129
жүйесінен тұрып, яғни шығарманың негізгі арқауы кейіпкерлер арасындағы
коммуникациядан құралатыны белгілі. Адресанттың (ол қазақы танымда
оқырман) қабылдауын, аялық білімін ескеріп, автор шығарманың осындай
айшықты коммуникативті сипатын күшейту үшін пьесалары мен әңгімелерінде
ауызекі сөйлеу стиліне тән тілдік бірліктерді кеңінен пайдаланады. Себебі
«ауызекі сөйлеу стилі
– қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасатын,
диалогқа құрылған, өте кең тараған функционалдық стильдердің бірі болып
табылады. Ауызекі сөйлеу стилі күнделікті өмір салтындағы коммуникациялық
байланыс барысында қолданылып, стильдің басқа түрлеріне қарағанда еркін
қолданылады» [123, 22 б.]. Ауызекі сөйлеу стилі кезінде сөйлеушінің сөйлеу
мәдениетінің деңгейіне байланысты
диалекті, жаргон, арго сөздер мен
варваризмдер қолданыла береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу стиліне жататын
тілдік бірліктердің бірі – варваризмдер. «Варваризм (грек. barbarous – бөтен
елдік)
– сөйлеу не жазу кезінде орынсыз қолданылған, тілге етене болып
сіңбеген, қолдану қажеттілігі аз, дәл аудармасы табылатын өзге тілден кірген
сөз». Осы анықтамаға сәйкес, Д. Исабековтің туындыларында
«экстрасенс,
Достарыңызбен бөлісу: