*!Акантоз кезінде қандай біріншілік элементтің түзілу механизмі болады



бет16/50
Дата02.06.2023
өлшемі1,89 Mb.
#97884
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Байланысты:
Инфектология экзамен

Менингококкты менингококкцемия
#55
*!Жас жігіт, 16 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ауруы 7 сағат бұрын басталған: қалтырау, бас ауыруы, құсу пайда болған, дене қызуы 39 0С-қа дейін жоғарылаған. 4 сағаттан кейін көптеген геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде: дене қызуы 36,50С. Ентігу, цианоз, қозу байқалады. Пульсі жіп тәрізді. ҚҚ 60/40 мм с. б.
Менингококкты инфекцияның қандай асқынуы дамыған?Инфекция-токсикалық шок

#56
*!Әйел адам, 30 жаста. Шағымдары: субфебрильді қызба, әлсіздік, тамағының қышуы және ауыруы. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты, бөртпе жоқ. Мұрнынан аздаған серозды-іріңді бөлінділер байқалады. Аңқасында: шырышты қабаты гиперемияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасының фолликулдары үлкейген. Менингеальді симптомдар (шүйде бұлшық еттерінің кернеуі, Керниг симптомы) теріс. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Пульс – 88 рет/мин. ҚҚ – 120/70 мм с. б. Нәжісі қалыпты.


Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 18,7 х 109/л.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?ЖРВИ,риновирусты инфекция

#57
*!Әйел адам 38 жаста, Оңтүстік-Қазақстан обылысының Созақ ауданының тұрғыны. 4 күн бойы дене қызуы жоғарылаған, әлсіздік, бас ауыруы, дененің сынып ауыруы мазалаған. Бүгін мұрнынан қан кеткен. Объективті: дене қызуы 39,00С, беті мен мойыны қазарған. Склера қан тамырлары инъекцияланған. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабаты қызарған, жұмсақ таңдайында қан құйылулар байқалады. Денесі мен қолдарында геморрагиялық бөртпе бар. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ, бауыры +1,0 см-ге ұлғайған


Қандай дәрі сипатталған аурудың этиотропты емінде қолданылады?
Рибавирин
#58
*!Ер адам, 50 лет. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, сол жақ балтырының кернеп ауыруы, қызарып, ісінуі. 5 жыл бұрын бет аймағындағы тілмемен ауырған. Осы ауруын суықтанумен байланыстарады.
Объективті: жағдайы ауыр. Дене қызуы - 39,0°С. Status localis: сол жақ балтырының аймағында шеттері анық, төмпешікпен шектелген айқын гиперемия ошағы мен серозды сұйықтыққа толған көпіршіктер бар. Жергілікті гипертермия анықталады.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Қайталамалы тілме,эритематозды-буллезді формасы

#59
*!Ер адам, 40 жаста. Жедел ауырып бастаған. Анамнезде: жиі асқынып тұратын созылмалы тонзиллиті бар. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы, оң жақ санындағы кернеген ауыру сезімі мен күйдіру сезімі. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,50С. Терісінің түсі қалыпты. Status localis: оң санының аймағында нақты шекарасы мен перифериялық төмпешігі (валик) бар, «жалын тілдері» тәрізді айқын гиперемия ошағы мен жергілікті гипертермия анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс – 100 рет/мин.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Біріншілік тілме,эритематозды түрі

#60
*!Ер адам, 40 жаста, геолог. Жедел ауырып бастаған. Шағымдары: қалтырау, жоғары қызба, бас ауыруы, әлсіздік, шап аймағындағы ауыру сезімі. Объективті: жағдайы ауыр, улану симптомдары айқын. Төсектегі қалыпы – мәжбүрлі (шап аймағындағы айқын ауыру сезіміне байланысты). Терісі бозғылт. Status localis: сол жақ шап аймағында қатты ауыратын, қоршаған тіндермен жабысқан, өлшемдері 2,0 х 3,0 см, бубон анықталады. Бубонның үстіндегі терісі қызарған. Аяқтарында бүргенің шаққан орындары мен тырнақ іздері байқалады.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Оба,бубонды формасы

#61
*!Ер адам, 28 жаста, Арал ауданының тұрғыны. Түйенің етін өңдеген. Жедел ауырып бастаған. Шағымдары: айқын әлсіздік, айқын бас ауыруы, жоғары қызба, жүрек айнуы, құсу, жөтел, көпіршікті, қызыл түсті қақырық, ентігу, кеудесіндегі ауыру сезімі. Объективті: жағдайы ауыр, улану белгілері айқын. Әлсіз, адинамиялы. Тері жабындылары бозғылт, бөртпе жоқ. Тілі қалың, ақ түсті жабындымен жабылған, құрғақ. Өкпесіндегі тынысы әлсіреген, ұсақ-көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. ҚҚ 90/70 мм с. б., пульс – 120 рет/мин.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Ку-қызбасы

#62
*!Ер адам, 46 жаста, ауруханаға жатқызылды. Шағымдары: дене қызуының 38,5С-қа дейін жоғарылауы, тамағының ауыруы, жақ астындағы лимфа түйіннің ұлғаюы. Эпидемиологиялық анамнез: аңшы, Алакөл ауданында аңшылықта болып келген. Қарап тексергенде - жағдайы орташа ауырлықта. Ауыз-жұтқыншақта – оң жақ бадамша безі 2-ші дәрежеге дейін үлкейген, ісінген, қызарған, некрозды жабындымен жабылған. Жақ астындағы оң жақ лимфа түйіні 5,0х6,0 см-ге дейін ұлғайған, қозғалмалы, аздап ауырады, үстіндегі терісі қалыпты түстес.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Туляремия,ангинозды-бубонды формасы

#63
*!Қандай ауруға орташа ауыру сезімді лимфаденит, бірақ периадениттің, жергілікті гиперемия мен гипертермияның болмауы тән? Туляремия


#64
*!Ер адам, 51 жаста, Петропавл обылысының тұрғыны. Жедел ауырып бастаған: дене қызуы жоғарылаған, жалпы интоксикация мазалаған, оң жақ білегінде ауыратын жара пайда болған. Жараның пайда болған жерін кене шаққан. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Status localis: оң жақ білегінде іріңді-геморрагиялық бөлінділері бар жара, лимфа тамырының бойындағы қызару байқалады. Оң жақ қолтық астындағы лимфа түйіні ұлғайған, өлшемдері 4,0х5,0 см, консистенциясы тығыз.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Туляремия,ойық жаралы-бубонды формасы

#65
*!Ер адам, 36 жаста, ауруханаға жатқызылған. Шағымдары: дене қызуының 38,5С-қа дейін жоғарылауы, тамағының ауыруы, жақ астындағы лимфа түйіннің ұлғаюы. Эпидемиологиялық анамнез: аңшы, Алакөл ауданынан аңшылықтан келген. Қарап тексергенде - жағдайы орташа ауырлықта. Ауыз-жұтқыншақта – оң жақ бадамша безі 2-ші дәрежеге дейін үлкейген, ісінген, қызарған, некрозды жабындымен жабылған. Жақ астындағы оң жақ лимфа түйіні 5,0х6,0 см-ге дейін ұлғайған, қозғалмалы, аздап ауырады, үстіндегі терісі қалыпты түстес.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Туляремия,баспалы-бубонды формасы

#66
*!Ер адам, 37 жаста, ауруханаға ауруының 3-ші күні жатқызылған. Шағымдары: дене қызуының 38С-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, бас ауыруы, жалпы әлсіздік. Эпидемиологиялық анамнез: далада шөп шабады. Ауру басталуынан 4 күн бұрын сол қолын кене шаққан. Объективті: дене қызуы - 38,4С. Беті, конъюнктивалары гиперемияланған, склера қан тамырлары инъекцияланған. Сол жақ қолтық астындағы лимфа түйіні ұлғайған, өлшемдері 3,0х4,0 см, аздап ауыру сезімді, қозғалмалы. Бауыры 2 см-ге ұлғайған


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Туляремия,бубонды формасы

#67
*!Ер адам, 42 жаста, ауруханаға ауруының 4-ші күні жатқызылған. Шағымдары: дене қызуының 38С-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, бас ауыруы, бұлшық еттерінің ауыруы, жалпы әлсіздік, тамағының ауыруы. Эпидемиологиялық анамнез: бір апта бұрын аңшылықта болған, арықтан су ішкен. Объективті: дене қызуы - 38,2С. Мойын лимфа түйіндері ұлғайған, аздап ауырады, қоршаған тіндермен жабыспаған. Ауыз-жұтқыншақта – бадамша бездері 2-ші дәрежеге дейін гипертрофияланған, ісінген, қызарған, некрозды жабындымен жабылған.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Туляремия,баспалық-бубонды формасы

#68
*!Ер адам, 26 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: тері мен көз склераларының сарғаюы. Ауру бір апта бұрын басталған: жүрек айнуы, құсу пайда болып, тәбеті жоғалған. Кеше терісі мен көздерінің сарғаюын байқаған. Жалпы жағдай аздап жақсарған. Эпидемиологиялық анамнез: 4 жасар баласы баратын балабақшасында сарғаюмен өтетін ауру тіркелген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған. Бауыры 2,0 см-ге ұлғайған, консистенциясы тығыздау. Нәжісі ахолиялы. Зәрі қоңыр түсті.


Қанның биохимиялық анализі: АЛТ – 440 бірлік/л, АСТ – 264 бірлік/л, жалпы билирубин – 65,0 ммоль/л, тікелей билирубин – 48,0 ммоль/л.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Вирусты гепатит А

#69
*!Әйел адам, 23 жаста, Өзбекстан тұрғыны, жұқпалы аурулар ауруханасына келген кездегі шағымдары: әлсіздік, сарғаю, терінің қышуы. Бір апта бойы ауырады: әлсіздік, жүрек айнуы, тәбеттің жоғалуы, бірнеше рет құсу мазалаған. Екі күн бұрын зәрінің қоңырлануын байқаған. Медициналық орталықта қанның биохимияялық анализін тапсырған: АЛТ – 234 бірлік/л, жалпы билирубин - 102 ммоль/л, тимол сынамасы – 10,4 бірлік.


ИФА нәтижесі: anti HАV –, HbsAg –,anti HСV corе total –, anti HЕV +.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Вирусты гепатит Е

#70
*!Ер адам, 45 жаста, ауруының 10-шы күні ауруханаға түскен. Шағымдары: әлсіздік, сарғаю, терінің қышуы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы. Ауру бірте-бірте басталған: алдымен әлсіздік, буындарының ауыруы пайда болған, кейінірек жүрек айнуы, 4-5 рет құсу қосылған. Аурудың 6-шы күні зәрі қоңырлаған, 7-ші нәжісі түссізденіп, сарғыштық пен терінің қышуы пайда болған. Эпидемиологиялық анамнез: 2 ай бұрын салонда татуаж жасаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері мен шырышты қабаттары айқын сарғыш. Арқасы мен аяқтарында тырнақ іздері байқалады. Іші жұмсақ. Бауыры 2,5 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті. Нәжісі ахолиялы.


Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?Вирусты гепатит В

#71
*!Әйел адам 35 жаста. Ауруханаға ауруының 8-ші күні түскен. Шағымдары: айқын әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу 4-5 рет, сарғаю, терінің қышуы, эпигастрий мен оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі. Ауру бір апта бұрын басталған: әлсіздік, буындарының ауыруы пайда болған, одан кейін тәбеті төмендеп, жүрек айнуы, құсу қосылған. Ауруының 5-ші күні зәрінің қоңырлануын байқаған, 6-шы күні нәжісі түссізденіп, сарғыштық пайда болған. Сол күні жүрек айнуы күшейген, құсуы жиілеген, әлсіздігі үдеп, мұрыннан қан кеткен.


Қандай белгі аурудың ауырлығы туралы айтады?
*Жүрек айнуы
*Қайталамалы құсу
*Айқын сарғаю
*Айқын терінің қышуы
*Геморрагиялық синдром++++
#72
*!Ер адам, 45 жаста, қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған. Шағымдары: айқын әлсіздік, жүрек айнуы, кофе түстес құсу, ұйқысының нашарлауы, қорқынышты түстер көруі. Екі апта бойы ауырады. Аурудың басында жүрек айнуы, құсу, тәбеттің жоғалуы, буындарының ауыруы пайда болған. Эпидемиологиялық анамнез: 2 ай бұрын жарақат себебімен ота жасалып, қан құйылған. Объективті: жағдайы ауыр. Ауызынан бауырлық иіс сезіледі. Терісі мен шырышты қабаттары айқын сарғыш. Пациент ұйқышыл, адинамиялы. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Зәрі қоңыр түсті.
Қандай асқынудың дамығаны ең ықтимал болып табылады?Жедел бауыр энцефалопатиясы

#73
*!Ер адам, 43 жаста, ауруханада «Вирусты гепатит В» диагнозымен ем қабылдап жатыр. 10-шы күні айқын әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, тәулігіне 5 рет құсу, ұйқының нашарлауы мазалайды. Сарғыштығы күшейген. Саусақтарының треморы байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульс 94 рет/мин., ҚҚ 130/80 мм с. б. Бауыры ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген. Науқас қарқынды терапия бөлімшесіне «Вирусты В гепатит, ауыр ағымы. Асқынуы: Жедел бауыр энцефалопатиясы, прекома I» диагнозымен ауыстырылды.


Қандай клиникалық белгілер «Жедел бауыр энцефалопатиясы, прекома I» диагнозы туралы айтады? +тахикардия, саусақ ұштарының треморы

#74
*!Ер адам 25 жаста. 2 күн бойы ауырады. Шағымдары: мұрыннан су ағуы, тамағының қышуы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 390C-қа дейін жоғарылауы, денесінің сынып ауыруы, әлсіздік, бас ауыруы, көз алмаларының ауыруы. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, улану синдромы айқын. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабаты айқын қызарған, жұмсақ таңдай түйіршектелген, жабындылар жоқ. Беті қызарған, ісінген. Склера қан тамырлары инъекцияланған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс 98 рет/мин., ҚҚ 100/60 мм с. б.


Жалпы қан анализіндегі қандай өзгерістер сипатталған ауруға тән?лейкопения,нейтропения,эозинопения,моноцитоз,ЭТЖ қалыпты немесе төмендеген.(грипп)
#75
*!Ер адам 25 жаста. 2 күн бойы ауырады. Шағымдары: мұрыннан су ағуы, тамағының қышуы, мұрынның бітелуі, дене қызуының 390C-қа дейін жоғарылауы, денесінің сынып ауыруы, әлсіздік, бас ауыруы, көз алмаларының ауыруы. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, улану синдромы айқын. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабаты айқын қызарған, жұмсақ таңдай түйіршектелген, жабындылар жоқ. Беті қызарған, ісінген. Склера қан тамырлары инъекцияланған. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс 98 рет/мин., ҚҚ 100/60 мм с. б.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлық зерттеу әдісі ең ақпаратты болып табылады?ИФА(иммунофлюоросценция),ПЦР,серологиялық реакциялар(грипп диагнозы)

#76
*!Әйел адам, 55 жаста, жедел ауырып быастаған: дене қызуы 39°С-қа дейін жоғарылаған, бас ауыруы, әлсіздік пайда болған. 2-ші күні сол жақ балтыр аймағында кернейтін ауыру сезімі, ісіну мен қызару пайда болған. Анамнезде: қант диабеті, 2 типі. Аурудың алдында жаңа аяқ киімі қажаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Status localis: сол жақ балтырында ісіну, шектелген айқын гиперемия ошағы, жергілікті гипертермия байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия.


Жалпы қан анализіндегі қандай өзгерістер сипатталған ауруға тән?әлсіз нейтрофилді лейкоцитоз ,формуланың солға жылжуы,ЭТЖ-ның жоғарылауыы(Тілме диагнозы)

#77
*!Әйел адам, 35 жаста. Ауруханаға 5 мамырда түскен. Шағымдары: дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауы, қатты бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу. Эпидемиологиялық анамнез: өткен аптада Алма-Арасан тауларында болған, кене шаққан. Объективті: жағдайы ауыр. Беті қызарған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі + 4 см.


Сипатталған аурудың этиотропты еміндегі ең тиімді дәрі:кенелік энцефалитке қарсы адам сарысу иммуноглобулині(диагнозы кенелік энцефалит,менигеальді формасы)

#78
*!Ер адам, 28 жаста, ауруханаға ауруының 2-ші күні түскен. Шағымдары: көз алмаларының ауыруы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, төс артындағы тырнау сезімі, бұлшық еттерінің ауыруы, дене қызуының жоғарылауы. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы - 39,5С. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабаты қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы түйіршектелген. Склера қан тамырларының инъекциясы. Өкпедегі тынысы қатайған, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс - 92 рет/мин, ҚҚ - 100/60 мм с. б. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ. Тағайындалған ем: цефазолин 1,0 гр. х 3 рет б/е, глюкоза ерітіндісі 5%-500,0 к/т, супрастин 1,0 б/е, осельтамивир 75 мг х 2 рет, аңқаны шаю.


Тағайындалған емдеу жоспарында қандай қателік бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет