Актуальные проблемы образования и науки в XXI веке



Pdf көрінісі
бет9/40
Дата08.01.2017
өлшемі6,92 Mb.
#1409
түріСборник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40

Для 
оценки 
рeзультатов 
работы 
детей 
я 
использую 
формативное,суммативное  и  критериальное  оценивание.  Мне  очень  важно 
создавать  благоприятный  психологический  климат  в  процессе  оценивания. 
Я считаю, когда ребенок оценивает себя сам, сравнивает свои достижения с 
одноклассниками, то это его стимулирует к работе над своими ошибками. 
Оценивая  себя,  ученик  определяет  то,  что  он  знает  и  то,  что  ему 
необходимо знать. Таким образом, дети самостоятельно ставят перед собой 
задачи  для  улучшения  своих  результатов.  Говоря  об  оценке  ученика  нужно 
понимать,  что  она  складывается  из  множества  критериев  оценки  работы 
ученика.  В  собственной  практике  я  убедилась  в  том,  что  ученик  к  себе 
субъективен, а когда он видит общую оценку за свою работу, то он сможет 
реально  прослеживать  динамику  развития  своих  знаний.  А  оценивание 
учеников  своими  сверстниками  мотивирует  слабых  учащихся  на 
повышение уровня знаний. 
        В заключении,  я бы  хотела  пожелать  в таком  нелегком  труде  по 
внедрению  обновления  содержания  среднего  образования  для  Казахстана — 
стабильности  и процветания,  для  школы —  талантливых  и успешных 
учителей и учеников, а для себя и своих коллег — творческих успехов! 
 
Список литературы: 
1.
 
Руководство учителя,2012 год 
2.
 
«Умение задавать вопросы» И.Загашев 
3.
 
«Психология думающего учителя» А. Бизяева 
 
МҰҒАЛІМ- МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ 
 
Аймекен Сагинбаевна ДОСМУРЗАЕВА 
Қ
.Жұбанов атындағы өңірлік мемелекеттік университеті, 
Жалпы педагогика және психология кафедрасының аға оқутышысы 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ
 
 
     
Түйін 
Бұл мақалада қоғамда педагогтың ролі туралы айтылады. 
Аннотация 
В Статье рассматривается роль педагога вобществе. 
 
 
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы 
қ
оғамдағы  адами  фактор  мәселесімен  тікелей  байланысты,  себебі  жан-
жақты  дамыған,  бәсекеге  қабілетті  жастар  мен  құзіретті  мамандар  ғана 
қ
оғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды 
дамуы  үшін  бәсекеге  қабілетті,  әлеуметтік  белсенділіктері  дамыған  жас 
мамандар  қажет.  Ал  осындай  азаматтар  тұлғасын  қалыптастыруда 
олардың  ата-аналарымен  қатар  білім  беру  мекемелеріндегі  мұғалімдердің 
ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор [1,98]. 
 
Мұғалім  -  теңдесі  жоқ    мамандық.  Мақала  жазу  барысында  ғалымдар     
А.Б.  Ынтықбаева,  Ж.Р.Бәшірова  мұғалімнің  іскерлік  пен  біліктіліктерін 
оқушылар мен ортақ тіл таба алуын ұстаздың оқушыларға деген ықыласын 
көрсетеді  деп  айтатындығын  білдік.  Олай  болса  мұғалім  мамандығын 
меңгерудің қыр-сыры көп екендігін байқаймыз.  
 
Сондықтан  ұстаз  адам  –  кәсіби  мамандығына  құштар,  оны  жан  -
тәнімен  сүйетін,  барлық  өмірін  соған  арнауы  тиіс.  Олай  болса  мұғалім 
еңбегінің  сан  қырлылығы  осыдан  өрбиді.  Мұғалім  адамның  өз  тәнін  терең 
меңгеруі  оның  ең  алғашқы  қыры,  кәсіби  шеберлігін  үздіксіз  ұштай,  шыңдай 
түсуі екінші қыры болмақ. 
       Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі-тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне 
жеткізе сөйлей білудің өзі-өнер. Себебі, тіл-тәрбие құралы. Төртінші қыры - 
байқағыштық  сезімі-көрегендігі.Бесініші  қыры  -  әр  жүректі  білім 
шұғыласымен  нұрландырудың  ең  тиімді,  ең  төте  жолын  таба  білетін 
жасампаздығ.Алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы. 
 
Жетінші  қыры  -  үздіксіз,  тынымсыз  ізденімпаздығы.Сегізінші  қыры  - 
ү
лгі-өнегесі,  мұғалім  мәдениеті,  қарым-қатынасы,  өзін-өзі  басқаруы, 
бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа 
ие  болып  отыруы  мұғалімдік  мамандықтың  ең  басты  этикалық  сапалық 
белгісі. (интернеттен алынды).   
 
Осы сегіз қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім 
қ
ай  сабақта  болмасын  оқушысын  еркіндікке  баулиды.Сондықтан  да 
мұғалімнің  міндеті  талап  пен  еңбекті  оқушыдан  талап  етеді,  білімнің 
теңізінен маржан тергізеді. Оқушы сабағынан ешқашан жалықпау керек деп 
ойлаймыз. 
 
Педагогика  оқулығының  авторы  Ш.Әленұлы  мұғалім  қызметінің  оқу 
процесіндегі қызметін  мынадай деп көрсетеді: 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ
 
 
1)мұғалім балаларды ынталандыра алатын болсын, оларға оқудың қоғам үшін 
және  оқушылардың  өздері  үшін  қандай  маңызды  болатынын  көрсетсін;                                                                                                                              
2)мұғалім оқушылардың таным-білім мүмкіндігін жақсы біледі және оқытуда 
солардың  шама-шарқына  қарай  міндеттер  қойып,  бұл  міндеттерді 
балалардың 
ақыл-ой 
дәрежесіне 
қ
арай 
күрделендіріп 
отырады;                                            
3)мұғалім балалардың назарын басты міндетін шешуге шоғырландыра алады 
және  жұмыс  басынан-ақ  оқушының  ойын  негізгі  мәселеден  алаңдататын 
нәрсенің бәрін жойып отырады; 
4)мұғалім 
– 
оқушылардың 
таным-білім 
ә
рекетін 
жақсылап 
ұ
йымдастырушы,  балалардың  табысқа  жетуіне,  олардың  рухани  жағынан 
ө
суіне  барынша  мүдделі  болып  отыратын  ыждағатты  әрі  қамқоршы  адам 
деп ой түйеді [2,37].  
 
Мұғалім  бала  бойындағы  туа  біткен  түрлі  қабілеттерді  байқап, 
мысалы  сурет  салу,  ән  айта  білу,  қоршаған  ортаға  қызығушылығы  (өзен, 
тау, жер асты қазбаларына т.б.)дәл байқап әрі қарай өз бетінше дамытуға 
жағдай 
жасайды.                                                                                                          
 
Тәрбие ісі екі бағытта жүретінін білеміз. Мұғалім оқушысына қоғамға 
қ
ажетті қасиеттерді дарыту болып табылса, екінші бағыты  оқудан  тыс 
уақытта  тәрбие  беру.  Оқу  процесінде  мұғалім  рөлі  өте  жоғары  өйткені 
ұ
стаз  білім  бере  отырып  тәрбиелейді.  Қазіргі  қоғамда  оқушылардың, 
студенттердің  алдында  тұрған  мақсат  біреу  –  ол  қоғамымыздың  қай 
саласында  жүрсе  де  тәрбиелі  болу.  Өзіміз  білетіндей  қазіргі  оқушылар 
басқаша:  олардың  талабы,  ақпарат  алу  деңгейі,  тұрмыс  бейнесі  мен  іс 
ә
рекеті  өзгерді.  Егер  мұғалім    оқушылармен,  студенттермен 
ынтымақтастықта  болғысы  келсе,  жеке  бас  арасындағы  өз  ара  сыйластық 
түсіністік келісімділік болуы керек деп ойлаймыз.  
 
Бұл  мәселеде  мұғалімнің    де,  оқушылар  мен  студенттің  де  абыройы, 
беделі,  адами  қасиеті  арта  түседі.  Біздің  өмірімізде  мұғалімнің  ішкі  көңіл 
күйін түсіне бермейтін сынып ұжымы да кездеседі, ал мұғалімнің көңіл күйі 
сыныпқа  бірден  әсер  ететіні  белгілі.  Осы  орайда  біз  ұстазым  Жалғасбаева 
Рысты  Шамшадинқызының  еңбегін  ерекше  атап  өтер  едім.  Ол  тарих 
пәнінің  оқутышысы.  Ол  кісі  үй  жағдайында,  қызмет  жағдайында  болған 
келеңсіз, көңілін түсіретін жайытты бізге білдірмейтін.  
 
Ауылымыз шағын болғандықтан, әр ұстаздың  отбасылық жағдайынан 
хабардар  болып  жүретінбіз.  Ұстазым  өте  еңбекқор,  жаны  жайсаң,  әрдайым 
шәкіртінің  жүрегіне  жол  табатын  нәзік  жанды  адам.  Сабақ  кезінде  бізге 
оқулықта  берілген  оқу  материалынан  басқа  елімізде  болып  жатқан  саяси-
экономикалық,  мәдени-ағарту  істері  жөнінде  сабақта  өтілетін 
тақырыптар  мен  байланыстырып  қызықты  өткізетін.  Осыған  орай 
мұғалімнің бойындағы мынандай асыл қасиеттерді айтқым келеді.          
 
                                               Әділ                білімді 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ
 
 
                                                         Мұғалім 
                                           сыпайы                          ұстамды 
                                                            беделді 
                                                    
 
 
Сан-алуан  мамандықтардың  ішінде  мұғалім  мамандығы  «адам-
адам»жүйесіне  қатысты  мамандық.  Бірақ  осындай  жүйеде  адаммен  тығыз 
жұмыс  істейтін  басқа  да  мамандық  иелері  жеткілікті.  Мысалы,  дәрігер, 
заңгер,  өнер  адамдары(әншілер,  бишілер,  әртістер),  сатушылар  т.с.с. 
мамандар да адамдармен тығыз қарым –қатынаста болады ғой. 
 
 Педагог мамандығының маңыздылығы оның қоғам дамуындағы рөлімен 
анықталады.  Педагог  мамандығында  жетекші  идея,  негізгі  міндет  –  қоғам 
дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге 
бағыттау.  Яғни,  мұғалім  өскелең  ұрпақты  қоғамның  болашақ  азаматтары 
ретінде  тәрбиелеп,  оқушылардың  өмірде  өз  орнын  таба  білуіне,  қалаған 
мамандықтарына қол жеткізуге байланысты  жұмыстар атқарады.  
 
Ол  үшін  тәрбие  сағаттарында  белгілі  мамандық  иелерін  тәрбиелі 
отбасыларын,  ардақты  аналарды,  мектеп  түлектерін  шақырып,  мәнді  де 
мазмұнды  әңгіме  өткізеді.  Мұғалімдер  қоғамдағы  ғасырлар  бойы 
қ
алыптасқан  әлеуметтік  тәжірибені  саралап  ең  дұрыс  және  ең  қажетті 
жақтарын жасөспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады.  
 
Сонымен  қатар  мұғалімдер  жасөспірімдердің  дүниетанымдарын, 
ұ
лттық  сана  сезімдерін,  салауатты  өмір  салтына  деген  көзғарастарын 
қ
алыптастырады.  Яғни,  мұғалімдерді  баланың  қоғамдық  қатынастарға 
бейімделуін,  әлеуметтенуін  басқарушысы  ретінде  қабылдауға  болады. 
Мақала  жазу  барысында    ұлы  гректің  ойшылы  Сократ:  «Ұстаздың  биігі 
ойлана  қарасаң  биіктей  береді,  үңіле  қарасаң,  тереңдей  береді,  қол  созсаң 
алдыңда,  айналсаң  артыңда  тұрғандай»  дегені  мұғалім  тұлғасына  дәл 
айтылғандай деп түсінеміз[3,240].   
 
Қ
ай  елде  болмасын  мұғалім  көп  таралған  мамандық.    Мысалы,  өзіміз 
дәріс  жүргізіп  жүрген    Қ.Жұбанов  атындағы  өңірлік  мемелекеттік 
университетін 
жанындағы 
Педагогикалық 
институтта 
бірнеше 
мамандыққа  оқитын  студенттер  баршылық  екенін  атап  айтуға  болады. 
Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту, дене шынықтыру және спорт, физика 
және  математика  т.б.  Қазіргі  кезде  біз  2-3  ай  оқу  барысында  бірнеше 
мамандық  иелерінің  дәрістерін  тыңдаудамыз.  Айтатын  болсақ  мата өңдеу 
практикумынан  Айнұр  Маратқызы  практика  өткізеді.  Ал  сызу  сабағынан 
Ақбота Зейнешқызы дәріс өткізеді.  
 
Орыс  тілі  пәнінен  Кулайым  Жубанқызы  сабақ  өткізеді.  Көріп 
отырғанымыздай  бізге  дәріс  беретін  ұстаздардың  да  әр  түрлі  мамандық 
екенін  білеміз.  Міне  осы  сияқты  мұғалім  кәсібі  де  әр  түрлі  мамандық 
саласынан хабар болатынына көзіміз жетті.  

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ
 
 
 
Біздің  бұл  пікірімізді  ғалым  А.Е.Берікқанованың  мынадай  сөздері 
дәлелдейді.  «  Бұл  нені  білдіреді?  Бұл  дегеніміз  педагог  мамандығының  қоғам 
дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер 
бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп  мамандарды 
даярлау  қажеттілігі  де  болмаушы  еді.  Бұл  мамандық  мәңгілік  ескермейтін 
мамандықтардың бірі».  
 
Сондықтан  біз  таңдаған    мамандығымызды  мақтан  тұтамыз  және 
ұ
стаздарымызбен мақтанамыз.
 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
А.Е.Берікханова  «Педагогикалық  мамандыққа  кіріспе»  Алматы  2009ж  
240б  
2.
 
Ш.Әленұлы «Педагогика» Алматы «Рост» 2002ж 304б 
3.
 
«Тіл  өмірі,  өмір-тілде»  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік 
мемлекеттік  университенінің  50  жылдық  мерей  тойына  арналған 
халықаралық  ғылыми-практикалық  семинар  материалдары  Ақтөбе 
2016ж 
 
Қ
ОҒАМДАҒЫ АГРЕССИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
М.Е. ДҮКЕНБАЕВА 
Дарынды балаларға арналған «Зерде»мектебінің педагог-
психологы, 
педагогика ғылымдарының магистрі, 
Қ
азақстан Республикасы    
 
 
Түйін 
Бұл мақалада қоғамдық  ортада агрессияның туындау мәселелері және 
олар түрлері жайлы қарастырылған.  
 
Аннотация 
В  этой  статье  рассматривается  вопросы  возникновения  агрессии  в 
общественной среде и виды агрессии 
 
Қ
азіргі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдаяттардың тұрақсыздығы, 
қ
оғамда  болып  жатқан  террор,  суицид,  жағымсыз  қауіпті  құбылыстардың 
белең алуына байланысты агрессия, мазасыздану мәселелері қоғамымыз үшін 
маңызды  мәселелердің  бірі.  Психогенді  факторлардың  (дау-жанжал, 
фрустрація, ішкі конфликттер) үздіксіз әсер етуі
 тұлғаның дамуына кері әсерін 
тигізуде.   
Осы  орайда  психология  ғылымында  тұлғаны  зерттейтін  бағыттар  
неліктен  бір  адамдар  басқа  адамдарға  қарағанда  агрессивті,  бір  жағдайға 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ
 
 
байланысты  кейбіреулер  агрессивтілік  танытса,  ал  басқалар    қалыпты 
көңіл-күйде  болады  және  агрессияның  пайда  болуына,  қалыптасуына, 
көрінісіне    қандай  себептер  әсер  ететіндігіне  қатысты  көптеген  
сұрақтарға жауап іздеді.  
Ең  бірінші  жалпы  «агрессия»  дегеніміз  не  деген  сұраққа  жауап  іздеп 
көрейік. 
 Үлкен  психологиялық  сөздікте  «агрессия»  (лат  «aggresio»  -  шабуыл)  – 
қ
оғамдағы  адамдардың  өмір  сүру  ережелеріне  қайшы  келетін,  адамдарға 
физикалық 
қ
ысым 
көрсетіп 
немесе 
оларда 
психологиялық 
дискомфорттықты  (жағымсыз  қайғырулар,  мазасыздану  күйі,  қорқыныш 
т.б) туғызатын мотивтелген деструктивті құлық  [1]. 
Агрессия  -  өзін  қорғау  мақсатымен  және  пайда  болған  қиыншылықты 
жеңу  үшін  обьектке  тікелей  шабуыл  жасайтын  психологиялық  механизм 
және индивидуалды немесе ұжымдық мінез-құлық пен әрекеттер жиынтығы 
[2]. 
Агрессия  -    өзге  адамға  физикалық  немесе  психологиялық  қысым 
келтіретін кез-келген әрекет пен мінез-құлық [3].   
Агрессия  –  өшпенділікті  мінездейтін  конфликтке  қатысушылардың 
мінез-құлық  формасы.  Әдетте  конфликтке  қатысушы  түлғалар  сөздік 
агрессияға (кінәлау, беделін түсіру, қорлау) және зорлық-зомбылық көрсету, 
қ
ысым келтіру формасында өтетін физикалық агрессияға жүгінеді [4]. 
Сонымен,  көріп  тұрғанымыздай,  агрессия  ең  алдымен  адамның  өзін 
қ
орғау үшін түрлі мінез-құлық пен әрекеттерді жүзеге асыруы.   
Ал,  агрессияның  пайда  болуына  қандай  факторлар  әсер  етеді  деген 
сұраққа психология ғылымындағы тұлға теориялардың [5] анықтамаларына 
тоқталайық:  
 
 
Тұлға теориялары 
Неліктен  бір  адамдарда  басқа  адамдарға 
қ
арағанда агрессивтілік басым? 
   
1  Психодинамикалық 
теория (З.Фрейд) 
Себебі:  адамның  табиғатында  агрессивтілікке 
құ
штарлық  бар  және  де  адамның  эго  және 
супер-эго  құрылымы  оған  қарсы  тұру  үшін 
қ
ажетті деңгейде дамымаған. 
2  Аналитикалық  теория 
(К.Юнг) 
Себебі:  адамдар  сәйкес  архетиптермен  (соғыс, 
қ
ылмыс  т.б)  дүниеге  келеді  және  әлеуметтік 
орта  осы  архетиптерді  «толықтыруға» 
мүмкіндік 
берді. 
Архетип 
– 
тұқымқуалаушылықпен  берілетін  біріншілік 
идеялар. 
3  Гуманистикалық 
Себебі:  белгілі  бір  жағдайлардың  пайда  болуы 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ
 
 
теория 
(К.Роджерс, 
А.Маслау) 
мен  дамуына  байланысты  уақытша  блок 
(қажеттіліктердің төмеңгі деңгейінде «реалды 
Мен»  мен  «идеалды  Мен»  арасындағы 
келіспеушіліктер)  пайда  болады,  тек  осы 
блокты өшіру арқылы адам қайтадан қылыпты 
(агрессивті емес) қылығына түсе алады. 
4  Танымдық 
теория 
(Дж.Келли) 
Себебі,  агрессивті  адамдардың  өздеріне  тән 
тұлғалық  конструкттік  жүйелері  болады. 
Соған  сәйкес  олар  әлемді  қабылдайды,  түсінеді 
және 
агрессивті 
қ
ылықпен 
байланысты 
жағдаяттарды жақсы естерінде сақтайды. 
5  Қылықтық 
теория 
(Дж.Уотсон, 
Б.Скиннер,  А.Бандура, 
Дж.Роттер) 
Себебі,  осы  адамдарды  тәрбиелеу  үдерісінде 
агрессивті  қылық  үшін  қолдады  және  олардың 
орталары    агрессивті  адамдардан  құралып, 
олар  үшін  агрессивті  қылық  субьективті 
маңызды қасиетке жатады.  
6  Іс-әрекеттік 
теория 
(С.Л.Рубинштей, 
А.Н.Леонтьев, 
К.А.Абульханова-
Славская, 
А.В.Брушлинский) 
Себебі,  осы  адамдардың  нақты  бір  әлеуметтік 
ортасында іс-әрекет үдерісінде басқа адамдарға 
мақсатты  саналы      физикалық  және 
психикалық  қауіп-қатер  көрсету  қалыптасқан 
және өзін-өзі бақылау механизмі дамымаған. 
7  Диспозиционалды 
теория 
(Г.Оллпорт, 
Г.Айзенк) 
Себебі, 
осы 
адамдар 
биологиялық 
алғышарттары,  темпераменттері  арнайы 
агрессивті сапаларымен шартталған. 
 
Барлық  агрессияға  байланысты  теориялар  олардың  алуантүрлілігіне 
қ
атысты  негізгі  төрт  топқа  бөліп  қарастыруға  болады:  туғаннан  пайда 
болған  ниет  немесе  нышан  (құштарлық  теориясы),  сыртқы  стимулдарға 
негізделетін    қажеттілік  (фрустрациялық  теория),  танымдық  және 
эмоциялық үдерістер, әлеуметтік ортаның ықпалы. 
Бірінші  теорияға  сәйкес  агрессивтілік  туғаннан  пайда  болатын 
инстинктті мінез-құлық формасы. Басқаша айтқанда агрессия генетикалық 
тұрғыдан  алдын  ала  бағдарланған.  Сәйкесінше,  қандай  да  болмасын 
ә
леуметтік  ортаның  тіпті  жағымды  өзгерістері  оның  көрінісін  тоқтата 
алмайды. Тек көп дегенде оның күшін бәсеңдете әлсірете алады.  
Екінші  теория    керісінше,  агрессия  сыртқы  орта  мен  шарттарының 
(фрустрация)  әсер  етуінен  пайда  болады  десе,  үшінші  теория  алдыңға  екі 
теорияға  қарағанда  адамзат  тәжірибиелерінің  танымдық,  эмоционалды 
секілді  аспектілерін  ескеруді  жөн  санайды.  Осы  теорияның  жақтаушылары 
бойынша,  агрессияны  басқаруға  болады,  яғни  адам  алдын  ала  қарапайым 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ
 
 
қ
ауіпті  болатын жағдаяттарды  сезінуді  үйреніп,  осы  жағдайды адекватты 
бағалай алатын нышандары болады.   
Төртінші  теория  бойынша  агрессия  үйрену  нәтижесіндегі  (әлеуметтік 
ү
йрену  теориясы)  әлеуметтік  мінез-құлық.  Агрессивті  реакциялар 
агрессивті  жағдаяттарға  тікелей  қатысу  барысында  немесе  агрессивті 
көріністерді жанама бақылау кезінде меңгереді.
 
Адамзат  агрессивтілігінің  дамуының  эволюциялық  бағыты  ең  алдымен 
жануарлардың  мінез-құлқын  зерттеу  нәтижесінде  өңдеген  К.Лоренц 
теориясына негізделеді. К.Лоренцтің көзқарасы бойынша агрессия өмір сүру 
ү
шін  туғаннан  берілетін  күресу  инстинктімен  шартталған.  Бұл 
инстинкт эволюция барысында дамып, үш маңызды қызмет атқарады: 1) кең 
географиялық  кеңістікте  күрес  түр  өкілдерін  шашыратады,  2)  агрессия 
күшті  ұрпақ  қалдыру  үшін  генетикалық  қорды  жақсартуға  көмектеседі,  3) 
күші мықты жануарлар жақсы қорғана алады және өздерінің ұрпақтарының 
ө
мір сүруін қамтамассыз етеді. 
И.К.Лоренц  пен  З.Фрейдтің  көзқарастары  бойынша  агрессия  нақты 
ә
леуметтік  нормаларды  бақылауға  басшылық  еткенімен,  шарасыз  одан 
ешкім құтыла алмайды.  
Ал,  Э.Фромм  бойынша  адамдардың  деструктивті  жағдаяттардағы 
агрессивті  мінез-құлығы  филогенетикалық  дамумен  байланысты,  яғни  ол 
туғаннан  берілетін  алдын  ала  бағдарланған  инстинкпен  беріледі,  алайда 
тарихи даму негізінде жүзеге асады дейді.   
Барлық  теориялардың  ішінен  Доллардтың  агрессия  және  фрустрация 
теориясы  бойынша  фрустрация  әлбетте  қандай  да  болмасын  агрессияның 
түріне әкеледі және агрессия фрустрацияның нәтижесі болып табылады [6]. 
Агрессивтілік  -  субьектінің  агрессивті  құлыққа  дайындығы  деп 
қ
арастырылатын  тұлғаның  қасиеті.  Агрессивтілік  агрессивті  құлыққа 
бейім  келетін  психодинамикалық  қасиет  негізінде  адамда  дамитын 
тұлғалық сапа болып табылады [1]. 
Көптеген  авторлар  бойынша  агрессивтілік  қандай  да  болсын  құлық 
тәсіліне бейімділікті және кейбір тұлғалық қарым-қатынасты түсіндіретін 
қ
арапайын индивидуалды қасиеттердің жиынтығы. 
Е.А.Змановскаяның  айтуы  бойынша  агрессия  деструктивтілікпен 
байланысты  болғанымен  ауытқуға  ұшыраған  мінез-құлық  болып 
табылмайды.  Осы  таңда  агрессия  біреуді  өзіне  бағындыруды  және  соған 
ү
стем  болу  мақсатымен  шыңайы  мінез-құлықты  жүзеге  асыруға  ұмтылу 
тенденциясы  [6].  Бұл  тенденция  әмбебап  болып  келеді.  Себебі,  агрессия 
ө
мірді  жалғастыру  үшін  және  қарапайым  агрессивтілікке  ұмтылуды 
қ
анағаттандыру үшін қызмет етеді.  
Осы  таңда  К.Изард,  иә  шынымен  өшпенділікті  сезіне  отырып,  кейбір 
адамдар оны сыртқа көрсетпеуі де мүмкін, ал кейде мотивтелінбеген обьект 
кездейсоқ  агрессивті  мінез-құлыққа  айналуы  мүмкін  дейді.  Ал,  А.Басс 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ
 
 
бойынша  агрессивтілік  басқаларға  шабуыл  кезінде  жанама  немесе  вербалды 
агрессия түрінде көрінеді [8]. 
Жағдайға  қосылуға  және  оның  дамуына  байланысты  жағдаяттық-
агрессивті  реакция,  пассивті  және  белсенді  агрессивті  құлықты  бөліп 
қ
арастыруға болады. Агрессивті мінез-құлықтың жетекші белгілеріне: өзінің 
жеке  кейіңгі  қызығушылықтарына  пайдалану  үшін  адамдарға  үстемдік 
көрсету, деструктивтілік, адамдаға қиянат зорлық-зомбылық көрсету т.б. 
жатады  [8].  
Адамдар  арасындағы  агрессивті  мінез-құлық  түрлі  формада  өтуі 
мүмкін. Олардың келесідей түрлерін бөліп  қарастыруға болады:  
 
1.
 
Физикалық – өзге адамға немесе объектке физикалық күш көрсету.  
2.
 
Вербалды  –жағымсыз  сезімдерді  айғай,  ұрыс-жанжал  және  вербалды 
реакция түрінде (қорқыту, қарғау т.б) көрінеді. 
3.
 
Тікелей – обьектке немесе субьектке тікелей қарсы бағытталған. 
4.
 
Жанама  –  өзге  адамдарға  бағытталған  әрекеттер  ()  және 
тәртіпсіздік  пен  бағыттылықсыздықты  (ұрыс-жанжалда  көрінетін 
айғай, ашу, қолмен ұру, аяқпен таптау т.б) мінездейтін әрекеттер. 
5.
 
Инструменталды – қандай да бір мақсатқа жету тәсілі.  
6.
 
Ө
шпенділік  –  агрессивті  обьектіге  қастандық  көрсету  мақсатымен 
жүзеге асырылған әрекеттер. 
7.
 
Аутоагрессия  –  өзін-өзі  кінәлауға,  өзін-өзі  төмен  түсірумен    кейде 
ө
зін-өзі  өлтіруге  дейін  апаратын  өзіне  дене  жарақаттарын  қолдан 
жасау. 
8.
 
Альтруистикалық – өзгелердің агрессивті әрекеттерінен қорғану. 
Агрессия  үнемі  қоғамға  қайшы  келетін  құлық  және  биологиялық 
толыққансыздықтан туған, қоғамда өзін орнын таба алмаған немесе 
жағымсыз  қоршаған  орта  салдарынан  пайда  болған  фрустрациялық 
күй  [1].   
Агрессивті  құлықты  қалыптастыратын  жасаралық,  индивидуалды, 
гендерлік  және  әлеуметтік  қоршаған  орта  секілді  факторларды  бөліп 
қ
арастыруға болады. [9].   
Енді 
агрессивтілік 
пен 
агрессивті 
мінез-құлық 
арасындағы 
айырмашылықты  тауып  көрейік.  Агрессивті  мінез-құлық    -  басқа  адамға 
бағытталған  сырттай  көрініс  беретін  әрекеттер.  Әдетте,  агрессивті 
мінез-құлық аз уақыттылығымен ерекшеленеді және жағдаятқа байланысты 
ө
згеріп  отырады  (бір  жағдайдан  екіншісіне).  Ал,  тұлғалық  агрессивтілік  – 
бұл сыртқа бағытталған әрекет емес, яғни тұлғаның агрессияға бейімділігі. 
Агрессивті 
мінез-құлыққа 
қ
арағанда 
тұлғалық 
агрессивтілік 
тұрақтылықпен 
трансжағдаяттық 
терминдерімен 
сипатталуда. 
Агрессивтіліктің 
тұрақтылығы 
ұ
зак 
уақыттық 
кезеңдердегі 
тұрақтылықпен  суреттелсе,  трансжағдаяттық  агрессивтілік  нақты 

XXI Ғ АСЫРДАҒ Ы БІЛІМ ЖӘНЕ Ғ ЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ                                                                                    
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ В XXI  ВЕКЕ
 
 
жағдайларға  байланысты  (сыртқы)  және  тұлғалық  (ішкі)  факторларға 
сәйкес көрініс табады. 
Сонымен,  егер  агрессия  –  тұлғаның  ішкі  ниеттендіру  тенденциясы 
болса,  ал  агрессивтілік  осы  тенденцияны  ішкі  немесе  сыртқы  әрекеттерде 
көрсетуге бейімділігін түсіндіретін индивидуалды тұлғаның ерекшелігі және 
де  көріп  отырғанымыздай  агрессияның  пайда  болуы  туғаннан  берілетін 
инстинкт,  әлеуметтік  орта,  тұлғаның  субьективті  мақсаттары  секілді 
т.б факторлар әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет