АПБК-ның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
акдекваттық өтімділікті қолдау және Қоғамға қаржылық нарықтағы тәуекелдердің әсер етуін мейілінше азайту жағдайында Қоғам табыстылығының өсуіне бағытталған белсенді және пассивті операцияларды басқару саясатын анықтау және іске асыру;
Қоғамның ағымдағы және ұзақ мерзімді өтімділігін басқару;
Қоғамның қазынашылық портфелінің мейлінше көп және мейлінше аз шектерін, негізгі параметрлерін анықтай отырып, банк-контрагенттерге және қаржылық құралдарға пайыздық мөлшерлермелер, белсенді операциялар бойынша шектелімдерді алдын ала бекіту және Қоғамның уәкілетті органының қарастыруға енгізу;
Қоғамның уәкілетті органы белгілеген талаптардың сақталуына бақылау жүргізу;
Қоғамның хеджирлеу саясатын анықтау және іске асыру.
АПБК оған жүктелген міндеттерге сәйкес мына қызметтерді жүзеге асырады:
Инвестициялық-инновациялық кеңесінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда АПБК өкілеттігі аясында Қоғамның қаржылық активтеріне қатысты ұсыныстарды әзірлеу;
қаржылық құралдарға ақшаны инвестициялау бойынша ұсыныстарды әзірлеу және Қоғамның Уақытша бос ақша құралдарын орналастыру және есепке алу жөніндегі нұсақамасына сәйкес 7 күнге дейінге мерзімде банк депозиттерінде орналастыруды қоспағанда уақытша бос ақшаны орналастыруды мониторингілеу, Қоғам мен Қордың ІНҚ талаптарына сәйкес орналастырудың барынша тиімді нысандарын, құралдары мен құрылымын анықтау;
Қоғамның, Қордың ішкі талаптарымен белгіленген құралдарды орналастырған кезде нақты жоспарлы нормативтердің сақталуына және нақтылардың жай-күйіне бақылау жасау;
Қоғамның инвестициялық портфелін ағымдағы және болжанатын нарықтық жағдайға сәйкес келу мәніне талдау жасау;
ұлттық валюта бағамының шетел валютаға қатысы, құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің және тауарлық-шикізат өнімдерге нарықтық бағалардың өзгеруіне байланысты іске асыруға мүмкін болатын пайыздық, валюталық, бағалық тәуекелдерді мейілінше азайту мақсатында тәуекелдерді хеджирлеудің операциялары бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
Қоғамның өтімділік дағдарысы туындаған жағдайда оперативтік іс-қимыл жоспарын әзірлеу;
белсенді және пассивті операцияларды жасаған кезде Қоғамның қаржы ағындарының үлестіруін үйлестіру;
Қоғам мен Қордың ІНҚ талаптарына сәйкес Қоғамның қазынашылық портфелінің мейілінше көп және мейілінше аз шектерін, негізгі параметрлерін анықтай отырып, банк-контрагенттерге және қаржылық құралдарға пайыздық мөлшерлермелер, белсенді операциялар бойынша шектелімдерді алдын ала мақұлдау;
Қоғамның активтер мен пассивтердің құрылымын мониторингілеу, Қоғам мен Қордың ІНҚ талаптарына сәйкес банк-контрагенттерге шектелімдерді игеру нәтижелері бойынша шектелімдердің артуы мен азаюын алдын ала мақұлдау;