Акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата31.12.2021
өлшемі0,78 Mb.
#22561
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
 

 

№ 10 - тәжірибелік сабақ 

Тақырып: ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ДИНАМИКАСЫ. 

ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТИПТЕРІ 

 

Сабақтың 

мақсаты:  

Инфекциялық 

процестердің 

динамикасы 

мен 

инфекциялардың түрлері және типтерімен танысу 



Түйін сөздер

Инфекция,  микроорганизмдер,  клиника,  инкубация, 

реконваленсценция,  бруцеллалар,  сальмонеллалар

туберкулез 

 

Сұрақтар

1. Инфекциялық процестің шығу жағдайлары 




 

16 


қандай? 

2. Инфекциялық процестің көріну түрлері қандай? 

3. Инфекциялық аурулардың негізгі 

критерияларының анықтамасы 

4. Инфекцияның 

түрлері 


және 

олардың 


классификациясы қалай жіктеледі? 

 

Реферат 



Инфекция  макроорганизмге  қоздырушы  енгеннен  кейін  басталады  және 

динамикалық  процесс  түрінде  және  бірнеше  кезеңде  жүреді  (жасырын, 

продормальды,  клиникалық,  реконваленсценциялық,  немесе  сауығу  кезеңдер), 

бұл кезеңдер шегін дәл айыру оңай емес. Микроб енгеннен клиникалық белгілер 

білінгенге  дейінгі  кезеңді  жасырын  кезең  (инкубациялық)  деп  атайды.  Бұл 

кезеңде микроорганизм жаңа ортаға бейімделеді,тіршілік әрекеті өнімдерін бөліп 

шығарады,  макроорганизмнің  қорғаныс  күшін  тежейді,  физиологиялық 

процесстерін бұзады. 

Продромальдық  кезеңде  аурудың  алғашқы  белгілері  байқалады.  Бірақ 

көбінесе  бұл  белгілер  нақты  бір  ауруға  тән  келмейді.(дене  қызуының  көтерілуі, 

әлсіздік, жабырқаңқылық, тәбеттің жоғалуы).  Бұл кезеңнің ұзақтылығы бірнеше 

сағаттан  3-4  тәулікке  дейін  созылады,  сонан  соң  аурудың  негізгі  клиникалық 

белгілері байқала бастайды. 

Клиникалық  кезең  аурудың  ең  қызған  уақытын  сипаттайды.  Бұл  кезеңде 

нақты бір ауруға тән клиникалық белгілер байқалады. 

Реконваленсценция  (сауығу)  кезеңінде  организм  өзінің  физиологиялық 

функцияларын  қалпына  келтіреді.  Организмнің  клиникалық  сауығуы  оның 

қоздырушыдан  толық  айығуымен  арқашан  дөп  келе  бермейді.  Кейбір 

қоздырушылардың  аурудан  сауыққан  организмде  көп  уақыт  бойы  сақталуы 

мүмкін (бруцеллалар, сальмонеллалар, туберкулез таяқшасы және тағы басқалар). 

Мұндай  жан-жануарлар  микроб  тасымалдаушылар  деп  аталынып,  сау 

организмнің  денсаулығына  қауіп  төндіреді.  Жұқпалы  аурумен  ауырмаған 

жануарларда микроб алып жүру құбылысы байқалады. Әдетте мұндай жануарлар 

қоршаған  ортаның  қолайсыз  жағдайларына  төзімді  болып  келеді.  Мысалы, 

резистенттілігі  күшті  мал  организмі  өзі  ауырмағанмен  сальмонеллаларды, 

пастереллаларды, 

шошқа 

тілмесінің 



қоздырушысын 

және 


т.б. 

микроорганизмдерді 

алып 

жүруі 


мүмкін. 

Мұндай 


жануарлар 

ауру 


қоздырушысының бірден-бір көзі болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет