жоқ па? Енді не істейді, қолдан келер шара қайсы? Ұлының шырқырап қалған үні құлағынан кетер ме, сол дауыс жатса-тұрса маза беріп, көмейінен ас өткізіп, кірпігін айқастырар ма? («Сүйекші»).Баяндауда сұраулы
құрылымдарды қолданудағы негізгі мақсат, бір жағынан, оқырманның ішкі
сезімдеріне әсер ету болса, екінші жағынан, автордың сол оқиғаға деген өз
көзқарасын таныту. Берілген мысалда автор оқиғаны жай баяндап қана қоймай,
ондағы баласынан тірідей айырылып бара жатқан анаға деген аяушылық сезімін
қоса білдіріп отыр.
Неге? Неге? Себебі қайсы? Бірін-бірінсіз тұра алмайды екен деген адамдар қайда? Қайда қане, солар? Әлде менің өмір жолымда ондайлар кездеспеді ме? Неге? Әлде бірін-бірінсіз тұра алмайтын адамдар адам ойының ғана жемісі ме? Пәленше өлді екен деп біреудің қоса өлгенін неге көрмедім? Сонда олардың бәрінің қабірге бірге түсер достарының болмағаны ғой. Адам тек өзіне ғана қадірлі болған-ау... Мені кім іздейді, мен кімге қадірлімін? Ол кенет есін қайта жиып, басын ширақ ұстауға тырысты. «Бұл не?