Гранулоцит -цитоплазмасында арнайы түйіршіктері болады. Ядросы сегменттелген, митоздық бөлінуге және одан әрі дифференциялануға қаблетсіз.
Тромбоцит- Жасуша цитоплазмасының ядросыз бөлігі,түссіз,ұсақ. Пішіні домалақ және сопақша немесе ұршық тәрізді болып келеді.Диаметрі-2-4 мкм. Қызметі: қан ұюға және серотонин метаболизміне қатысады. Тіршілік ұзақтығы- 9-10 тәулік болады
Ұршықша жасушалар (веретеновидные клетки) — жануарлар организмінде кездесетін пішіні ұршық сабына ұқсас екі ұшы сүйір келген жасушалар. Олардың жуандау ортаңғы бөлігінде жасуша ядросы, оның маңында органеллалар орналасады. Ұршықша жасушаларға бірыңғай салалы ет жасушалары миоциттер, ми қыртысының көп пішінді жасушалар қабатындағы нейроциттер жатады.
Ширақша пішінді сперматозоид жасушалары. спермий (грек. spеrma – тұқым) – аналық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын ұрық жасушасы. Аталық жыныс жасушасы төменгі сатыдағы өсімдіктер бойында аталық гамета ретінде дамып жетіледі. Олардың аналық гаметаға қарағанда мөлшері ұсақтау келеді, үнемі қимыл-қозғалыста болатын талшықтары болады. Жануарларда спермийлер аталық жыныс безінде жетіледі. Оның пішіні ұзын жіпше тәрізді. Ол спермий басынан, мойнынан және құйрығынан тұрады. Басының көп бөлігін ядро (хромосомалардың гаплоидты жиынтығы) алып жатады. Сол хромосомалардың біреуі болашақ ұрықтың жынысын анықтайды, оны «жыныс хромосомасы» деп атайды. Спермий мойнын центриольдер құрайды.
Жүйке жасушалары (нервные клетки, нейроны, нейроциты); (гр. neuron, neurokytos; neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.Жүйке жасушалары (нейроциттер) — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.
Ж
үйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.