Акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата31.12.2021
өлшемі0,78 Mb.
#22561
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
2021 микроб тәжір.нұсқау оконч соңғы

№ 8 - тәжірибелік сабақ 

Тақырып: БАКТЕРИОФАГТАР 

 

Сабақтың 



мақсаты

Микроорганиздерге биологиялық факторлардың әсерін 

анықтау.  Бактериофагтардың  негізгі  қасиеттері  және 

бактерия клеткасына әсер ету механизмі 



Түйін сөздер

Бактериофаг, бактериофагия феномені 

 

Сұрақтар

1. Бактерифагтар деген не? Бактериофагия феномені. 

2. Бактерифагтардың негізгі қасиеттері. 

3.  Бактерифагтардың  бактерия  клеткасына  әсер  ету 

механизмі. 

4. Фагтарды титрлеу мен бөлу әдістері. 

5.  Бактериофагтарды  ауруға  балау  қоюда,  емдеуде, 

аурудың  алдын  алуда,  басқа  да  сыртқы  ортадағы 

микробтарды ажыратуда қолдану 

 

Реферат: 



Бактериофаг  –  бактерия  клеткасын  зақымдайтын  вирус.  Бактериофагтар 

бактерия  клеткасында  өсіп-өну  нәтижесінде,  оларды  ерітіп  сырқы  ортаға 

шығады.  Алғаш  рет  фагты  француз  ғылымы  Д.Эррель  дизентериямен  ауырған 

адамның нәжісінен тапқан. 

Нуклеин қышқылдарының түріне байланысты фагтар ДНҚ-ды және РНҚ-ды 

болып  бөлінеді.  Әртүрлі  бактериофагтарда  лизогения  немесе  уыттылық 

конверсия шығару қабілеттілігінің болуы, жалпы және арнамалы трансдукцияны 

іске  асыра  алатын  қасиеттерінің  болуы  оларды  гендік  инженерияда, 

бактериялардың  генетикасын  зерттеуде,  микроорганизмдердің  селекциясында, 

жұқпалы аурулардың балауында және емдеуінде кең қолданылады. 

Бактериофагтар  бактерия  клеткасымен  байланысына  сәйкес  олар  орташа 

(баяу)  және  уытты  болып  бөлінеді.  Уытты  түрлері  бактерия  клеткасын  ерітіп 

жояды.  Ал  орташалары  бейімделгіш,  бактериялармен  ерекше  қарым-қатынасқа 

(симбиоз)  кіреді.  Орташа  фагты  құрамына  кіргізген  бактерияларды  лизогенді  

(еріткіш) деп атайды, ал фагты – профаг деп атайды.  

Бактериофагия деп бактерия клеткасымен фагтың қарым-қатынасын атайды. 

Ол келесі сатылардан тұрады: 

1.  Адсорбция  –  фаг  құйрығының  ұшындағы  рецепторлармен  бактерия 

қабығына жабысу; 

2. Бактерия қабығының лизоцим ферментімен ерітілуі




 

14 


3. Фагтың басындағы нуклеин қышқылының құйрықтарындағы қуыс арқылы 

бактерия клеткасында тесіктен цитоплазмаға өтуі

4.  Бактерия  нуклеотидінің  жұмысын  фагтың  нуклеин  қышқылымен 

ингибиторларының әсерінен тоқтату; 

5. Фаг НҚ-ның репликациясы

6. Фаг белоктарының түзілуі; 

7. Фагтардың құралуы және клеткадан шығуы. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет