Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-іі қазақстан Республикасының Заңы


-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылдауы



бет38/63
Дата11.01.2023
өлшемі130,53 Kb.
#61012
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
ЗАҢЫ Акционерлік қоғамдар туралы 415

49-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылдауы
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері сырттай дауыс беруді өткізу арқылы қабылдануы мүмкін. Сырттай дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысына қатысып отырған акционерлердің дауыс беруімен (аралас дауыс берумен) бірге не акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткізілмей қолданылуы мүмкін.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық немесе жекелеген мәселелер бойынша шешімдерді сырттай дауыс беру арқылы қабылдауға тыйым салу белгіленуі мүмкін.
3. Сырттай дауыс беруді өткізген кезде дауыс беру үшін бірыңғай нысандағы бюллетеньдер акционерлердің тізіміне енгізілген адамдарға жіберіледі (таратылады).
Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру нәтижелеріне ықпал ету мақсатымен қоғамның дауыс беруге арналған бюллетеньдерді жекелеген акционерлерге таңдап жіберуге құқығы жоқ.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Дауыс беруге арналған бюллетень акционерлердің тізіміне енгізілген адамдарға:
1) пошта байланысының құралдары қолданылған кезде - акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күнге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей;
2) хабарлама электрондық тәсілмен жіберілген немесе ол қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған кезде - акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Акционерлерінің саны жүз және одан көп қоғамда сырттай дауыс беру кезінде осы қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламамен бірге акционерлердің жалпы жиналысында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді жариялауға міндетті.
5. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) жиналысты шақырудың бастамашысы туралы мәліметтер;
3) сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді берудің нақты күні;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) акционердің жалпы жиналысы жабылатын күн;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселелер болса, сайлауға ұсынылатын кандидаттардың есімдері;
7) дауыс берілетін мәселелердің тұжырымдалуы;
8) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс берудің «жақтайды», «қарсы», «қалыс қалды» деген сөздермен білдірілген нұсқалары;
9) күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру (бюллетеньді толтыру) тәртібінің түсіндірмесі болуға тиіс.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі) осы адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиіс.
Заңды тұлға - акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы (заңды тұлға - акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
Акционердің өкілі сырттай дауыс беру үшін бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттілігін растайтын сенімхаттың немесе өзге құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Жеке тұлға - акционердің не заңды тұлға - акционер басшысының немесе жеке тұлға - акционер өкілінің не заңды тұлға - акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
Дауыстарды есептеу кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасы қойылған мәселелер бойынша дауыстар есептеледі.
7. Егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселелер болса, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде жекелеген кандидаттарға берілген дауыстардың санын көрсететін орын болуға тиіс.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Егер акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда тиісті түрде толтырылған бюллетеньдер барлық акционерлерден дауыстарды санау белгіленген күннен бұрын келіп түскен болса, онда дауыстарды уақытынан ертерек күні санауға жол беріледі, бұл дауыс беру қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.
8. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет