Аксолотльдің бауыр жасушалары: Боялуы: гематоксилин және эозин



бет3/13
Дата17.09.2023
өлшемі9,66 Mb.
#108286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Àêñîëîòëüä³? áàóûð æàñóøàëàðû Áîÿëóû ãåìàòîêñèëèí æ?íå ýîçèí

Мезотелий Эпителийдің бұл түрі адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларының, серозалық қуыстардың және серозалық қабықшалардың бттерін астарлап тұрады. Серозалық қабықшалар мен қуыстар эпителийінің целомдық деп аталуы ол дененің екінші қуысы немесе целомды астарлап тұратындығына байланысты. Мезодерманың туындысы болғандықтан, мезотелий деп аталады.
Мезотелий – жалпақ клеткалардың жұқа қабаты. Клеткаларының жиегі тегіс болмай, ирек ө ирек болып келеді. Олардың кейбірі екі немесе үш ядролы. Электрондық микроскопиялық зерттеу мезотелий клеткаларының бетінде микробүрлердің болатынын анықтады. Мезотелий шын мағынасындағы эпителийдің қатарына жатпайды. Біріншіден, олардың клеткаларының ішкі ортада орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий клеткаларының ішкі ортада орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий клеткаларының өзара байланыстары жеңіл үзіледі.
Бұл қасиет эпителийлерге тән емес. Мезотелийдің қалпына келуі оның клеткаларының көбеюінің нәтижесінде жүреді. Мезотелийдің басқа ұлпалардан пайда болмайтыны және оларға айналмайтыны бұның жоғары дәрежеде мамандалғанын көрсетеді. Мезотелий клеткаларының арасында десмосомалық контактілер болады. Мезотелийдің ерекше қасиеттерінің бірі оның клеткаларының дене қуысына түлеп түсетіндігі. Мезотелий клеткаларының фагоцитоздық қабілеті бар. Мезотелий дене қуысы мен ұлпалар арасында «сероза – гематолимфалық тосқауыл» түзеуге қатысады. Ішкі мүшелер бірімен – бірі қосылып,
Бітісіп – жабысып қалмауына және олардың орын ауыстырып қозғалуына мезотелий қолайлы жағдай туғызады. Мезотелийдің физиологиялық регенерация қабілеті өте жоғары
Бір қабатты куб пішінді эпителий
Сирек кездесетін эпителийдің түрі. Бұның негізгі функциясы – ылғал беттерді қорғау.
Бұл кезде секрет бөлу немесе сіңіру қызметтерін атқармайды.
Осы эпителийдің барлық клеткалары біріне-бірі ұқсас. Кейбір бездердің өзектерінде кездеседі. Көпшілік жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий өзгеріске ұшырап, қорғау қызметтерімен бірге секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.Секретор-лық және сіңіруші клеткалардан тұратын бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. Сондықтан оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектің түрлі бөлімдеріндегі эпителиалдық. клеткалардың құрылысы бірдей емес, жалпы алғанда оларды екі топқа бөлуге болады:

  1. Ішектің қуысындағы қорытылған өнімдердің сіңіруін қамтамасыз ететін клеткалар.

  2. Шырыш бөлетін (бокал тәрізді клеткалар) секреторлық клеткалар. Ішек эпителийі- нің сіңіруші клеткаларын жарық микроскоппен қарғанда сызылған жұқа қабатпен қапталғанын көруге болады. Осы белгісіне қарап, оны щеткалық көмкерме деп аталған. Электрондық микроскоп бұл құрылымның плазмалемманың өсінділерінен түзілгенін анықтайды. Әрбір өсіндінің көлденең өлшемі 0,1 — 0,2 мкм, ал ұзындығы 1 – 3 мкм. Осы ультромикроскопиялық құрылымдар микробүрлер деп аталған. Эмбриондық клекаларда олар аз болады. Жіктелу процесі кезінде микробүрлердің саны көбейеді олар ішек эпителийінің сіңіру бетін 25 – 30 есе арттырады. Iшек қабырғасындағы ас қорытылуында жиналған түрлі заттар адсорбцияланады, кейін пиноцитоз арқылы клетканың цитоплазмасына түседі.

Қоректік заттарды сіңіруге қатыса отырып, бұл эпителий ас қорыту жолындағы бактериялардың дене ішіне әтуіне кедергі болады. Сонымен бірге осы ұлпа ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы әсерінен қорғайды. Ащы және тоқ ішектердің эпителиалдық астарының бір қабатты цилиндр тәрізді клеткаларының арасында клеткаларды механикалық және химиялық зақымдардан қорғайтын шырыш бөлетін бір клеткалы бездер болып есептелетін көптеген бокал тәрізді клеткалар кездеседі.
Ішек эпителий клеткалары мен базальдық мембрананың арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы мен эпителийдің үдемелі жұмысы клеткалардың тез тозуына әкеліп соғады. Ішек эпителийінің құрамында көбею қабілетінен айырылмаған крипталарда орналасқан, шала жіктелген клеткалар болады. Бөлінудің нәтижесінде пайда болған жас клеткалар өліп, түлеген клеткалар орнын басады. Ішек эпителийінің барлық клеткалары 30 – 36 сағаттың ішінде жаңарады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет