Активтерді және пассивтерді басқару комитеті туралы ереже



бет3/9
Дата24.05.2023
өлшемі308 Kb.
#96435
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Құрылымы және құрамы




  1. АПБК кемінде 5 (бес) адамнан құрылады.

  2. АПБК-ның хатшысын қоспағанда АПБК құрамын Қоғам Басқармасы анықтайды.

  3. АПБК Төрағасы АПБК қызметіне басшылық жасайды және оны үйлестіреді. Қоғамның экономика және қаржы мәселелерін қадағалайтын басшысы АПБК-ның Төрағасы болып тағайындалады. АПБК-ның Төрағасы болмаған кезде оның қызметін қаржылық бақылау мәселелерін қадағалайтын ҚБ басшысы орындайды.

  4. АПБК-ның құрамына қаржылық бақылау мәселелерін қадағалайтын ҚБ басшы, сондай-ақ Қоғамның тәуеклдерді басқару және ішкі бақылау, корпоартвитік қаржыландыру, экономика және жоспарлау, қаржы және салық есебі мәселелерін қадағалайтын ҚБ басшылары және олар болмаған кезде оларды алмастыратын тұлғалар міндетті тәртіпте кіреді. АПБК-ның құрамына Қоғамның өзге қызметкерлері қосымша енгізілуі мүмкін.

  5. Қажет болған жағдайда, АПБК мүшелерінің бастамасы бойынша АПБК-ның отырыстарына шешім қабылдау құқығынсыз лауазымды тұлғалар және ҚБ басшылары немесе олар болмаған кезде олдарды алмастыратын тұлғалар шақырылуы мүмкін.

  6. Қоғам Басқармасының шешімі бойынша АПБК-ның барлық мүшелерінің немесе бір бөлігінің өкілеттігі мерзіменен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

  7. АПБК мүшесінің өкілеттігі мына жағдайларда мерзімен бұрын тоқтатылады:

  1. АПБК мүшесінің өкілеттігін тоқтату. АПБК мүшесі өкілеттілігін тоқтату күнінен 1 (бір) ай бұрын жазбаша өтініш жолдау арқылы Қоғам Басқармасының төрағасына және АПБК-ның төрағасына ескерте отырып, АПБК мүшесі ретіндегі өз өкілеттілігінен бас тарта алады;

  2. Қоғам Басқармасының шешімі бойынша;

  3. АПБК мүшесімен еңбек қарым-қатынастары аяқталған кезде.

  1. АПБК мүшесінің өкілеттілігі осы Ереженің 28-тармағының 1-тармақшасы бойынша тоқтатылған жағдайда Қоғам Басқармасы АПБК мүшесінің өз өкілеттігін доғару туралы жазбаша өтініш жолдаған күнінен кейінгі алдағы отырыста, бірақ 1 (бір) айдан кешіктірмей АПБК-ның жаңа мүшесін сайлайды. Осыған дейін АПБК-ның мүшесі өз міндеттерін толық көлемде атқарауды жалғастырады.

  2. АПБК мүшесінің өкілеттігі осы Ереженің 28-тармағының 2-тармақшасы бойынша тоқтатылған жағдайда АПБК мүшесінің өкілеттілігін тоқтату туралы мәселені қарастыратын Басқарма отырысында АПБК-ның жаңа мүшесі сайланбайтын болса, Қоғам Басқармасы өкілеттік тоқтатылғаннан кейінгі 2 (екі) апта ішінде АПБК-ның жаңа мүшесін сайлайды.

  3. АПБК мүшесінің өкілеттілігі осы Ереженің 28-тармағының 3-тармақшасы бойынша тоқтатылған жағдайда Қоғам Басқармасы өкілеттілік тоқтатылғаннан кейінгі 2 (екі) апта ішінде АПБК-ның жаңа мүшесін сайлайды.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет