10
5. Микробтар түзетін ферменттердің жіктелуі:
химиялық құрамы бойынша, әсер ету механизмі
бойынша, әсер ететін жері бойынша.
6. Зардапты микроорганизмдерді саралау (ажырату)
кезіндегі ферменттердің маңызы.
7. Зардапты
микроорганизмдердің
уытты
ферменттері.
Реферат:
Ферменттер – тірі торшалармен өңделетін белок текті жоғарғы
молекулярлық заттар, биологиялық католизаторлар қызметін атқарады.
Ферменттер микроорганизмдердің зат алмасуында маңызды және өзгеше роль
ойнайды. Әр бір фермент бір химиялық байланыс немесе бір және бірнеше
жақын химиялық реакцияларды катализдеуге әрекет етеді. Мысалы: лактаза
ферменті лактозаны, мальтаза – мальтозаны және т.б. ыдыратады.
Экзоферменттер – сыртқы ортаға бөлініп, қоректік заттардың
макромолекуласын қарапайым заттарға дейін ыдыратып, олар микроб
торшаларына сіңе алады (гидролиз экзоферменттері май, белок, көміртек
гидролизын тудырады).
Эндоферменттер – клетка ішіндегі алмасу реакциясына қатысады.
Микрорганизмдердің ферментативтік құрамы тұрақты болып табылады, ал
микробтардың әр түрлі ферменттер түрлері анық ажыратылады.
Ферменттердің активті топтарын коферменттер деп атайды, олар бөлініп
кетіп уақытша басқа белоктармен байланыстар түзе алады. Ал ферменттермен
тығыз байланыста және бөлінбейтін белсенді топтарын простетикалық топтар
деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: