Аккузова айнур абдыжалиловна


кимешекті кемпір дауысын кілт төмендетіп», «Аяқ астында бұдан өзгенің  реті келмеді, – деп оның басына шәлі орамал



Pdf көрінісі
бет46/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
кимешекті кемпір дауысын кілт төмендетіп», «Аяқ астында бұдан өзгенің 
реті келмеді, – деп оның басына шәлі орамал жауып, қолына сусылдаған 
тігулі жібек көйлек ұстатты». «Қалампыр Жайбасардың үйіне келгенде 
жиналған жұрт нәрестеге ит көйлек кигізіп те қойыпты» («Кемпірлер»).Екі 
шал иығына барқыт бешпет жамылып, күні бойы әзіл-күлкіден оқ бойы алыс 
отырған Таңатарға сұраулы пішінде көз тастады («Тіршілік»). Осы бір 
кішігірім шаһарға ол қашан келді, қайдан келді – оны да сұрап-біліп жатқан 
бір жан жоқ, бар білетіндері – жалаңаш денесіне киген түйе жүн шекпені 
қысы-жазы үстінен бір түспейтін қушиған молашы шал. Торғайдың 
шоқығанындай тістеп-тырнақтап жиналған ақша тер сіңген орамалға 
түйіліп, шидем-шекпеннің қалтасына түседі. Мына кебісті сен кие ғой, – деді 
ескі-құсқыны сатып, күйеуіме деп алдын күні Сайрам базарынан алған кебісті 
Тұңғышқа ұстатып («Сүйекші»). Аталған киім-кешек атауларының бәрі де 
ұлтымыздың эстетикалық талғамы мен өмір сүру салтының айнасы іспеттес. 
Сонымен бірге мұндай атаулар кейіпкердің әлеуметтік жағдайын, жасын, 
жынысын, тіпті өмір сүру аймағын да аңғартады. Айталық, Д. Исабеков 
шығармаларында кимешекті кемпір тіркесі жиі ұшырасады. «Кимешек – 


85 
жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын 
тұтас ақ матадан тігіледі, бұл ақ түс әже болудың белгісі. Автордың бұл 
эпитетті қолданудағы негізгі мақсаты «кемпірдің» тұлғасын нақтылау ғана 
емес, сонымен бірге ешқашан бас киімсіз жүрмейтін қазақ әйелінің көркем 
бейнесін сомдау, тазалығын, ұқыптылығын көрсету. Яғни автор танымында 
кимешек – әйел бойындағы даналықты, тазалықты танытатын негізгі белгі. 
Қазақ тілінің материалдық лексикасын жан-жақты зерттеген профессор 
Ж. Манкеева киім-кешек атауларының түрлі ерекшеліктерін ескере отырып, 
оларды бірнеше топқа жіктейді: 1) Сырт киім атаулар: шекпен, шапан, тон, 
ішік, күпі, қаптама. 2) Үстінен киетін киім атаулары: бешпент, камзол, көйлек, 
шалбар, т.б. 3) Іш киім атаулары: дамбал, жейді, ішкөйлек; 4) Бас киім 
атаулары: салы//шәлі, орамал, бөрік, қарқара, кимешек, күләпара, желек, 
жаулық, сәукеле, айырқалпақ, тамық, тақия, шаршы, т.б. 5) Әскери киім 
атаулары: құяқ, қаттау, жарғақ шалбар, жалаңқат, аймауыт, т.б. 6) Аяқ киім 
атаулары: саптама, мәсі, кебіс, етік, байпақ, шарық, т.б. 7) Киімнің құрамдас 
қосымша бөліктерінің атаулары: белдік, белбеу, білезік, жүзік, кісе, моншақ, 
сақина, сырға, түйме, шашбау, шолпы, т.б.
Жоғарыдағы мысалдағы «иткөйлек» – ұлттық салт-дәстүрдің нәтижесінде 
туындаған атау. Иткөйлек – дүние есігін енді ашқан жас нәресте қырқынан 
шыққанша киетін, сәбидің денесіне батпау үшін тігісі әдейі сыртына қаратылып 
тігілген көйлек. Бала қырқынан шығарылар күні осы уақытқа дейін киген 
иткөйлегіне түрлі тәтті-дәмділер түйеді де, бір иттің мойнына байлап жібереді. 
Оны ауыл балалары қуып жетіп, иткөйлекке түйілген тәттілерді бөліп алады да, 
иткөйлекті иесіне қайта тапсырады. Бұл ғұрып «ит қуу» деп те аталады, мәні 
сәбидің пәле-жаласын қырық жаны бар хайуан – ит өзімен бірге алып кетеді 
деп сенген. Балаға иттің жүйрік, ақылы озық, алғыр қасиеттері дариды, сәби 
күшікше бауырын тез көтеріп, жаны берік, «итжанды» болады деп те 
ырымдайды. Қазақта итжанды деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін 
білдірген. Иткөйлекті баласы жоқ келіншектер ырым ретінде алатын да дәстүр 
бар. Көйлекті берген кезде ырымдап, бір шетінен кішкене кесіп алады. 
Иткөйлекті қазақ халқы қастерлейді. Кейбір ауыл оны сақтап қойып, келесі 
балаларына да кигізеді. Ертеде де дауға барған адамдар, жауға шапқан 
батырлар, жауынгерлер, сапарға шыққан адамдар баланың иткөйлегін сақтап, 
өзімен бірге алып жүрсе, пәле-жаладан сақтап, жолаушының жолын ашады, 
баланың періштесі қағып, аман-есен сапардан алып келеді деп сенген [120].
Тұрмыстық реалиялардың бір тобын ұлттық тағам атаулары құрайды.
Д. Исабеков шығармаларында кейіпкердің қонақжайлығы, дархан көңілі, 
кеңпейілділігі оның мол дастарқаны, дәстүрлі сусын және тағам атаулары 
арқылы көрінеді. Жазушы шығармаларында кездесетін тағам атаулары: сүт 
тағамдары: қымыз, боза, айран, көже, қаймақ, құрт, ірімшік, уыз, малта, т.б.; 
нан тағамдары: бауырсақ, шелпек, тоқаш, жарма, күлше, т.б.; ет тағамдары: 
қазы, сорпа, тұздық, сүр, т.б. Шығармада кейде кейіпкерлердің әлеуметтік-
тұрмыстық жағдайын, яғни оның бай-қуатты өмір сүретінін немесе бір үзім 
нанға зар болып отырған тақыр кедей екенін білдіру қызметін дәл осы тағам 
атаулары атқарады. Мысалы:


86 

 Ал, бозаң бар ма?
– Мырзалар-ау, менде боза қайдан болсын. Қазір серігім айран әкелер.
– Айран? Ах-ха-ха-ха! Айран дейді! («Сүйекші»). 
Повестен алынған үзіндіде қарапайым құдық қазушы жігіт пен бай 
балаларының арасындағы әңгіме көрініс тапқан. Оқырман бұл диалогтан боза 
сұрап тұрғандардың бай баласы екенін, ал оның жоқтығын, айран ғана бере 
алатындығын айтқан адамның қарапайым шаруа адамы екенін түсінеді. Себебі 
автор әр тілдік бірлікті орнымен жұмсай білген. Боза – тары, бидай сияқты 
дәнді дақылдар қосылып ашытылған сусын болса, ал айран – қой, сиыр сүтінің 
ұйытылған түрі. Ол заманда күнін әрең көріп отырған қара қазақтың үйінен 
көже мен айран табылса да, қымыз, боза сияқты сусындарды көбіне-көп 
қолында мыңғырған малы бар бай-дөкейлер ішкен болуы керек. Кей деректерде 
бозаны ішімдіктің бір түрі деп те береді. Жазушы танымында боза – байлыққа 
мас болып, есірген бай балаларының немесе желпінген жас жігіттердің ішетін 
сусыны: 

Жігіттерге боза құйыңдар, 

деді заманға өкпелі шал осы үйдің 
қожасындай өктем үнмен.
Үш түн көрген салқын бозаға толы тостақ ішем деушілерді екі-үш 
қайтара аралап шыққанда жігіттер аяқтарын көсіліп, желпініп қалды. 
Жұртқа боза құйып, өзі қазан үсті ожаумен ішіп отырған манағы жігіт әп-
сәттің ішінде қайта еліріп шыға келді («Тіршілік»).
Ұлттық сусындардың әлеуметтік мәні туралы Г. Мұратова Абай 
поэзиясындағы «қымыз» концептісінің автор танымындағы бейнесін былайша 
саралайды: «Қымыз – әлеуметтік жіктелістің символы: 1) Қымыз – байлық, 
өйткені қолында қымызы бар мен қымызы жоқтар қоғамдағы таптық бөлініске 
негіз болады. Қымызы бар қымызы жоқты өзіне тәуелді етеді. Автордың 
айтпағы – осы: «Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа».
2) Қымыз – байлықтың бағасын арттырушы құрал.
«Осы қымыз қазаққа 
Мақтаның ба, асың ба? 
Мақтанға бола жиям деп,
Жылқы үшін жұртқа бас ұрма» [121, 36 б.].
Қазақ қолында болса ас та төк молшылықтан, кең дастарқанынан ешқашан 
айныған емес, ал ел басына күн тауып, аумалы-төкпелі заман болған кездердің 
қиыншылығы да сол үйдің дастарқанынан көрінеді. Бұрын, ел тоқшылық кезде 
лажы болса ақша, яки бүтін киім сұрап, құрт-май, нан-пан бергендерді 
жақтырмай батасының жартысын жұтып, бетін сипап кете беретін 
масайған диуаналар енді бір тостақ арпа беретін үйге бар білетін батасын 
қақтап бір айтатынды шығарды. Шиеттей балалар әуелгіде екі диуанадан 
қорқып үрпиіскенімен ала қоржынның іші күлше-құртқа, өрік-жаңғаққа толы 
екенін, диуана деген аты болмаса олардың да өздері көріп жүрген адамдардай 
екенін біліп бірте-бірте бойлары үйрене бастады.
Көркем шығармада жиі кездесетін реалиялардың бір түрі – тұрмыстық зат, 
құрал-сайман, ыдыс-аяқ атаулары. Жазушы үшін мұндай реалиялар кейіпкердің 


87 
тұрмысын, үй-жайын, мекенін, әлеуметтік жағдайын сипаттағанда, поэтикалық 
бейнелі тіркес жасауда ұтымды қолданылатын таптырмас құралдар. Олар: 
самаурын, құман, тостақ, ожау, қазан, қамшы, балта, ошақ, жерошақ, мор 
ошақ, киіз, алаша, көрпе, жастық, кесе, табақ, жүк аяқ, т.б. Д. Исабеков 
шығармаларында бұл атаулар үнемі эпитеттермен тіркесіп қолданылады. 
Мысалы: сары самаурын, зерен тостақ, жез құман, кәрі құман, жез сапты 
қамшы, ағаш табақ, т.б. Мысалы: Атты кісі жез сапты қамшысымен беткей 
жақты көрсетті; Есік жанындағы мор ошақтың күлі әлі шығарылмапты. 
Үйдегі бар дүние – бір киіз, бір алаша, бір көрпе, бір жастықЖерошақтағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет