Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет45/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85
үзеңгі дос деп атауы ықтимал.
Қазақ дүниетанымында ер жігіттің өмірімен байланысты жүйеленген жеті 
қазынасы бар. Оларға жүйрік атты, қыран бүркітті, құмай тазыны, берен 
мылтықты, қанды ауыз қақпанды, майланғыш ауды, өткір кездікті 
жатқызады. Солардың қатарына адамға ең жақыны, досы болып кеткен итті 
ерекше атауға болады. Осы жеті қазынаның бірі итті Д. Исабеков те 
шығармасына арқау еткен. Жазушы «Қабылан» атты әңгімесінде нағыз малды 
қасқырдан қорғайтын, иесіне адал ит бейнесін оқырманға ұсынған. Мысалы: «

 
Шын досыңның қимасын сұрама» деген емес пе, Беріш. Өзге нәрсемнің 
қайсысына қолқа салсаң да қой демес ем. Мына қалауың қиын тиіп отыр. 
«Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді, бірақ бір қалауымды 
жерге тастады деп сен өкпелеме. Құдай о баста итті де адамның ырыс-
құтымен бірге жаратқан деседі. Демек, оның да несібесі иесімен бірге, осы 
үйдің бір мүшесі сияқты ғой. Бере алмаймын, оған ренжіме» [93, 46 б.]. 
Жазушы Қабылан атты итті суреттеуде сағыныш, қуаныш, мұңаю сынды 
сезімдердің барлығын кейіпкер тілі арқылы оқырманға жеткізген. «Шын 
досыңның қимасын сұрама» деген сөйлем арқылы итті қимасына теңесе
«Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деп оның жақсылығын танытып тұр. «Ит» 
ұғымы қазақ үшін адалдықтың, достықтың, сенімнің нышаны іспетті. Сол 
себепті оқырманның ішкі дүниесі бұл әңгіменің негізгі идеясын жоғары 
деңгейде қабылдайтыны анық.
Қазақтың тағы бір жүректі жылытар қасиеті – жетімді жылатпау. 
Халқымыз жетім көрсе басынан сипап, жандарына медеу болған. Басынан 
өткізген сан түрлі қиындықтың нәтижесінде жетімдер саны көбейіп, күйзелген 
халқымыз «Жетім көрсең, жебей жүр, Жесір көрсең, демей жүр», «Әкесіз жетім 


84 
– жарты жетім, Анасыз жетім – нағыз жетім» деген. Бұл ауыр тақырып жазушы 
Д. Исабеков шығармасынан да көрініс тапқан. Жалпы жұртшылыққа қатал 
көрінген Шойынқұлақ Олжабектің анасыз өскенін естіп, оған деген көңілін 
өзгертті. «

 Менің анам жоқ, 

 дедім төмен қарап. Олжабек үлкен қой көздерін 
маған бір тастады да, орынсыз берген сұрағына ыңғайсызданып қалды. – Қой, 
қайғырма, 

деді ол біраз үнсіздіктен соң маған көңіл айтқан болып. – Мен де 
анамнан дәл сендей кезде ажырағанмын» [93, 4 б.]. Тағдырдың түрлі қиындығы 
салдарынан әкесіз, анасыз қалған балаға қазақ халқы ерекше ілтипатпен, 
мейіріммен қараған ғой. Қазақтың бұл қасиетін де жазушы тыста қалдырмай
оқырманның 
жұмсақ 
көңіліне 
жеткізуді 
мақсат 
еткен. 
Жазушы 
шығармаларындағы әрбір оқырманның жүрегін селт еткізетін мұндай сәттердің 
коммуникативтік, прагматикалық ықпалы анық [114, 38 б.].
Кез келген көркем туындының мазмұнында белгілі бір мөлшерде сол 
халықтың мәдениеті мен тарихынан хабар беретін ақпараттар тасқыны болады. 
Біз жоғарыда Д. Исабеков шығармаларында кездесетін рухани құндылықтарға 
шолу жасау арқылы тіл мен мәдениеттің біртұтастығына одан әрі көз жеткізе 
түстік. Халықтың рухани болмысы мен арман-қиялының, ой-өрісінің 
нәтижесінде күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтейтін әр түрлі заттық 
(материалдық) мәдениет үлгілері дүниеге келгені белгілі. Біз зерттеп отырған 
Д. Исабеков шығармаларында қолданылған материалдық мәдениет лексикасы 
да көркем шығарманың ұлттық колоритін қалыңдата түседі. Ол қандай 
тақырыпта ой қозғаса да, ешқашан қазақы танымнан, қазақы болмыстан, ұлттық 
құндылықтардан алыстап кетпейді. Жазушы төл лексиканың ішінен көне киім-
кешек, құрал-жабдық, сауыт-сайман, ыдыс-аяқ, әшекей бұйым, ас-тағам, т.б. 
атауларын, яғни тұрмыстық реалияларды еркін қолданады. Мәселен, киім-
кешек атаулары: кебіс, жібек шапан, сырма шапан, шекпен, кимешек, ит 
көйлек, шәлі орамал, жібек көйлек, бөрік, сәукеле, жаулық, мәсі, барқыт 
бешпент, қасқыр ішік, т.б. Мысалы: «Ана кіші келінім, – дейді төрде отырған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет