Аксолотльдің бауыр жасушалары: Боялуы: гематоксилин және эозин



бет4/13
Дата17.09.2023
өлшемі9,66 Mb.
#108286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бездік эпителий
Эпителий организм бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық клеткалардың қызметі – организм тіршілігіне қажет заттарды клеткаларда түзіп, олардан бөліп шығару. Бездер организмде секрет бөлу қызметін атқарады. Олардың көпшілігі – бездік эпителийдің туындысы. Бездердің көпшілігі қалыптасқан жеке органдар (мысалы, ұйқы безі, ірі сілекей бездері, қалқанша без). Басқалары органдардың бөлігі болып саналады (мысалы, асқазанның бездері).
Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет түзүші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік клеткалардан тұрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқаншаның қонсы бездері, бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бәрі организмнің эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға яғни эпителиймен астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.
Экзокриндік бездер экзоэпителиалдық және эндоэпителиалдық болып ажырайды. Бездік клеткалардың тобы эпителийден астындағы ұлпаға өтсе, ондай бездік экзоэпителиалдық деп аталады. Мысалы, тері, сілекей және май бездері, бауыр т.б. Ал эпителиалдық бездер клеткалардың комплексі астарлаушы ұлпаға өтпей, эпителиалдық клеткалардың қабатында қалса, ондай бездерді эндоэпителиалдық дейді. Мысалы, адамның көмекей үсті шеміршегі эпителийінің сілекей клеткаларының тобы.
Адам қаны жасушалары: Эритроцит- ядросыз,органелалары болмайтын,гемаглобині бар,қызыл түсті құрылымдар.Қызметіне келер болсақ, тыныс алу-құрамында темір молекуласы болатын гемоглабин ақуызының көмегі арқылы оттегі мен көмір қышқыл газдарын тасымалдауға қатысады.Транспорттық-аминқышқылдармен токсиндерді сонымен қатар бірсыпыра дәрі-дәрмектерді жұтып яғни адсорбциялап тасымалдайды.Тіршілік ұзақтығына келер болсам эритроциттер 100-120 тәулік бойы циркуляцияға ұшырап жоғарыда айтылған қызметтерді атқарады.
Лимфоцит-осылай аталуы олардың тек қана қанда емес, лимфада да тұрақты кездесетіне байланысты. Пішіні дөңгелек болып келеді.
Қызметі: Иммундық реакцияларға қатысады. Қызметіне байланысты үш түрге жіктледі:
В, Т және 0-дік лимфоциттер. Олар бінеше белгілермен ерекшелінеді. Қандағы мөлшер санымен, бетіндегі рецепторларымен, иммундық реакция атқару ролімен, шығу тегімен, өмірінің ұзақтығымен, лимфоидтық мүшелерде орналасу ретімен.
Моноцит- дөңгелек пішінді болып келетін, плазмолеммасы жасушаны ынталандыратын хемотаксистік сигналдарды қабылдайтын рецепторлармен жабдықталған. Ядросы ірі болып келеді. Бірнеше қызмет атқарады: фагацитоздық,қорғаныш, санитарлық ,регулярлық секілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет