кеңкелес, безгелдек, милау, алжыған, оңбаған заржақ, нақұрыс, иттің баласы және т.б. Осындай стильдік қолданыстарды көркем шығармада
пайдалану арқылы автор кейіпкердің мінезін сомдап, замана бейнесін дөп
беруге ұмтылады, эстетикалық, мәдени тәрбиелік ықпал етуді көздейді.
Көркем мәтіннің прагматикасына әсер ететін ауызекі сөйлеу стилінің тағы
бір белгілерінің бірі – үнемдеу тәсілін қолдану арқылы тілдік қатынас жасау.
Оның тілдің даму барысындағы морфонологиялық үдерістің нәтижесіндегі
құбылыс екені белгілі. «Жалпы үнемдеу заңы – белгілі бір дыбыстың, буынның,
сөздің, сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Буындардың,
дыбыстардың бірте-бірте түсуі сөздің формасының өзгеруінен болады. Түркі
тілдеріндегі сөздердің қысқару, ықшамдалу процесі әртүрлі болғандықтан,
белгілі бір сөздердің морфологиялық, фонетикалық сипат алып түрленуі,
құбылуы тіл тарихының жемісі болып саналады. Үнемдеу заңы тарихи жазба
ескерткіштерде, қазіргі түркі әдеби тілдерінде және диалектілерінде көптеп
кездеседі. Үнемдеу заңының әсерінен сөз басында, ортасында, аяғында кейбір
дыбыстар бірте-бірте айтылмайды» [145, 136 б.]. Жазушының шығармаларында