Академиялық жазу


Академиялық мәтінде зерттеуді қорытындылау үшін әдетте кіріспе сөздер қолданылады - «біріншіден, екіншіден, үшінші» , «осылайша», «сонымен» және т.б қолданылады



бет5/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Академиялы жазу

Академиялық мәтінде зерттеуді қорытындылау үшін әдетте кіріспе сөздер қолданылады - «біріншіден, екіншіден, үшінші» , «осылайша», «сонымен» және т.б қолданылады.


Аннотация. Аннотацияны жазу
Аңдатпа (аннотация) (лат. аппоіаііо - ескерту, аңдату) - ғылыми мәтінді қысқаша ұсынудың бір түрі. Аңдатпа - кітаптың,топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.

Аңдатпа - мәтін мазмұнының құрылымын анықтайтын, мәтінді ғылыми мазмұндаудыңерекшежанры. Аңдатпа мақаладан баяндалу түрі бойынша жанрлық жағынан ерекшеленеді. Айталық, мақалада белгілі бір тезис қисынды пайымдалып, дәлелденіп баяндалады, ал аңдатпада мақалада баяндалған талдаулар мен дәлелдемелердің қорытындысы беріледі. Сондықтан аңдатпа мәтініндегі сөйлемдер жалпылама, ақпараттық сипатта болып, «не туралы айтылды» деген тақырыптықұғым тұрғысында емес, «не айтылды» деген сұраққа құрылуы керек. Аңдатпа үшінші жақта жазылады Аңдатпаның басты мақсаты - өте аз тілдік құралдармен зерттеудің мәні мен жаңашылдығы туралы хабарлама жасау арқылы оқырманның назарын аудару, оқырман қызығушылығын ояту. Осы екі мәселе нақты қамтылуы керек. Журнал бетінде жарияланатын барлық ғылыми мақалалардың авторлық аңдатпасы болуы тиіс. Әр басылымның аңдатпа көлемі мен құрылымына қатысты өз талаптары болады. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Хабаршысында» мақала аңдатпасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 7-8 жолдан аспайтын 800-1000 белгіден тұруы керек. Ац «Вестник Санкт-Петербургского университета» журналына жарияланатын мақалаға берілген авторлық аңдатпа орыс және ағылшын тілдерінде жазылып, аралық ашықтарымен қоса есептегенде 500-900 белгіден тұруы шарт

Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады. Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен, кітапқа берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады. Сонымен қатар ғылыми жобаға және диссертацияға жазылатын аңдатпалар да бар. Ғылыми жобаға арналған аңдатпа 1-3 бет көлемінде болса, диссертациялық жұмыстың аңдатпасы 3-7 бет көлемінде болады.

Кітапқа аңдатпа жазу барысында мындай элементтерді ескеріңіз:


  1. Библиографиялық деректер. Мұнда, кітаптың толық атын (кітап атауынан кейін нүкте қойыңыз), автордың аты-жөнін (аты-жөнінің алдында таяқша қойып, артынан нүкте қойыңыз), шығарылған қаласын (қаланың алдында сызықша қойып, қос нүкте қойыңыз), баспасын (баспа атауын тырнақшаға алып жазыңыз, соңынан үтір қойыңыз), жылы (жылдан соң нүкте қоясыз) мен бет санын (бет санының алдында сызықша қоясыз) жазасыз.


  2. Автор туралы мәліметтер. Мұнда қысқаша бір сөйлеммен кітап авторы кім екенін жазасыз.


  3. Туындының жанры немесе нысаны. Мұнда кітаптың қай жанрға жататынын көрсетесіз.


  4. Тақырыптың қысқаша мазмұны. Мұнда кітап не жайлы жазылған, нені қамтиды, негізгі мақсаты не сол туралы қысқаша сипаттама жазасыз.


  5. Кітаптың басылымға берілуі немесе қайта басылу себептері.


  6. Аудиторияны сипаттау. Аңдатпаның соңында кітап кімге арналғанын жазасыз. Онда оқырманның жасы, қызметі, қызығушылығы және т.б. ерекшеліктері жазылуы мүмкін.




Ғылыми мақалаға арналған аңдатпа жазу үшін мынадай ережелерді ұстаныңыз:


  1. Ғылыми мақаланың аңдатпасы 3 тілде жазылады. Егер жұмыс қазақ тілінде жазылса, онда оған міндетті түрде орыс және ағылшын тілінде аңдатпа жазасыз. Ал орыс тілінде жазылса, онда қазақша және ағылшынша аңдатпа бересіз. Ғылыми мақала беретін журналдың ережесін оқыңыз, егер қазақша мақалаға қазақша аңдатпа жазу міндетті болса, онда оны тақырыптан кейін, кілт сөздерге дейін қоясыз.


  2. Аңдатпа көлемі 100 сөзден тұрады. Ғылыми мақаланың көлем шағын болады. Мақалаңызды беретін журналдың талабына сай сөйлеммен (7-8 сөйлем) немесе сөзбен (100 сөз), не белгі (500 белгі) санымен берілуі мүмкін.Аңдатпа тақырыптан кейін орналасады. Оның орналасуы ғылыми журналдың ережесіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда аңдатпа тақырыптан кейін, мақала мәтініне дейін орналасады.


  3. Аңдатпаның құрамындағы баяндауыштар етістіктің келер шағында, ырықсыз етіс және пассив формада жазылады. Мысалы: талданады, болжау айтылады, кірістіріледі деп қорытындылайды, анықталады, бекітіледі, мысалдар беріледі, атап өтеді, нәтижелер баяндалады, атап көрсетіледі, қолданылады, зерттеледі, сыналады, жүйеленеді, қорытындыланады, талқыланады, бекітіледі, анықталады(бағыттар), суреттеледі, тәжірибе бекітіледі, бағаланады, көрсетіледі, ұсынылады, аталады, келтіріледі, сипатталады және т.б.


  4. Аңдатпа мазмұны тақырыптың қысқаша сипаттамасын қамтиды. Мұнда тақырыптың өзектілігі мен жаңалығын, зерттеу пәні мен нысанының сипаттамасын, оның мақсаты мен оған жетудегі автордың нәтижелерін қысқаша баяндайсыз.







Парафраза мен перифраза дегеніміз не? Айырмашылықтарды анықтаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет