Активтерді және пассивтерді басқару комитеті туралы ереже


АПБК-ның отырыстарын шақыру мерзімі мен тәртібі



бет4/9
Дата24.05.2023
өлшемі308 Kb.
#96435
1   2   3   4   5   6   7   8   9
АПБК-ның отырыстарын шақыру мерзімі мен тәртібі



  1. АПБК-ның отырысында қарастырылатын материалдарды (әрі қарай – материалдар) АПБК отырысын өткізуді ұсынған ҚБ дайындайды.

  2. Материалдар бекітілген тәртіпте мүдделі ҚБ-лармен, қажет болған жағдайда АПБК-ның мүшелерімен келісіледі. АПБК-ның қарауына ұсынылатын құжаттарды электронды құжатайналым жүйесі арқылы қарастыруға болады.

  3. Материалдың мазмұнына мына құжаттар енеді:

  1. осы шешімді қабылдаумен байланысты тәуекелдерді көрсете отырып, ұсынылатын мәселе бойынша қажетті ақпарат;

  2. АПБК шығаратын шешімнің жобасы (ФЗ 01 МЖЕ 04-01-15);

  3. ұсынылатын шешім жобасының қажетті есептері мен негізмелері;

  4. АПБК-ның қарауына шығарылатын мәселенің атауы, сонымен қатар баяндамашының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты;

  5. Аты-жөнін, ұйымын және лауазымын көрсете отырып, мәселені қарастыру үшін шақырылатындардың қатарына қосу керек тұлғалардың тізімі (қажеттілік болса);

  6. өзге де қажетті материалдар.

  1. Қоса берілетін материалдары бар қызметтік хат отырыс өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде АПБК-ның хатшысына беріледі.

  2. Қоғамның ҚБ материалдарды АПБК-ның хатшысына бекітілген мерзімнен кешіктіріліп берсе, күн тәртібіне енгізілмей, келесі отырысқа қалдырылады, немесе егер мәселелер жедел шешім қабылдауды талап етсе, бекітілген тәртіпте сырттай дауыс беру формасында қарастырылады.

  3. АПБК-ның хатшысы дайындалған материалдың толықтығын осы Ереженің 35-тармағына сай тексереді. Ұсынылған материал қажетті формаға сай келмесе, АПБК хатшысы материалды толықтыруды немесе қосымша материалдар ұсынуды талап етеді.

  4. АПБК-ның хатшысы АПБК қарастырылатын мәселелерді, сол мәселелер бойынша баяндамашыларды, отырысты өткізудің болжамды уақыты мен орнын, отырысқа қатысу үшін шақырылған тұлғаларды көрсете отырып, АПБК отырысы күн тәртібінің жобасын жасайды және оны АПБК төрағасының бекітуіне ұсынады.

  5. АПБК-ның отырысын шақыру, отырысты өткізу күні мен уақыты, орны, күн тәртібінің мәселелері, сондай-ақ отырысқа қатысу үшін шақырылған тұлғалардың тізімі туралы шешімдерді АПБК-ның төрағасы қабылдайды.

  6. Күн тәртібі бекітілген соң, АПБК-ның хатшысы отырыс күнінен 2 (екі) жұмыс күні бұрын барлық қажетті материалдарды АПБК-ның барлық мүшелеріне жолдайды.

  7. Мәселені жедел қарастыру қажет болған жағдайда АПБК-ның төрағасы материалдарды қарастырудың мерзімін мейілінше азайтуы, бірақ АПБК-ның отырысы өткізілетін күннен бұрын кем дегенде бір жұмыс күнге дейін қысқаруты мүмкін.

  8. АПБК мүшелерінің қаржы құралдарына ақшаны инвестициялау жөніндегі мәселелерін қарастыру Қоғам мен Қордың ІНҚ-ның талаптарына сәйкес жүзеге асырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет