Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет85/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


145 
ҚОСЫМША
Д. Исабеков шығармаларынан алынған мысалдар
Айттырған қыз 
секілді 
Сол Сексенбаев, әні, түк болмағандай айттырған қыз 
секілді сызылып отыр. («Конфронтация» әңгімесі) 
Ақ бата
Алдыма келіп ақ бата сұрағандарыңызға бек ризамын. 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Ақ сүтке қан 
тамғандай 
Мұның шошып кеткеніне, ақ сүтке қан тамғандай екі 
бетінің албырап шыға келгеніне жігіт те таңданып, аз-
кем мүдіріп қалды да: "Қаратай Исаевич, сізге қазір 
ештеңе қажет емес пе?"- деп келген мақсатын білдіріп 
шықты. («Қарғын» романы) 
Алла 
Ол намаздың өзін дәрет алмай оқисың, оның бәрін 
қабылдай беретін Алла ақымақ дейсің бе? («Жүз 
жылдық арман» әңгімесі) 
Алла
Алладан да, адамнан да үміт үзіп отырған шақта келіні 
жерік болды. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Алла-ай 
- Ой, Алла-ай, жер бетінде қазір не көп – дарын көп! 
(«Қарғын» романы) 
Алла 
ақырын 
берсін! 
Алла ақырын берсін!- Ол фужерін столға қойды. 
(«Қарғын» романы) 
Алла білсін
Сол қызымыздың қай күні кетіп қаларын Алла білсін. 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Алла сақтасын 
Итті сағыну деген, Алла сақтасын, біздің үйдің қанына 
сіңбеген нәрсе. («Қабылан» әңгімесі) 
Алла сақтасын
– Ой, Аллам сақласын, сиз ни деп тұрсиз? («Социализм 
зәулімі» әңгімесі) 
Аллаға разылық Әбдәшімнің үй-іші мен жақын туыстары Бонапарттың 
аман-есен жазылғанына қатты қуанып, Аллаға разылық 
білдіріп жұма намаз күні қара тоқты сойып той жасады. 
(«Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Алладан болсын Жо-жоқ, ол мүмкін емес, өлімге өзі тәуекел етпегенше 
адам өмір үшін күресіп бағады, қараңғы түнде, ұшы-
қиырсыз дауылды теңіз үстінде, жападан-жалғыз тақтай 
құшақтап қана қалған әлжуаз, екіқабат әйелдің өзі өмір 
үшін арпалысады, адамнан болсын, Алладан болсын, 
меңіреу табиғаттан болсын, әйтеуір бір үміт оның 
кеудесінен өше қоймайды. («Ай-Петри ақиқаты» 
әңгімесі) 


146 
Алланың дегені 
болады
«Пенденің ойлағаны емес, Алланың дегені болады» 
екен, колхоз бұрынғысынан да нашарлап, екі жылда 
мемлекетке бес миллион сом қарыз боп шықты. («Жүз 
жылдық арман» әңгімесі) 
Алланың 
рақымы
– Алланың рақымы жауған саған, Қалампыр! 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Алланың уысы 
Жалпы, бұл ауылға жаңалық біткен жұрттың ең соңынан 
жететін әдеті, тіпті, совет үкіметі де Сырдан кешіп өтіп, 
Алланың уысындағы алыс ауылды табамын дегенше де 
екі жыл жүрген. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Алып қашу
Хатында ол Бағиланы алып қашамын деп, нақты уәде 
беріпті. («Қарғын» романы) 
Ана сүті 
Ол ана сүтімен еніп, сүйекке сіңеді. («Ай-Петри 
ақиқаты» әңгімесі) 
Астапыралла
–Астапыралла, бір бәле болған ғой бұған. («Қабылан» 
әңгімесі) 
Астапыралла
Астапыралла, 
кешіре 
гөр 
асылық 
сөйлесем!.. 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Астапыралла
Ал апам иттің мұндай қасиетін көпке дейін бір 
жамандыққа жорып, «астапыралла» деп үрейленумен 
болды. («Қабылан» әңгімесі) 
Астапыралла
Астапыралла, жын ба, пері ме? («Шалдар» әңгімесі) 
Асықты жілік 
Ертең оның алдына асықты жілік қой. («Ақырмаштан 
наурызға дейін» әңгімесі) 
Ата-баба
Ел аман, жұрт тынышта ата-бабаның моласын тастап 
қайда үдере көшеміз? («Жүз жылдық арман» әңгімесі) 
Ат 
басындай 
алтын
Ат басындай алтыны мен атан түйесін қажет болса 
сұраусыз-ақ алып жүре беретін тегіміз қазақ емес пе 
едік. («Қабылан» әңгімесі) 
Атам 
өлсе 
қойылар, 
атан 
өлсе сойылар 
«Атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар», көңілі түссе 
келіп, көңілі түспесе жылына есігіңнен бір сығаламай 
жүре береді сөйтіп. («Қара шаңырақ» әңгімесі) 
Атам 
өлсе 
қойылар, 
атан 
өлсе сойылар 
Тіпті, «атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар» дегендей 
бейғам жатыр ғой жүдә. («Шалдар» әңгімесі) 
Ауызашар
Ертең ауызашар, Киевтен шыққан посылкаға сеніп бұл 
Қараспан базарына да бармаған. («Ақырмаштан 
наурызға дейін» әңгімесі) 
Ауызашар
Ертең ауызашарға қайтып келуім керек («Ақырмаштан 


147 
наурызға дейін» әңгімесі) 
Ашу 
алдында, 
ақыл соңында 
«Ашу алдында, ақыл соңында» деген бар емес пе?» 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Әруақ
Қайда барып тоқтары белгісіз Тілекең, ерден мықтап 
ұстап «әруаққа» сиынып тарта береді. («Шойынқұлақ» 
әңгімесі) 
Әулие
Ол деген нағыз әулие. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Әулиенің басы 
Бұрыштамадан 
бұрыштама 
соғылып, 
бұрыштама 
соғатын сау жер қалмаған соң тілдей-тілдей сілтемелер 
жапсырылып, 
Жанайдаровтың 
алдына 
әулиенің 
басындағы 
шеңгелдей 
сәусілдеп 
әрең 
жетті. 
(«Ескерткіш» әңгімесі) 
Әулиет
"Мен әрқашан өз әулетіміздің тазалығы қоғам алдында 
да, адам алдында да қызарар тірлік жасамауын, алып-
қашты сөздерден аулақ болғанын, көбірек ойлаймын,"- 
депті ол хаттың соңғы жағында. («Қарғын» романы) 
Әупірім тәңір
Қысқасы, ескерткіш салу мәселесі әупірім тәңіріммен 
шешілді. («Ескерткіш» әңгімесі) 
Әупірім тәңір
Ай, осы Есіркеп адам болса да әупірім тәңіріммен әрең 
адам болды-ау. («Қара шаңырақ» әңгімесі) 
Бай мен бай 
құда болса
«Бай мен бай құда болса араларында жорға қатынайды, 
кедей мен кедей құда болса араларында дорба 
қатынайды, бай мен кедей құда болса бір-біріне зорға 
қатынайды» деген ғой бұрынғылар. («Шалдар» әңгімесі) 
Бас қою 
– Ертең басты соның алдына қояйық, қанша дегенмен 
ескі таныс қой. («Ақырмаштан наурызға дейін» 
әңгімесі) 
Бата қылу
Елу бес жыл бойы жоғары жақтың нұсқауынсыз ас ішіп, 
бата қылып үйренбеген ауыл тұрғындары бостандықтың 
мұндай түрін қалай қабылдауларын білмей, айдалада 
адасқан жолаушыдай аңтарылып тұрды да қалды. («Жүз 
жылдық арман» әңгімесі) 
Бауырымдау
«Бауырымдап» көзіне жас алды. («Жүз жылдық арман» 
әңгімесі) 
Белбеу
Кемпір шыт белбеуінің ұшымен жасын сүртіп қойып: 
«Қалай, амансыңдар ма, әйтеуір», – деді күрсініп. 
(«Огонек журналының 17-ші саны» әңгімесі) 
Бесік
Сәби өзінің жүз жылдық ерекшелігі мен басты-басты 
қасиеттерін осы бесікте жатқан шағында алады, бәлкім, 


148 
Қабылан да өзінің айрықша мінездерін қайратты 
бойының бір түкпірінде жасырын сақтап қалған шығар. 
(«Қабылан» әңгімесі) 
Бесік
– Бесікте ме, жерде ме? («Қара шаңырақ» әңгімесі) 
Бесік
– Бесік қайдан болсын, «детский кровать» сатып 
алғанбыз, сонда жатыр. («Қара шаңырақ» әңгімесі) 
Бесік
– Імм. Бесік неге алмайсыңдар? («Қара шаңырақ» 
әңгімесі) 
Бесік
Бағила ол жігіттің қайта айналып соғуын іштей қалады 
ма, қаламады ма, ол жағын өзі де анық аңғара алмады, 
әйтсе де, ұзақ жылдар бойы ізет пен құрметтің, 
кішіпейілділік пен мейірімнің ғана бесігінде бөленіп, 
тып-тыныш, бір қалыпты баяу өмірі бүгін ғана түлер 
алдындағы үкідей бір сілкініп өткенін, сол сілкініс оның 
тынышын алғанын сезінбеске шарасыз еді. («Қарғын» 
романы)
Бәсіре
Бәсіресіне көгендегі саулығымды атадым. («Кемпірлер» 
әңгімесі) 
Бес уақыт намаз Бес уақыт намазым түгел. («Жүз жылдық арман» 
әңгімесі) 
Бес 
уақытылы 
намаз 
Бес уақтылы намазың көп болса насыбайға қосып 
сататын әгіңді ғана жуар, ал қырық түйеге жүк болатын 
қалған күнәңді қай жеріңе тығасың? («Жүз жылдық 
арман» әңгімесі) 
Бір 
атым 
насыбай
«Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді, 
бірақ, бір қалауымды жерге тастады деп сен де 
өкпелеме. («Қабылан» әңгімесі) 
Бір Құдайға
Бұл даудың аяғы немен бітетіні бір құдайға ғана аян боп 
өршіп-ақ келе жатыр еді, дәл осы кезде алдына арбасын 
сүйреткен «Беларусь» арылдап кеп тоқтай қалды да, 
құдыққа құлап кеткендей бірден өше қалды. («Есепшот, 
түйетауық және домино» әңгімесі) 
Дастарқан
Төрде дастарқан жаюлы тұр екен. («Бонапарттың 
үйленуі» әңгімесі) 
Дастарқан
Дастарқан үстінде ашылмаған екі бөтелке «пшеничная» 
мен грузин коньягін көріп, жұмыс бабымен келген 
екеуінің ресми жүзіндегі сұстылық табан асты сұйылып 
сала берді. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Дастарқан үсті
Дастарқан үстінде ретті-ретсіз, әр тұрлі тақырыптағы 


149 
бытыраңқы жайттар сөз болды. («Қарғын» романы) 
Дастарқандас 
болу
Мұндайлармен бірге өмір сүру былай тұрсын, бір сағат 
дастарқандас болудың өзі азап қой. («Огонек 
журналының 17-ші саны» әңгімесі) 
Дәрет алу
Дәрет алған, алмағаныма үңіліп қарап тұратын сен менің 
қолымдағы құман емессің ғой. («Жүз жылдық арман» 
әңгімесі) 
Дәрет алу
– Өшшерде-ақ оқи бермейсің бе, бәрібір дәрет 
алмайсың. («Жүз жылдық арман» әңгімесі) 
Екі қолын жаю
Енді ол өз-өзінен күбірлеп, аспанға қарап, екі қолын 
жайып, тәңірге жалбарынғандай түсініксіз бірдеңелердің 
басын шата бастады. («Есепшот, түйетауық және 
домино» әңгімесі) 
Еміп өсу
- Жасымда түйе еміп өскем. («Қарғын» романы) 
Еміп өсу
Менің бір тарихшы танысым бар, академияда, ол жас 
кезінде ешкі еміп өсіпті. («Қарғын» романы) 
Ер-тұрман 
Былтыр қыста ол әкемнің Арқа жақтан бір сиырдың 
құнына сатып әкелген ер-тұрманын көре салып қалау 
сала келген. («Қабылан» әңгімесі) 
Ер-тұрман
Жалпы, исі қазақ ат иесінің көзі тірі тұрған кезінде ер-
тұрманын сұрамайды, ол жаман ырым. («Қабылан» 
әңгімесі) 
Ер-тұрман
Ер-тұрман – әке өлсе балаға, аға өлсе ініге мұра боп 
қалады, мұрагер жоқ болса, марқұмның үзеңгі досы мен 
көңілі жақын адамына аманат ретінде тапсырылады. 
(«Қабылан» әңгімесі) 
Есік ашу
Қанша айтқанмен кең пейіл, келмесең өкпелей қалатын 
қонақжай ауыл адамдары емес пе, немересін алдап-
сулап, кемпірлермен бұрынғысынша әңгіме-дүкен 
құрды, Зеркүлдің Түркістаннан есік ашып келген 
қызының 
қоржынының 
аузын 
сөгуге 
қатысты. 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Есік көрген
Бір жыл өткен соң Мәликеге үйленді. Мәлике бұған 
дейін есік көрген әйел-ді. («Қарғын» романы) 
Ет асу 
Үй иесі: «Өй, кемпір, ет ас мына иттерге», – дейді. 
(«Ақырмаштан наурызға дейін» әңгімесі) 
Жақсы ит өлігін 
көрсетпейді
«Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деген осы ма, әлде, 
ерекше туған Қабылан ақтық демін өскен жердің 
ауасымен алғысы келді ме екен, әкем оның денесін 


150 
көшкен жұрттан тауып әкеліпті. («Қара шаңырақ» 
әңгімесі) 
Жақсы сөз – 
жарым ырыс
– Жақсы сөз – жарым ырыс, сұңқылдап қайдағыны 
айтып тұрғанын қарашы. («Қара шаңырақ» әңгімесі) 
Жаушы жіберу
Жаушы жіберу, құда болу, бетке ұн жағысу, қызға белгі 
салу т.с.с. толып жатқан жоралғылар артта қалып, той 
күні белгіленді. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Жасаған
«Қазір алсаң да жас кетіп бара жатырмын демес ем, 
бірақ, мына қарғам оң-солын танығанша қарайлай тұр, 
жасаған» деп немересі үшін өзіне өмір тілейді. 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Жасаған
– О жасаған, шүкір, шүкір мұныңа. («Шалдар» әңгімесі) 
Жасаған
"О, жасаған, ақ падишаны сақтай гөр!" («Қарғын» 
романы) 
Жасаған-ау 
– Жасаған-ау, Дәметкенбісің! («Кемпірлер» әңгімесі) 
Жеңеше

О-о, жеңеше, амансың ба?- деген әкесінің 
сәлемдесуінен 
Бағила 
бұл 
келіншек 
Тәшкен 
дастарқанының табынушысының әйелі екенін түсінді. 
(«Қарғын» романы) 
Жолын жуу 
«Жолыңды жу» деп жатыр жұрттар. («Ақырмаштан 
наурызға дейін» әңгімесі) 
Жұт 
жеті 
ағайынды 
"Жұт жеті ағайынды" дегендей, мотор да сөніп қалды. 
(«Қарғын» романы) 
Жылқы 
мен 
жылқы 
кісінескенше 
«Жылқы мен жылқы кісінескенше, адам мен адам 
сөйлескенше» деген осы ғой. («Шалдар» әңгімесі) 
Ит 
тойған 
жеріне
«Ит тойған жеріне» деп жұрт көп итке теліп айтқан, ал 
Қабылан жүзден, мыңнан кездесетін қасиетті жалқы 
ғой.(«Қабылан» әңгімесі) 
Иттің баласы
«Нәлеті, иттің ғана баласы, кім болды екен, қандай ғана 
мейірімсіз болды екен!– деп әкем түтігіп кетті. 
(«Қабылан» әңгімесі) 
Кәлимаға тілін 
келтіру
Күйеу баланы күтіп, дабыр-дұбыр, мәз-мейрам боп 
отырған кемпірлер кәлимаға тілін келтірген. («Қарғын» 
романы) 
Келін түсіру
Осы бір жапырақ қара баланың арқасы ғой жұрт 
қатарлы жекжат тауып, келін түсіріп, ду-ду той жасап, 
ел санатына қосылып отырғанымыз. («Шалдар» 
әңгімесі) 


151 
Кереге бау
Тұрған жеріңде жоныңнан таспа тіліп, кереге бау 
жасайын ба! («Қарғын» романы) 
Кимешікті 
кемпір 
«Ана кіші келінім, – дейді төрде отырған кимешекті 
кемпір дауысын кілт төмендетіп, – ене-ау, ас 
аңдығандай боп қыдыра беріп қайтесіз, үйде 
отырсаңызшы. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Киіз
Сол кезде тақта-тақта түс киіздей құлпырып тұрған әлгі 
ағайынның жері мен қазақтың дәл өзі секілді басы 
бірікпей, «шықсам ба, шықпай-ақ жата берсем бе екен» 
деп әр жерден ербие қылтиып тұрған тәкаппар 
жүгерілерді көреді де, сілейіп тұрып қалады. («Талахан 
186» әңгімесі) 
Киіз
"Бірде киіз, бірде мүйіз, неткен адам",- деді ол 
наразылық 
пен 
разылықтың 
тең 
ортасына 
түсіп. («Қарғын» романы) 
Киіз үй 
Аула ішіндегі балалар жататын жаздық киіз үй түгел 
босатылып Бонапартқа берілді. («Бонапарттың үйленуі» 
әңгімесі) 
Киіз үй 
Арада екі сағаттай уақыт өткенде операция басталып 
кетті: киіз үйдің ішінде Рәт ақсақал Бонапартты 
сүндетке отырғызып, бастырма астында Масақбай мен 
Дөржан қара қошқардың терісін сыпырып жатты. 
(«Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Көрімдік 
Кейін, ана Тұрлыбегің үйленгенде көрімдік етіп 
қайтарамын. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Күйеу 
жүз 
жылдық
«Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деген бар. 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Күйеуге қашып 
кету
Осы екі аралықта Есқараның ортаншы қызы көрші 
бөлімшедегі тракторшы жігітке күйеуге қашып кетіп, 
бұл ауылдың жігіттері ол ауылдың жігіттерімен 
төбелесіп, ақыры қайта татуласып, мәмлеге келді. 
(«Ақырмаштан наурызға дейін» әңгімесі) 
Күйме
– Оған енді күйме жібереміз бе? Үйіне кісі келсе жетіп 
барамыз ғой осы. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Қабақ шыту
Әкесі аудан көлеміндегі басшысының бірі болып тұрған 
соң ба, ол өмірдің қабақ шытар өзге мінезінен мүлде 
аулақ өсті. («Қарғын» романы) 
Қалыңдық
Қалыңдыққа баруға он күн қалғанда ауылдағы баяғы 
«төтенше комиссия» Әбдәшімнің үйіне сәскеге жуық 


152 
тағы жиналды. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Қамшы
Ақырында әкем оған күміс сапты қамшысын беріп, үйге 
шақырып, ескі кірбіңнің ізін жуып-шайған болды. 
(«Қабылан» әңгімесі) 
Қамшы
Мынау ақ ниет, ақ көңілмен ұсынған достық белгім 
болсын, алыңыз, – деп күміс сапты қамшысын ұсынды. 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Қамшы
Иықтарымен сым тіреген телеграф бағаналары көз 
алдыңнан сілтенген қамшыдай сып-сып етіп тынымсыз 
өтіп жатыр. («Огонек журналының 17-ші саны» 
әңгімесі) 
Қамшы
Ақ көңілмен ұсынылған қамшы түрткі болды ма, әкем 
шақырғанда, ол да маңғазсымай әйелі, үлкен қызы, 
үшеуі кештетіп жетіп келді. («Қабылан» әңгімесі) 
Қамшы
- О, есектің миын жеген доңыз!- деді қонышынан 
қамшысын суырып. («Қарғын» романы) 
Қамшының сабы – Ана тракторды көрдің бе? – деді ол әлгінде ғана 
қолдан жасап алған қамшысының сабымен бізден ширек 
шақырымдай жерде кетіп бара жатқан тракторды 
нұсқап,– сенің баратының сол, қазір ауыстыруға тиіссің. 
(«Шойынқұлақ» әңгімесі)
Қамшының сабы Шойынқұлақтың айдап кеткен жерін қамшысының 
сабымен әрі-бері өлшеп тұрып: 
– Әй, мұнда кел. Көрдің бе не істеп қойғаныңды? 
(«Шойынқұлақ» әңгімесі) 
Қамшы 
салдырмау
Мәликемен қосылған күнді от басында ішпесек те ырым 
үшін атап өтейік деп ойлаған Сәргел мына үшеуінің, 
әсіресе, мына екі қыздың қамшы салдырмай шампанды 
сілтеп-сілтеп салғандарына қатты қайран қалды, тіпті, 
шошынайын деді. («Қарғын» романы) 
Қарғыс атқан
– «Қарғыс атқан ауылдың» адамына кім ынтық боп отыр 
дейсің. («Жүз жылдық арман» әңгімесі) 
Қимасын сұрама – «Шын досыңның қимасын сұрама» деген емес пе, 
Беріш. («Қабылан» әңгімесі) 
Қой аузына шөп 
алмайды
«Бәрі де бейкүнә, қой аузынан шөп алмайтын момын, 
сыпайы, – деп ойлады ішінен Ережеп. («Конфронтация» 
әңгімесі) 
Қонақ ету 
Кісі шақырып қонақ етпесек болмас. («Ақырмаштан 
наурызға дейін» әңгімесі) 


153 
Қонақасы 
бермеу 
– Әлбетте, ол жақтағы жұрт аш отыр деген ойдан 
аулақпын, әйтсе де, біздің бортқа аяқ басқан соң 
қонақасы бермеу де көргенсіздік емес пе? («Ай-Петри 
ақиқаты» әңгімесі) 
Қоржын
Сол кезде ғана әйелдердің шыдамсыздана күткен сәттері 
де жетіп, Қарекеңдердің қоржын-қосқұлақтарының аузы 
сөгілді. («Шалдар» әңгімесі) 
Құда
Онсыз да тығырықтан жол таппай амалы құрып отырған 
дастарқан басындағылар мынадай келеңсіз әңгіменің 
құдалар ауылына жетпей тынбайтынын ойлағанда 
әрқайсысы отырған-отырған орнында қара жерге кіріп 
кете жаздады. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Құда
–Бұл хабар ертең құдалардың құлағына шалынсын, 
масқараның көкесін сонда көреміз. («Бонапарттың 
үйленуі» әңгімесі) 
Құда
– Ал, құдаларға не дейміз? («Бонапарттың үйленуі» 
әңгімесі) 
Құдай
«Әуелі құдай, сонан соң Кашпировский! –деп Масақбай 
өзеуреп қоймады. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Құдай 
«Құдайдың берем десе баласы жоқ па, жіберем десе 
бәлесі жоқ па» деген, Алла кәріне алып жүрсе қайтесің. 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Құдай
Құдайдың киелі ораза айты күні тауықтарыңның әке-
шешесін түк қалдырмай сыпыртып боқтап жүр едің ғой 
алдыңгүні. («Ақырмаштан наурызға дейін» әңгімесі) 
Құдай
– Құдайды айтпаңыз. («Ақырмаштан наурызға дейін» 
әңгімесі) 
Құдай
Құдайдың көрсеткеніне құлдық. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Құдай
– Тек құдай бәле-жаладан аулақ қылсын... («Мәңгілік 
қағида» әңгімесі) 
Құдай
– Құдай бетін аулақ қылсын,– деп шал сақалын ашулана 
сипады. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Құдай
Оны құдай неге қарғады, қашан қарғады, ол жағын 
ешкім біле алмады. («Жүз жылдық арман» әңгімесі)
Құдай
«О, құдай, енді елге не бетімді айтамын» деп күрсініп 
едім, әлгі жігіт мені бас салып құшақтай алғаны. («Жүз 
жылдық арман» әңгімесі) 
Құдай
Құдай қашанғы жылата берсін, тым болмаса барған 
жеріңде бағың ашылса екен, жарығым... («Мәңгілік 


154 
қағида» әңгімесі) 
Құдай
Екеуіне бұдан өзге дәулеттің де, дүниенің де, керегі жоқ, 
тек құдай патшаларға тыныштық берсін, әнебір жаман 
немере аман болсын. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Құдай
«Тамағыңды ішсеңші, суып қалды ғой» деген сөзге 
«міні, қазір, қазір» деп құдайдың сәске түсіне дейін 
жүреді. («Шалдар» әңгімесі) 
Құдай
«Осылар жесін, осылар кисін» деп жар құлағың 
жастыққа тимей, жарасымды өмірлеріне жаның 
сүйсініп, «е, құдай, балаларымды бақытты қыла гөр, 
өмір жастарын ұзақ қыла гөр» деп жүргенде, бұл 
ақымақтардың сүттей ұйыған тұрмыстары нілдей 
бұзылып, қақыратып кетті-ау қабырғаны. («Шалдар» 
әңгімесі) 
Құдай
Япыр-ай, бар болса, шынымен-ақ «құдай» сақтаған екен! 
(«Шойынқұлақ» әңгімесі) 
Құдай
- Өмірімде мұндайды көрген жоқ едім,кырық бес мал 
арам өлгенде бір боқтаса адам түгілі құдай да кешірер. 
(«Қарғын» романы) 
Құдай
Адамға еш нәрсе бастан-аяқ ұнаған емес, тіпті, әлгі 
айтқан құдайды да көп ретте ұната бермейміз ғой. 
(«Қарғын» романы) 
Құдай
Ал, құдай емес, өзегінде өлімі бар жай ет пен сүйектен 
тұратын адам жайлы не демейміз. («Қарғын» романы) 
Құдай
Жасынның бір ғалым кейіпкері (философ) студенттерге 
лекция оқып тұрып: Адам миы - құдай фантазиясының 
тамаша жетістігі" деген еді. («Қарғын» романы) 
Құдай
Құдай о баста әдемілікті сол үшін жаратқан. («Қарғын» 
романы) 
Құдай
Менімше, құдай барып тұрған эгоист, тек қара басын 
ғана ойлайды. («Қарғын» романы) 
Құдай
Егер құдай адамды шын жаратқан болса, онда да өзі 
үшін. («Қарғын» романы) 
Құдай
Құдайға бұл тиімді. («Қарғын» романы) 
Құдай
Дегенмен, өзім дегенде құдайдың фантазиясы мықты 
жұмыс істеген. («Қарғын» романы) 
Құдай
Бағила оның кімді келеке еткенін – құдайды ма, Адамды 
ма, ол жағын толық ажырата алмады. («Қарғын» 
романы) 


155 
Құдай
Ол қарсы алдындағы сигаретін будақтатып, адам түгіл 
құдайды сынап, келеке етіп отырған жігіттен 
шошынайын деді. («Қарғын» романы) 
Құдай
Бірақ, ол құдайлар мен қазіргі кездегі құдайдың арасы 
аспан мен жердей, өйткені қазір Адам ұғымындагы 
жаратушы күш боп танылатын ғана құдірет иесі қалды. 
(«Қарғын» романы) 
Құдай-ай 
О, құдай-ай, біздің туысқандығымызды өзге де емес, өз 
жүрегіміз неге ұғынбайды екен. («Ең бақытты түн» 
әңгімесі) 
Құдай-ай
Құдай-ай, енді не дерсің бұған! («Есепшот, түйетауық 
және домино» әңгімесі) 
Құдай-ай 
Керісінше... ой, құдай-ай, ол осыны бірнеше күн бойы 
іштей күткен жоқ па! («Ең бақытты түн» әңгімесі) 
Құдай-ай 
- Құдай-ай, осы Алматыда жөндеп демалатын да орын 
жоқ,- деді ол бұрқырап. («Қарғын» романы) 
Құдай-ай 
Құдай-ай, осының есепшоты қашан қурап қалар екен! 
(«Есепшот, түйетауық және домино» әңгімесі) 
Құдай-ай
–О, құдай-ай! Осының есепшотының үні өшетін күн бар 
ма екен! («Есепшот, түйетауық және домино» әңгімесі) 
Құдай-ай 
– Ой, құдай-ай, шыным. («Ағайындылар» әңгімесі) 
Құдай-ай
– Құдай-ай, – деді күйеуінің оқымысты бола қалғанына 
ызаланған келіншек. («Огонек журналының 17-ші саны» 
әңгімесі) 
Құдай-ау
«Аһ, не дейді құдай-ау!»–деп ол кісі орнынан атып 
тұрып, шартаққа қарай жүгіре жөнелді. («Қабылан» 
әңгімесі) 
Құдай-ау 
Құдай-ау, 
мен 
бұлай 
деп 
қайтіп 
айтпақпын! 
(«Ағайындылар» әңгімесі) 
Құдай-ау 
«Құдай-ау, бұл маған «қайтадан ғашық болып 
отырғаннан 
сау 
ма?» 
– 
дедім 
өзіме-өзім. 
(«Ағайындылар» әңгімесі). 
Құдай-ау 
«Құдай-ау, бұлар қайда жүр? («Ай-Петри ақиқаты» 
әңгімесі) 
Құдай-ау 
Не болды құдай-ау, жын ұрып кетті ме? («Ақырмаштан 
наурызға дейін» әңгімесі) 
Құдай-ау 
– Құдай-ау, сен не деп тұрсың? («Ай-Петри ақиқаты» 
әңгімесі) 
Құдай-ау
«Құдай-ау, сендерді қайдан ғана туып едім!» деп еденге 


156 
отыра ғап ебіл-дебіл жылаушы еді. («Мәңгілік қағида» 
әңгімесі) 
Құдай-ау
«Шайып ала саласың», «Құдай-ау, әрине шайып ала 
аламын. («Есепшот, түйетауық және домино» әңгімесі) 
Құдай-ау 
Құдай-ау, неткен адамсыңдар бәрің, түйсік деген бола 
ма сендерде! («Есепшот, түйетауық және домино» 
әңгімесі) 
Құдай-ау
О, құдай-ау десеңші, пендесін өлтірмеймін десе Алла 
есебін табады екен ғой. («Жүз жылдық арман» әңгімесі) 
Құдай-ау 
Енді соған бола ажыраса ма екен, әлде ғана құдай-ау 
десеңші! («Шалдар» әңгімесі) 
Құдай-ау 
«Тоқта, тоқта, құдай-ау, келін осы екі қабат емес пе еді! 
– деді әлден соң Қарекең күбірлеп, – мен үйде болған 
кезімде ұялып, көп аса далаға шыға бермейтін еді ғой. 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Құдай-ау 
Құдай-ау немере дейді. Келінжан босанған ба? О тоба, о 
жасаған! («Шалдар» әңгімесі) 
Құдай-ау
- Көтек! Нағыл дейді, құдай-ау!- деді әйел бетін 
шымшып. («Қарғын» романы) 
Құдай 
ақырын 
берсін
– Биылғы қыс қытымырланып тұр ғой, құдай ақырын 
берсін, – деді Молдабай тамсана сөйлеп. («Шалдар» 
әңгімесі) 
Құдай 
аман 
қойса
Құдай аман қойса қайнағамның қолынан бір күні 
резеңке ет жейтін шығармын! («Есепшот, түйетауық 
және домино» әңгімесі) 
Құдай берген
Құдай берген мінезі болса қайтесің, ар жағында 
жамандығы жоқ болса болды ғой. («Есепшот, түйетауық 
және домино» әңгімесі) 
Құдай береді 
– Оны құдай береді. («Ай-Петри ақиқаты» әңгімесі) 
Құдай болсам 
Егер мен "құдай" болсам адамдарды маймылдан емес- 
Ахалтекеден жаратар едім. («Қарғын» романы) 
Құдай біледі
Құдай біледі, кіріп келгенде біз өліп жатсақ «о, өліп 
қапты ғой мына байғұстар» дейсің де қоярсың. 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Құдай біледі 
Құдай біледі, сендерде бір жамандық бар? («Ай-Петри 
ақиқаты» әңгімесі) 
Құдай жазса
- Ал, сау болыңыз. Құдай жазса тағы кездесерміз. 
(«Қарғын» романы) 
Құдай жалғыз
- Менде не әрекет болады?... Құдай жалғыз, мен 


157 
жалғыз... («Қарғын» романы) 
Құдай кешіреді Мені құдай кешіреді! Кешіреді!.. («Мәңгілік қағида» 
әңгімесі 
Құдай қарғаған «Бұл ауылды құдай қарғаған» деген сыбыс та шыға 
бастады. («Жүз жылдық арман» әңгімесі) 
Құдай қарғаған «Құдай қарғаған» деген сыбыс күннен-күнге етек алып, 
ол пікір діни күдіктен қоғамдық тұжырымға ұласып, 
коммунистер мен социалистердің де, демократтар мен 
толып жатқан ұлттық партия өкілдерінің, тіпті, айтулы 
атеистердің өздерін де иландыра бастады. («Жүз 
жылдық арман» әңгімесі) 
Құдай қойса 
Құдай қойса әлі-ақ жігіт болып шыға келеді. 
(«Ағайындылар» әңгімесі) 
Құдай қос көрсе Құдай қос көрсе, жекжат боламыз түбі» деп ішіне түйіп 
жүрген. («Шалдар» әңгімесі) 
Құдай 
өз 
қолымен жазған 
Қазақтың маңдайына философияны құдай өз қолымен 
жазған,- 
деді 
Мәлике 
күйеуінің 
ескертуіне 
бұрынғысынша жайдары мінезбен оп-оңай тойтарыс 
беріп. («Қарғын» романы) 
Құдай сақтасын О, құдай сақ... құдай сақт... – Жанайдаров өзіне-өзі 
келем дегенше ана жақтағы адам трубканы қойып
үлгерді. («Ескерткіш» әңгімесі) 
Құдай сақтасын Құдай 
сақтасын, 
мына 
немеремнің 
бір 
күнгі 
қуанышынан садаға бәрі де!» («Кемпірлер» әңгімесі) 
Құдай сақтасын – Құдай сақтасын, – деп күрсінді Жамал. («Ай-Петри 
ақиқаты» әңгімесі) 
Құдай сақтасын – Жоқ, құдай сақтасын. («Ай-Петри ақиқаты» әңгімесі) 
Құдай 
сақтай 
көр
«Құдай сақтай гөр»,– деді ішінен Жанайдаров өз 
өтірігінен өзі шошып. («Ескерткіш» әңгімесі) 
Құдай тілеуіңді 
бергір
«Құдай тілеуінді бергір Қатира, – деді ішінен асығыс 
киініп жатып. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Құдай 
тілеуін 
беру
«Құдай тілеуін беріп, өшкен үмітін қайта жаққан екен 
бейшараның. Бір атадан қалған жалғыз тұяқ еді, көп 
әулие-әнбиелердің бір шапағаты тиген ғой» деп әркім 
әрқалай қуаныш білдіруде. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Құдай ұрды
– Құдай ұрды деген осы!–деді ол дұға оқығандай 
күбірлеп. («Ескерткіш» әңгімесі) 
Құдай ұрды 
– Ойбай, «никиракты» қоя тұрыңыз, апа. Құдай ұрды! 
(«Социализм зәулімі» әңгімесі) 


158 
Құдай ұру
– Қой, өйтіп құдай ұрып па? («Жүз жылдық арман» 
әңгімесі) 
Құдай ұру
- Сол, денеме сенем деп құдай ұрып қалды ғой. 
(«Қарғын» романы) 
Құдай үшін 
Солай етіңізші, ағатай, құдай үшін! («Ең бақытты түн» 
әңгімесі) 
Құдай үшін 
- Құдай үшін, атамаңыз! Керегі жоқ! («Қарғын» романы) 
Құдай үшін
- Япырмай...- Ол жан-жағына жасқана қарап қойды.- 
Тіпті 
ұят 
екен... 
Қайтыңызшы, 
құдай 
үшін,өтінемін... («Қарғын» романы) 
Құдай үшін
- Қойшы, құдай үшін!- деді Мәлике ызалы үнмен оның 
сөзін бөліп,- немене ол, еркек, еркек? («Қарғын» роман) 
Құдай үшін
- Қысқартып айтшы, құдай үшін! («Қарғын» роман) 
Құдай үшін
Құдай үшін, маған бұлай қарап тұрып сөйлемей-ақ 
қойыңызшы. («Қарғын» романы) 
Құдай үшін 
- Құдай үшін, өмір бойы сөйлемей тұра беріңіз, бірақ, 
арзан оймен әлек болмаңызшы. («Қарғын» романы) 
Құдай үшін 
- Сонан соң, құдай үшін, ана жігітке айтыңыз, портретті 
үйге жібермесін. («Қарғын» романы) 
Құдай үшін
Тоқтатыңызшы тоқығанды, құдай үшін! («Қарғын» 
роман) 
Құдайға 
не 
жазып едік 
–Өмір бойы жылап өтетіндей біз сорлы құдайға не 
жазып едік! («Мәңгілік қағида» әңгімесі) 
Құдайға сыйыну – Ішіңнен құдайға сиын! («Бонапарттың үйленуі» 
әңгімесі)
Құдайға шүкір
– Құдайға шүкір, саған қарағанда үмітім бар. («Жүз 
жылдық арман» әңгімесі)
Құдайға шүкір
– Құдайға шүкір! Айтпақшы олар осында ғой. 
(«Есепшот, түйетауық және домино» әңгімесі) 
Құдайға шүкір 
«Құдайға шүкір», – деп қоятын ол бір күрсініп. 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Құдайға шүкір 
- Уф! Құдайға шүкір. Таңға шейін тұрып ала ма деп 
қорқып ем. («Қарғын» романы) 
Құдайдың жері Құдайдың жеріне адам ен салғанды қайдан көріп едің. 
(«Қабылан» әңгімесі) 
Құдайдың зары 
Қапланбектің текнікүміне түс деп құдайдың зарын 
қылғанымда адам айдаса бармайтын жердің түбіне 
қаштың да кеттің. («Ақырмаштан наурызға дейін» 
әңгімесі) 


159 
Құдайдың зары Ол иттің күшігіне «оқы, оқы» деп құдайдың зарын 
қылып ем, тыңдамады. («Қара шаңырақ» әңгімесі) 
Құдайдың қара 
жері
«Құдайдың қара жерін алалап, анаған жақсысын, маған 
жаманын «берді» деп бар кінәні айдаладағы бастыққа 
жауып, өзін құлантаза ақтап алып шығады да, тектен 
текке кектеніп, атына қамшысын басып кеп қалады. 
(«Талахан 186» әңгімесі) 
Құдайдың 
құдіреті
– О, құдайдың құдіреті, осыны шын айтып отырсың ба? 
(«Жүз жылдық арман» әңгімесі) 
Құдайдың 
құдіреті
– Құдд-аның құдіреті!...–деді Рәт ақсақал өзімен-өзі 
ақылдасқандай аспанға қарап. («Бонапарттың үйленуі» 
әңгімесі) 
Құдайдың 
құдіреті 
Құданың құдіреті,–деді әйелі. («Тағдырдың кейбір 
кездер» әңгімесі) 
Құдайдың 
құдіреті
Робинзон Крузо қылтиып өсіп тұрған жалғыз түп 
бидайды көргенде қалай таңырқанса, бұл адамдардың 
әрқайсысы «құданың құдіретіне» одан кем таңданып 
тұрған жоқ еді. (Талахан 186» әңгімес) 
Құдайдың құтты 
күні
Дөржан болса құдайдың құтты күні жұмыстан келе 
салып Бонапарт жатқан қараша үйге кіреді де: 
– Қалайсың? – дейді. Ол үндемейді, немере ағасына 
қарап есі ауысқан адамдай балпиып жатады да алады. 
(«Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Құдайдың 
мақұлығы
– Шошқа да құдайдың мақұлығы, – деді Сопытай 
салмақты үнмен. («Есепшот, түйетауық және домино» 
әңгімесі) 
Құдайдың 
өзі 
білсін
Осы үш күннің ішінде анау ши қалпақтың астындағы 
жұдырықтай басына не келіп, не кеткенін бір құдайдың 
өзі білсін, әйтеуір, бүгін түсте сиырларын бастырмаға 
қамап болған соң ғана там көлеңкесінде ойнап жүрген 
төрт-бес балаға көкейіндегі құпиясын ашуды жөн көрді. 
(«Талахан 186» әңгімесі) 
Құдайдың 
пешенеге 
жазғаны
Қолы ұзындар бұл колхоздан туыстарын көшіріп алып, 
қолы қысқалары «құдайдың пешенеге жазғанын көріп», 
осында қала берді. («Жүз жылдық арман» әңгімесі) 
Құдайы 
беріп 
қалу 
– Немене, төбелес көріп, құдайың беріп қалды ма? – деді 
оған кекете үн қатып. («Конфронтация» әңгімесі) 
Құдайым-ау 
–Құдайым-ау, адасқың келсе де адаса алмайтын жер ғой 
ол, – деді аудармашы. («Ескерткіш» әңгімесі) 


160 
Құдалық
– Қайдағы құдалық? («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Құран
Інжіл мен құранды оқысаң құдай мен алла адамды 
мейірі түсіп жаратқан. («Қарғын» романы) 
Құран
Ол кәпірлердің інжілін де, мұсылмандардың құранын да 
оқыған жоқ еді, бірақ грек мифологияларынан, ақын, 
драматургтерінің шығармаларынан құдайдың адамша 
сөйлегендерін, тіпті, дауласқандарын да оқыған. 
(«Қарғын» романы) 
Құран
Құранды ұран деп берсең ұран деп, ұранды құран деп 
берсен құран деп оқи беретіндер. («Қарғын» романы) 
Құрандай
Шалқасынан түсіп біраз жатқан соң құрандай 
жалықпайтын жаңағы журналын қайтадан алып, үш-
төрт 
танкінің 
соңынан 
жүгіріп 
бара 
жатқан 
солдаттардың суреті салынған бетті ашады. («Огонек 
журналының 17-ші саны» «әңгімесі) 
Қыз ашу
– Қыз ашуы оңай дейсің бе? («Шалдар» әңгімесі) 
Қыздай сызылу Тіпті, қыздай сызылып отырған анау Сексенбаевтың 
өзін алшы. («Конфронтация» әңгімесі) 
Қылыштай 
сермелген
Купеде алашадай журналды бетіне айқара жауып жатқан 
адамның күйеуі екенін біле тұра сұрағаныма ашуланды 
ма, әлде көрікті әйелге мен секілді жабысқақ сұрақ 
қоюшылар табан астынан табыла кетіп әбден ығыр 
еткендіктен бе, ол қылыштай сермелген соңғы 
жауабымен 
идіріп 
сауып, 
там-тұмдап 
жинаған 
ойларымды ыдысымен төңкеріп кетті. («Огонек 
журналының 17-ші саны» әңгімесі) 
Қымыран
Шашына ақ қылау араласа бастағаны болмаса анау 
айтқан кәрі де емес, қырық бес, қырық алтылардың 
ішінде. Бір күні дүкенге қымыран түсе қалды. 
(«Қарғын» романы) 
Қымыран
"Қайта өркендеу" дәуіріндегі кісі қымыран көрсе 
түбінде ұйықтауға дейін дайын екен. («Қарғын» 
романы) 
Қымыран
Қымыран үш күн бойы үзбей түсіп тұрды. («Қарғын» 
романы) 
Қымыран
Бірақ, үш күндік қымыран екеуін таныстырып барып 
тоқтады. («Қарғын» романы) 
Қымыран
- О-о, ғалыммын деңіз! Қымыранға көптен құмарсыз ба? 
(«Қарғын» романы) 


161 
Мал сою 
Бұдан соң Молдабай, Есқара, Орысбай, Мүсір, Отар 
және жолдастық соттың мүшелері мал сойып, солардың 
үйінде кезек қонақ болды. («Ақырмаштан наурызға 
дейін» әңгімесі) 
Молда
«Комиссияның» шешімі бойынша Бонапарт молдаға 
қаралды, кешкілік ақ тауықпен аласталды, қара қой 
сойылып еті жұртқа таратылды, әулиенің басына 
түнетілді, үй сыртынан мылтық атылды. («Бонапарттың 
үйленуі» әңгімесі) 
Молда
– Немене, өзіміздің Оспан молда тақиясына тар келіп 
пе? – деп Нәметай қайта сөзге араласты. («Талахан 186» 
әңгімесі) 
Молда
Өзі де сол Оспан молданың қолынан өтіп-ақ әйел алып, 
бала өсіріп, бір қоралы жан болып отырған жоқ па? 
(«Талахан 186» әңгімесі) 
Молда
Оспан молданың үйін қалай ғана аттап өтті десеңші. 
(«Талахан 186» әңгімесі) 
Молда
Ал Оспан молданың кездігіне келетін болсақ... оның да 
қажеті бола қоймас... («Талахан 186» әңгімесі) 
Молда
Мәселен, мен өз балаларымды молдаға да, дәрігерге де 
бермеймін. («Талахан 186» әңгімесі) 
Молда
Әбдештің жаман тамының ар жағынан Оспан молда 
қылт етіп есекпен шыға келмегенде, бұл ерегістің аяғы 
немен бітерін айтудың өзі қиын болар еді. («Талахан 
186» әңгімесі) 
Молда
Оспан молда жиылған топқа әуелгі кезде онша мән 
бермеп еді, олардың әлденеге толқып, дүрлігіп 
жатқанын көріп, есегінің ноқтасын тартты. («Талахан 
186» әңгімесі) 
Молда
Дәл осы жолы ол өзінің әріптесі, халықаралық тілмен 
айтқанда – коллегасы, көрші колхоздың бұрынғы 
парторгы, екі жылдан бергі молдасы Кәдештің көңілін 
сұрап, қайтып келе жатқан беті еді. («Талахан 186» 
әңгімесі)
Молда
Ипатшаның айырдай қолы тыныш тапқанда Оспан 
молданың есегі апан жаққа қарай аяңдады. («Талахан 
186» әңгімесі) 
Молда
– Рас па осылардың айтып тұрғаны? – деп ол Оспан 
молдаға ақтық сауал тастады. («Талахан 186» әңгімесі) 


162 
Молда
Мұндай жағдайда өсіп тұрған жемісті жеуге бола ма, 
болмай ма деген сұраққа ертең жауап беремін деп 
кеткен Оспан молда да үнсіз жатыр. («Талахан 186» 
әңгімесі) 
Молда
Молдекең апанға үңіліп ұзақ тұрды. («Талахан 186» 
әңгімесі) 
Молда
Помидордың қандай сорт екенін ешкім ажырата алмады, 
тіпті, молдекең де білмейтін боп шықты. («Талахан 186» 
әңгімесі) 
Молда
«Молдекең де білмейтін боп шықты» деу үшін де негіз 
бар еді. («Талахан 186» әңгімесі) 
Молда
Сұрақ өзіне арналып берілген соң молдекең оған көзінің 
астымен қарады да, Ипатшаға иек қағып: 
– Мына құдайдың құлына әлі түсіндірмегенсіңдер ме? – 
деді. («Талахан 186» әңгімесі) 
Намаз
– Қане, етегіне намаз оқитын қайсы бар? («Ақырмаштан 
наурызға дейін» әңгімесі) 
Намаз
Намаз оқыдым, сонымен бәрі бітті деп жүрсің ғой. 
(«Жүз жылдық арман» әңгімесі) 
Намаз
Мен жаман да болса намаз оқимын, ал сен құбыланың 
қайда екенін де білмейсің. («Жүз жылдық арман» 
әңгімесі) 
Намаз
– Қап, намазым қаза болды-ау!.. («Жүз жылдық арман» 
әңгімесі) 
Намаз
Шөмішбай қарт орнынан тұрып, дәретін алды, намазын 
оқып болып, үйден қозы көш жердегі қауындыққа 
беттеді. («Қара шаңырақ» әңгімесі) 
Ниеті түзу 
Бала-шағаңның игілігін көргірдің ниеті қандай түзу еді! 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Пайғамбар жас
Сені де пайғамбар жасынан асты дейді-ау! («Жүз 
жылдық арман» әңгімесі) 
Періште 
– Ақ тілеуіңді періште әумин десін. («Кемпірлер» 
әңгімесі) 
Садаға кету
Садаға кет сен Бонапарттан. («Бонапарттың үйленуі» 
әңгімесі) 
Самаурын
Әлгі бір әңгіме кезінде мүлде естілмеген кішкене ақ 
самаурынның гүжілі күшейе түсіпті. («Қара шаңырақ» 
әңгімесі) 
Самаурын
Самаурыныңа от сал, таңдайым кеуіп келді. («Қара 


163 
шаңырақ» әңгімесі) 
Самаурын
«Шіркіндер-ай, шынымен бермей қалғандары ма 
балаларын, – деді Салиха іштей самаурынға от жағып 
жүріп, – әлде мына шал «үйтпейсіңдер, бүйтпейсіңдер» 
деп таптай берген соң келін бірдеңе
деп қалды ма екен? («Қара шаңырақ» әңгімесі) 
Самаурын
Салиханың көзіне жас мөлтілдеп шыға келді де, онысын 
байқатпауға тырысып онсыз да жанып келе жатқан 
самаурынды үргілей берді. («Қара шаңырақ» әңгімесі) 
Сәлем берді
Осы кезде іштен келіні де шығып, атасының жүзіне 
қарай алмай күлімсіреп, ұяла сәлем берді. («Қара 
шаңырақ» әңгімесі) 
Сәрі
Тағы да сайтандай сарт етіп орталыққа өтіп кетпесін деп 
Кемпірбай Отардың бүркеулі машинасын құлқын 
сәріден далада күтті. («Ақырмаштан наурызға дейін» 
әңгімесі) 
Сәуегей
«Өстіп-өстіп бұзыла береміз» деп сәуегей бола қапты 
табан асты. («Талахан 186» әңгімесі) 
Сүйінші
– Әй, Қалампыр, сүйінші, сүйінші! – деді сырттағы 
дауыс. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Сүйінші 
– Сүйіншің қойныңда? («Кемпірлер» әңгімесі) 
Сүйінші
Сүйіншіңді ұмытпа-ай, кемпір. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Сүйінші 
– Әй, Қатира, сүйіншің мынау болсын. («Кемпірлер» 
әңгімесі) 
Сүйінші
– Қайнаға, сүйінші, сүйінші. Немерелі болдыңыз, ұл, ұл! 
– деп оның алдынан ентіге шықты. («Шалдар» әңгімесі) 
Сүйінші
Қатшайым, сүйіншіңе ана көгендегі бір тоқтыны ал, ол 
аз болса өзіңе тағы бір көйлек. («Шалдар» әңгімесі) 
Сүйінші сұрау
Оны біліп алғанда саған не түседі? Жасырды деп 
ашуланасың, Мәскеуден келгеніңде үйде кімнің 
болғанын айтып алдыңнан сүйінші сұрап шығуымыз 
керек пе еді? («Қарғын» романы) 
Сүндет
Терім жаман ба, әлде Рәт ақсақалдың ұстарасы 
дезинфекцияланбаған ба, сүндетім үш жетіде де 
жазылмай қойды. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу 
Қысқасын айтқанда, бір айдан кейін келіншек әкелетін 
боп отырған Бонапарт сүндетке отырғызылмаған боп 
шықты. («Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
Сөйтіп, ауылдағы «төтенше комиссияның» шешімі 


164 
отырғызу
бойынша Бонапарт сүндетке отырғызылатын болды. 
(«Бонапарттың үйленуі» әңгімесі)
Сүндетке 
отырғызу
Алдыңгүні «үйленуге бір ай қалғанда сүндетке 
отырғызылып жатқан жындыға беретін қызымыз жоқ» 
деп олар әулетімен Сырдың ар жағына көшіп кетті. 
(«Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу
Мен, Бонапарт, әке-шешемнің салақтығынан үйленуге 
бір ай қалғанда сүндетке отырғызылып едім. 
(«Бонапарттың үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу 
«Бұл үйде 1989 жылы 8 июль мен 28 июль аралығында 
Бонапарт сүндетке отырғызылған». («Бонапарттың 
үйленуі» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу
– Ол екі баласын сүндетке отырғызу үшін Арыстағы 
хирургке алып кеткен, – деді физкультурашы Әбдеш. 
(«Талахан 186» әңгімесі) 
Сүндетке 
отырғызу
«Сүндетке отырғызу деген түбі тоқталады, босқа 
даурықпаңдар» деп мүлде қиямпұрыс әңгіме бастады. 
(«Талахан 186» әңгімесі) 
Сыбаға
Көшіп барған жерде біреу бізге керт құйрықтан сыбаға 
дайындап отыр дейсің бе? («Жүз жылдық арман» 
әңгімесі) 
Сыбаға
– Келіндер-ау, Сырғакүл бүгін Арысқа кетіп қалған 
екен, сыбағасын алып қоя салыңдаршы, өкпелеп жүрер, 
– деді бетінің терін сүртіп. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Сыбаға
– Басқа біреу болғанда тиісті сыбағасын алатын еді, 
саған ғана жеңіл жаза қолданып отырмын, екінші есінде 
болсын, – деді ол темекісінің тұқылын қара қошқыл 
топыраққа көміп жатып. («Шойынқұлақ» әңгімесі) 
Сыбаға
Ол: "Сыбағамды ала кетермін",- деп айтып қала жаздады 
да, дер көзінде тоқтай қалды. («Қарғын» романы) 
Сыбаға
Қаратай да "сыбаға" деген сөзді енді қайтып аузына 
алмайтын болған. («Қарғын» романы) 
Сыбағасын беру Мен саған бар ғой, мен саған казір сол сөзің үшін 
сыбағаңды беремін! («Қарғын» романы) 
Сыйға 
сый, 
сыраға бал 
«Сыйға сый, сыраға бал» дегендей, қыз төркіні де қарап 
қалмай үш шалға үш шапан жауып, тағы да толып 
жатқан сәлемдемелермен қонақтарын аттандырып салды 
Сырға салу
– Енді қайттік! – деп күрсінді анасы, – Той жасап 
аттандыру былай тұрсын, жұрт көзіне көрсетіп құлағыңа 


165 
сырға да сала алмайтын болдық-ау... («Мәңгілік қағида» 
әңгімесі) 
Тай шаптырым 
Бірақ, «ары отыр, бері отыр» үлкен жанжалға айналатын 
болған соң: «Құрысын, бәледен машайық қашыпты» 
деп, әкем тыныш басын шудан аулақ алып шығуға 
тырысып, ол орнынан күншығысқа қарай тай шаптырым 
ысырылып қоныстануға кеңес берді. («Қабылан» 
әңгімесі) 
Тәубә
– Әй, Қатира, тәубә деп сөйле, тәубә деп, – деді үй иесі 
Қалампыр. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Тәуіп
Енесінің келінін апармаған тәуібі, түнетпеген мазары 
жоқ. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Тәңір
"Ой, тәңір-ай, енді мынандай халге душар болдым ба!- 
деді қыз өзіне-өзі. («Қарғын» романы) 
Тоба
Енді қартайғанда, осым не менің осы? А? Тоба! 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Төр
Жаңа жекжаттардың алғашқы жүз көрісуінің көңілсіз 
сәттері артта қалып, бес-он минут өткен соң, қонақтар 
төрге салынған құрақ көрпеге жайғасып отырды. 
(«Шалдар» әңгімесі) 
Төрлет
– О-ау, ешкің арық! Төрлет, төрлет! Кештетіп қайдан 
жүрсің? Иә, үй-ішің аман ба? («Есепшот, түйетауық 
және домино» әңгімесі) 
Төрлету
– Ой, келгенің жақсы болды, төрлет! – деді ол оған 
жұмсақ орындық қойып. («Есепшот, түйетауық және 
домино» әңгімесі) 
Тұмар
Ертең ерте тұрып Серғазы молдаға тұмар жаздырып ал 
да, шымылдықтарының бір бұрышына тігіп қойшы, тіл-
көзден аулақ болсын. («Шалдар» әңгімесі) 
Тұсауы шешілу Қазан вокзалынан шыққан жүрдек поездың тұсауы 
шешіліп, төмен құлдилаған қырғидай көз ілеспес 
шапшаңдық алғанына бір сағаттай болды. («Огонек 
журналының 17-ші саны» әңгімесі) 
Уық көтеру
Уық көтеремін десең Бақанастың басқа маңайы жетпей 
жатыр ма, әлде, жатқан түйені арбаңның оқтығымен 
әдейі сүйкеп отырмысың?»–деп қарсыласқан болды. 
(«Қабылан» әңгімесі) 
Уық көтеру 
Ол болмас, іргеңді әрірек ысыр, бұл екі жылдан бері мен 
уық көтеріп келген жер» – деп жүгін біздің үйдің 


166 
жанына түсіре бастады. («Қабылан» әңгімесі) 
Ұзатылған 
қыздай
Ақыры олар Әштенді ұзатылған қыздай киіндіріп, екеуі 
екі жағынан сүйемелдеп үйден алып шыққанда «уһ» деп 
демдерін бір-ақ алды. («Ескерткіш» әңгімесі) 
Шаңырақ
Міне, енді кенет ол ойының бәрінің іргесі қозғалып, 
шаңырағы ортасына түскелі тұр. («Шалдар» әңгімесі) 
Шаңырақ
«Біздің қолға да қарға тышар, тұра тұр, Түркістандағы 
қызым төркіндеп келсін»... деп қайсыбірі алда тұрған 
қуанышын айтып, өзінің де қыз беріп, қыз алған 
шаңырақ екенін әзілдеп болса да байқатып өтеді. 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Шаңырақ
Сондықтан Молдабай да қапысыз дайындалды. Сөйтіп 
жаңа көтерілген жас шаңырақ әкелер арасына осылайша 
әбігер де тастап кетті. («Шалдар» әңгімесі) 
Шаңырақ
Тұрғат қыздың бұл мінезін бөтен үйдің шаңырағынан 
қысылып отырғанға жорып, оның кесесін өзі алды да, 
шай құйып отырған Мәликеге ұсынды. («Қарғын» 
романы) 
Шаңырақ
Үйде мүлгіген бейбіт тыныштық, шаңырақ астында бала 
қамы, семья қамы, оларға деген аналық қамқорлық 
салтанат құрған. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ
Барлық әйелге тән шаңырақ қызығы, бала қызығы, 
жайлы тұрмыс қызығы оны күн асқан сайын баурап ала 
берді. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ
Ол да институт бітірген, мына өмірдің толып жатқан 
қызығы мен қайшылығын ол да жақсы біледі, 
адамдардың бір-біріне жасайтын қиянаты оны да, 
өздерінің шаңырағынан да айналып өткен жоқ. 
(«Қарғын» романы) 
Шаңырақ
Менің барлық сөзім мен ой-пікірім, қимыл-әрекетім, 
тіпті, сізді әйел-балам бола тұрып өз шаңырағыма ертіп 
әкелуім алдымен өзіңізге, сонан соң естіген жат құлаққа 
ерсі, түсініксіз боп көрінуі мүмкін. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ
Шаңырақ құрған күнді шаңырақ астында атап өткен 
дұрыс. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ асты 
У-шудың арасында жүріп, осындай қуаныш өз 
шаңырағының астында болуын армандады, бірақ 
артынып-тартынып келе қоятын ет жақын туыстарының 
жоқ екені есіне түскенде байқатпай бір күрсініп алатын. 


167 
(«Кемпірлер» әңгімесі) 
Шаңырақ асты 
Шаңырағы астында қонақсыз, кісісіз отыра алмайтын 
қазақ емес пе, біраз кемпір бір үйге жиналып, 
шөлдемесе де қоңыр әңгіме үшін күрең шайды жайлап 
тартып отырады. («Кемпірлер» әңгімесі) 
Шаңырақ 
астында
Атам заманнан бері еркек пен әйел ерлі-зайыпты болып 
неке суын ішкен соң немесе неке қуәлігін алған соң олар 
бір үйдің, бір шаңырақтың астында тату өмір сүруге 
борышты боп келген. («Қарғын» романы) 
Шаңырақ 
қызығы
Сол екеуі ғана жарасым тауып кетер шаңырақтың 
жылуына салқындық сеуіп тұрардай сезінді. («Қарғын» 
романы) 
Шаңырақтың 
иесі
Бертін келе, үйлі-баранды болған соң, жұртпен араласар 
кез туғанда шаңырақ иесінің қойдан жуас мінезі оны 
жалықтырып, бірте-бірте оның намысын оята бастады. 
(«Есепшот, түйетауық және домино» әңгімесі) 
Шаңырақтың 
шырқын бұзу
Шаңырақтарыңыздың шырқын осы бұзғаным да аздық 
етпес! («Қарғын» романы) 
Шаңырақ көтеру Және өздері үлкен үйдің бұрышынан кішкене бір жаңа 
шаңырақ көтеруі арқылы әкелер мен әкелердің жанына 
жаңа дүние орнатып, олардың арасында жарастықты, 
шынайы достықтың нәзік отын тұтандырып отырғанын 
да олар байқамады. («Шалдар» әңгімесі) 
Шаңырақ 
көтерген 
Солардың ішінде бұл араға алғаш шаңырақ көтерген біз 
болып шықтық. («Қабылан» әңгімесі) 
Шаңырағының 
шырқы бұзылу
Егер Сәргелді бір амалын тауып тоқтатпаса, мұның түбі 
үлкен шуға айналарын, Бағиланың жүрегіне жазылмас 
жара түсерін, ең соңында, Жасынның да басы дауға 
қалып 
шаңырағының 
шырқы 
бұзыларын 
түсінді. («Қарғын» романы) 
Шариғатқа 
қайшы
- Кісіге сол аяқты көрсеткен шариғатқа қайшы.  
- Ім-м, шариғатқа қайшы дейсің, ә? («Қарғын» романы) 
Шежіре 
Төменде көк жасыл кипаристерге көмілген шағын қала, 
бірнеше жылдың ішінде «өз туыстарындай жақын боп 
кеткен» сол қаланың адамдары, замана шежірелерін 
үнсіз ғана қойнына тығып, ғасырлардан ғасырларға 
сапар шеккен, «тіршілік» деген құбылыстың ұсақ-
түйегіне селт етпейтін асқақ та маңғаз Ай-Петри қалып 
бара жатты. («Ай-Петри ақиқаты» әңгімесі) 


168 
Шұбат
Ол бір кесе шұбат ішті де, ұйықтап жатқан балаларының 
маңдайынан иіскеп, төсегіне қисайды. («Қарғын» роман) 
Шүкір
Көрсеткеніңе шүкір де! («Шалдар» әңгімесі) 
Шүкір
– Оған да шүкір. («Мәңгілік қағида» әңгімесі) 
Шүкір
– Шүкір, – деді ол үлкен адамдарша байыпты болуға 
тырысып. («Шалдар» әңгімесі) 
Ырыс-құт 
Құдай о баста итті де адамның ырыс-құтымен бірге 
жаратқан деседі. («Қабылан» әңгімесі) 
 

Document Outline

  • Д.Исабековтің бұл шығармасында қазақ халқының даналығын, даралығын танытатын мақал-мәтелдерді көп кездестіруге болады. Қазақтың құнарлы сөздер қатарына жататын мақал-мәтелдерді автор кейіпкердің өзіне тән мәдениетін, тілдік білімін, ортасын көрсету ма...
  • Д. Исабековтің автор бейнесі кейіпкер образында жұмсалатын шығармаларының бірі – «Ағайындылар» әңгімесі. «Бір ретте үйге келген әйелдермен әңгімелесіп отырып, олардың: «Сенің мырзағаң үйленбей тұрғанда ерке еді, енді басылайын деді ме, қалай?» ( деген...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет