130
күнделікті өміріне, ауызекі қолданысына көптеп сөздер, теpминдеp ене
бастады, әліпбиіміз жаңа әріптермен толықты. Сол себепті де болса керек, I.
Кеңесбаев
в, ф, х дауыссыздаpын оpыс тiлiнен ауысқан фонемалар деп таниды.
Алайда қазақтың айтуында в әрпі, көбіне, п-ға, х әрпі қ-ға, ф әрпі кейде п-ға
айналады» [144, 70 б.]. Демек, бұндай ауытқулар қазақ халқы үшін жат емес.
Кейіпкер тілін бейнелейтін ауызекі сөйлеу стилінің тағы бір категориясы –
дөрекі тіл. Дөрекі тіл
– сөздің жағымсыз, кері әсерін әсірелеп қолдануға
негізделген тіл. Ол дөкір, былапат және жаргон сөздерді қолданудың
нәтижесінде пайда болады. «Дөрекі тіл көбіне ауызекі сөйлеу стилінде
қолданылады. Мұндай бейәдеби сөздер әдеби тілге, әдеби тілдің лексикалық
нормаларына, жалпы тіл мәдениетіне жат құбылыс болып табылады. Десек те,
кей жазушылардың стильдік мақсатта пайдалануына сәйкес дөкір сөздер
көркем әдебиетте көрініс алып жүр. Әдеби тілдің лексикалық нормасына
жатпайтын дөкір сөздерді кейіпкердің бейнесін аша түсу үшін диалогта
қолдануға болады, ал автордың баяндауында қолдану тіл мәдениетіне кір
келтіреді» [123, 42 б.]. Жазушының шығармаларында осындай тілдік
коммуникацияға эмоциялық реңк беру мақсатында жұмсалған дөрекі сөздерді
көруге болады. Мысалы:
жылпостар, малғұн, көксоққан, әумесер, маубас,
Достарыңызбен бөлісу: