Академиялық жазу


«Академиялық мәтін» ұғымы..Ғылыми мәтін неден тұрады?



бет3/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Академиялы жазу

«Академиялық мәтін» ұғымы..Ғылыми мәтін неден тұрады?
Академиялық мәтін- бұл ең алдымен ғылыми стильде жазылған, мазмұны арнайы ғылыми терминдер мен тілдік құралдар арқылы берілетін жалпылама байланысқан мәтін.

Ғылыми мәтіндер белгілі бір заттың, фактінің, құбылыстың заңдылығын суреттейтін мәтіндерді айтамыз. Ғылыми мәтіндерге мақала, очерк, реферат,рецензия, аннотация,ғылыми хабар,т.б жатқызуға болады.

Ғылыми мәтіннің басқа мәтіндерден айырмашылығы:оның композициясы, ұйымдастырылуы, құрылымы ерекше бір үндесуге, бірізділікке бағытталады.

Академиялық мәтінді талдау принциптері:

Бірінші.Ғылыми мәтін беру көлеміне, формасына байланысты (үзінді, кітаптың тарауы, реферат, әссе, баяндама, монография және т. б.) тұтас келесі бөліктерден тұрады: кірісепе, негізгі бөлім, қорытынды.

Екінші. Академиялық мәтін негізгі терминдермен ұғымдар көрсетілген мазмұн-білімнен тұрады.

Үшінші. Автордың идеясын бөліп көрсету керек, яғни оның зерттелетін ғылыми проблема туралы көзқарасын анықтау.

Төртінші: Мәтін бөліктерден тұратын болғандықтан, мазмұнды баяндаудың логикалық реттілігімен байланысты болу керек. Тарихи еңбекте міндетті түрде оқиғалардың хронологиялық тәртібі сақталуы керек, әсіресе оқулықтарды және оқу басылымдарын жазу кезінде.



Бесінші. Ғылыми мәтінде көрсетілген оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын түсінудің маңызы зор.

Алтыншы. Баяндаудың қорытынды немесе ғылыми ізденістерді қорытындылау түрінде аяқталуы.


Мәтіндегі кілт сөздер
Егер сіз мәтіндегі кілт сөздерді дұрыс тапсаңыз, онда бүкіл мәтінді қалпына келтіру қиын болмайды. Түйінді сөздер мәтіннің негізгі фрагменттері болып табылады, олар мазмұнды жүктемені толығымен толтырады және белгілі бір тәртіпте орналасады.Егер олар табылған және дұрыс орналастырылған болса, онда мәтіннің мағынасы айқын әрі түсінікті болады.


Академиялық мәтін жазған кезде қолданылатын сөз формалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет