84-бап. Қоғамның бөлiнуi 1. Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады. Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталдарының сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады. 2. Қайта ұйымдастырылған акционерлік қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады. Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) акциялары санына арақатынасына барабар мөлшерде орналастырылады. 3. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртібі мен талаптары және бөлiну балансын бекіту туралы мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізедi. 4. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiну тәртібі мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекіту туралы шешiм қабылдайды. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысы бөліну туралы шешім қабылдаған күннен кейін екі ай мерзімде өздерінің барлық кредиторларына бөліну туралы жазбаша хабарлама жіберуге және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 85-бап. Қоғамның бөлiнiп шығуы 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Қайта ұйымдастырылатын қоғам қызметiн тоқтатпай, оның мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бере отырып, қоғамның бiр немесе бiрнеше қоғам құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады. Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiтілуге жатпайды. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әділет органдарында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады. 2. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады. Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады және ол осы Заңның 11-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. 3. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiніп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлiнiп шығу тәртібі мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөліну балансының жобасын акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізеді. 5. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, бөлініп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы, бөлініп шығу тәртібі мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекіту туралы шешiм қабылдайды.