131
жалғастырушы буын ретінде қарастырады, кейде морфологияның бір саласы
деп таниды. Қазақ тіл білімінде морфема жігінде болатын дыбыстық
өзгерістерді дыбыстық алмасу, қыстырма дыбыс қосу, ықшамдау деп үшке
бөледі. Дауысты дыбыс редукциясы, дауыссыз дыбыстардың түсіріліп
айтылуы, апакопа, гаплология құбылыстары морфонологияға жатады. Мысалы,
ағайын, әкел, әпер, қарлығаш, бүгін, былтыр, сәресі, сексен. Дыбыстық
алмасулар фонетикада қарастырылғанымен, олардың барлығы тек фонетикалық
тұрғыдан түсіндіруге келмейді, себебі дыбыс өзгерістері морфемалар жігінде
пайда болып, морфонологияның зерттеу нысаны болады» [146]. Осындай тілдік
өзгерістерге ұшыраған тілдік бірліктер жазушы шығармаларынан орын алған.
Мысалы:
«Пашат мырза, ғасыр құрылысы салынатын бопты дегенді есітіп,
жұмыс іздеген қазақтар осылай қарай ағылуда» [93]
. «Естіп» сөзі құрамына
тағы бір
«і» дыбысының қосылуы арқылы морфонологиялық өзгеріске ұшырап
тұр. Осылайша сөз ортасына дауыссыз дыбыс қосылып,
эпентеза құбылысы
болып тұр. Ал
«осы уаққа дейін екі ойлы болып кеп едік» деген сөйлемде
Достарыңызбен бөлісу: