Акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата31.12.2021
өлшемі0,78 Mb.
#22561
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
2021 микроб тәжір.нұсқау оконч соңғы

 

№ 11 - тәжірибелік сабақ 

Тақырып: ТОКСИН ТҮЗІЛУІ. ЭКЗОТОКСИНДЕР, ЭНДОТОКСИНДЕР 

 

Сабақтың 



мақсаты:  

Токсин  түзілуімен  танысу,  экзотоксиндер  және 

эндотоксиндер туралы мәлімет алу 

Түйін сөздер

Микроорганизмдер, 

токсиндер, 

экзотоксиндер, 

эндотоксиндер,  антиген,  плазмидтер,    полисахаридтер, 

полипептидтер, липидтер, белоктар 

 

Сұрақтар

1. Токсиндер дегеніміз не? 

2. Экзотоксиндер және эндотоксиндер туралы айтыңыз? 

3.  Химиялық  құрамына  қарай  токсиндерді  қандай 

топтарға бөледі? 

 

Реферат 



Токсиндер  –  микроорганизмдер  түзетін  улы  заттар.  Көптеген  жұқпалы 

және  инвазиялық  аурулардың  қоздырушылары  (бактериялар,  вирустар, 

риккетсиялар,  саңырауқұлақтар,  протозоалар,  гельминттер)  токсинді  қасиетті 

иемденген. 

Микроорганизмдердің  улы  заттарының  ішінегі  ең  жақсы  зерттелгені 

бактериялық  токсиндер.  Олар  экзотоксиндер  және  эндотоксиндер  болып  екіге 

бөлінеді. 

Экзотоксиндер  (немесе  нағыз  токсиндер).  Оларды  бактерия  торшалары 

өсірілген сорпа себіндісінің сүзгісінен бөліп алады. Экзотоксиндерді тәжірибиеге 



 

18 


алынған  жануарларға  енгізгенде,  осы  токсиндерді  бөліп  шығаратын 

микробтардың  қоздыратын  ауруларының  клиникалық  көріністерін  байқауға 

болады. Осы себептен мұндай улар нағыз токсиндер деп аталады. 

Өздерінің  биологиялық  қасиеттері  бойынша  экзотокиндер  ферменттерге 

жақын  токсинді  белоктар,  бірақ  осы  уақытқа  дейін  олардың  әрекет  механизмі 

анықталмаған.  Экзотоксиндер  термолабильді,  антигендігі  жоғары  заттар  және 

олардың  әрекетін  белгілі  бір  латентті  кезеңнен  соң  ғана  байқауға  болады. 

 

Экзотоксиндер  (белоктар)  –  грам  оң  микробтардың  сыртқы  ортаға  бөліп 



шығаратын не өлгеннен кейін босап шығатын тіршілік әрекетінің өнімдері. 

Экзотоксин  –  мөлдір  сары  түсті  сұйық  зат.  Оны  өсіндіні  бактериялық 

фильтрден сүзу арқылы клеткаларды бөліп алу жолымен жеке алады. Микробтық 

экзотоксиндер  синтезі  плазмидтер,  не  профагтерге  жиналған  гендер  әсерінен 

жүреді.  Плазмидті  не  профагты  клеткадан  шығарса  ол  токсиндік  қабілетін 

жояды;  плазмидтер  не  профагты  клеткаға  қайта  енгізсе  токсин  түзу  процесін 

қалпына  келтіреді.  Экзотоксинді  қарын  сөлі  бұза  алмайды,  ішек-  қарыннан 

сіңіріледі.  Токсинен  болатын  аурулар  оның  микробтары  организмге  енгеннен 

кейін  біраз  уақыттан  кейін  білінеді.  Инкубациялық  кезең  бірнеше  сағаттан 

бірнеше күнге дейін созылады. 

Эндотоксиндердің 

улылығы 


біршама 

төмен. 


Экзотоксиндерден 

айырмашылығы  бұлар  жылуға  шыдамды,  120

0

С-та  30  минуттай  қайнатуға  және 



стерильдеуді  көтереді.  Эндотоксиндердің  липополисахаридты  фракциясы 

пирогендік және токсиндігі активті келеді; белок фракциясы барлық комплекске 

антигендік  қасиет  береді.  Организмде  грамтеріс  микробтардың  тез  бұзылуы 

жануарлардың  өлімге  ұшырауын  тездетуі  мүмкін.  Сондықтан  күшті  әсер  ететін 

дәрі-дәрмек қолдану алдында осы жағдайды ескерту керек. 

Экзо- 


және 

эндотоксиндер 

(тырысқақ 

вибрионы, 

эшерихийдің 

гемолитикалық штаммдары) түзетін микроорганизмдер де болады. 

Токсиндерге  (сіреспе,  ботулизм,  дифтерия)  формалин  (0,3-0,4%)  және 

жоғары  38-40

0

С  температурамен  әсер  еткенде  олар  2-3  аптадан  бір  айда  улық 



қасиетін  жояды,  бірақ  иммунегенді  қасиетін  сақтап  қалады.Кейбір  токсинді 

инфекцияларда (сіреспе, ботулизм, дифтерия) қабылдамаушылық қасиет тудыру 

үшін  вакцина  препарат  ретінде  қолданатын  анотоксиндерді  осындай  жолмен 

дайындайды. 

Химиялық  құрамына  қарай  токсиндері  үш  топқа  бөледі:  1)белоктық, 

2)глюцидтік-липидтік-полипептидік комплекс, 3)полисахаридтік. 

Белоктық улы заттарға экзотоксиндерді жатқызамыз, оларды грам әдісімен 

оңға боялатын макроорганизмдер түзеді. 

Глюцидтік-липидтік-комплекске  эндотоксиндер  жатады,  бұларды  грам 

әдісімен теріс боялатын микроорганизмдер түзеді. 

Полисахаридтік  токсиндерге  лецитиназаны,  коллогеназаны,  коагулазаны, 

фибринолизиндерді  жатқызамыз.  Бұларды  көп  жағдайда  стафилококктер, 

стрептококктер,  пневмококктер  түзеді.  Бұл  улар  эритроциттерді,  лейкоциттерді, 

нерв жүйесін зақымдайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет