асыруды шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асыру отандық ғылым дәрежесінің көтерілуіне үлес қоса алады.


Екіншіден, жастарды ғылымға тарту мақсатында жас ғалымдар қауымдастығын құру, ғылымға деген қызығушылықты арттырып, ғылым дәрежесін өсіру және жас ғалымдардың санын арттыру үшін өңірлік ғылыми форумдар өткізіп, ғылыми-танымдық журналдарды қолданысқа енгізу және ғалым кәсібінің беделін барынша насихаттауды жүзеге асыру да мәселенің оңтайлы шешу жолынан болмақ.

Бұл тұста бағдарлама үш бағытты көздейді: ғылыми әлеуетті дамыту, кадр резервін күшейту және көшбасшыларды дамыту бойынша стратегиялық HR-менеджментті енгізу жөніндегі жұмыстарды кешенді түрде жүргізу.


Қорытындылай келгенде, Ғұлама ғалым әл-Фараби «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» деген екен. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», – деген болатын. Мемлекет басшысы айтпақшы, біздің заманымыз – ғылым мен білімнің дамуына білек түріп белсене кірісетін кезең.


Ендігі кезекте бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша ғылым көрсеткіші жоғары болатындығына сенім мол!






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет