Көз алдымнан мұнартқаны несі? Әлде кәрілік пе? Адам бойына кәрілік осылай енетін шығар? Иә, иә, солай. Кәріліктің жан серігі – уайым болар. Ендігі қалған өмір осылай өтпек пе? Тек осылай? Еш өзгерісі болмақ емес пе? («Қарғын»). Келтірілген мысалдардың бәрі де мәтінде бірнеше сұраулы сөйлемдер
бірінен соң бірі қолданылған кезде монологтық сөйлеудің эмоционалдылығы,
экспрессивтілігі анағұрлым артатынын байқатады. Экспрессивті сұрақтар
адамның сөйлеу кезіндегі эмоционалды жағдайынан туындайды. Кейіпкердің
ішкі жай-күйі, толқынысы, қорқынышы, біреуді жек көруі, күмәні, реніші т.б.
сезімдері оның санасындағы сұрақтардан айқын аңғарылады.
Көркем мәтін авторы туындыны оқырманға неғұрлым дәл, түсінікті етіп
жеткізуде түрлі амал-тәсілдерді мақсатты түрде қолданатыны зерттеу
барысында дәлелденді. Автор шығарманы оқырман толық түсінуі үшін не
ондағы оқиғаға өз көзқарасын білдіру үшін оқиғаның басты сипаттарын
бастапқы абзацтарда-ақ білдіріп қояды. Мәселен, «Сүйекші» повесіндегі