Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования


Анықтаушы экспериментке 20 бала қатысты. Эксперимент таза болып шығу үшін диагнозы  бірдей СТЖД



Pdf көрінісі
бет13/101
Дата02.11.2023
өлшемі1,88 Mb.
#121431
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101
 
Анықтаушы экспериментке 20 бала қатысты. Эксперимент таза болып шығу үшін диагнозы 
бірдей СТЖД
 
2-ші деңгейіндегі 3,5-5 аралығындағы балаларды алдық. Олардың сипаттамасына 
келіп тоқталсақ: 
- балалардың барлығында орталық жүйке жүйесінің резидуальды-органикалық зақымдалуы 
байқалады; 
- оның ішінде 1 балада органикалық түрдегі ашық ринолалия бар (ол қызға дер кезінде 
көмек көрсетіліп, ота жасалған; фразалық сөйлеу тілі қалыптасқан; сөздердің мағынасын түсінеді); 
- 1 бала нашар естиді; сөздік нұсқауларды түсінеді, фразалық сөйлеуде ұқсас дыбыстарды 
шатастырып, дұрыс айтпайды
Зерттеуде 2 орта топтың 20 баласы қатысты, балалардың орташа жасы 4 жас 3 ай. 
Біз анықтаушы экспериментті кезеңдерге бөлдік: 
 
 
1 кезең. Балалардың сөздік қорын тексеру тапсырмалары. 
Ушакова, Струнина бойынша сөздік қорын текеру әдістемесі (4-5 жас) 
Тапсырма 1. 
Мақсаты:
Балалардың сөздік қорының қалыптасу деңгейін тексеру. 
Логопед балаға қуыршақты қөрсетіп, келесі сұрақтарды қоя бастайды. 
1.Қуыршақ дегеніміз не ? 
1)
Бала анықтама береді ( қуыршақ-ол ойыншық, онымен ойнайды ); 


13 
2)
Тек қана жекелеген сапалық қасиетін ( қуырщақ әдемі) немесе іс-әрекетін (қуыршақ тұрып 
тұр) айтады. 
3)
Тапсырманы орындамайды тек қуыршақ сөзін қайталайды. 
2.Қуыршақтың үстіндегі киімі қандай ? 
1)
Бала 4 зат атауын айтады. 
2)
Бала 2 зат атауын айтады. 
3)
Айтпайды, тек нұсқап көрсетеді. 
3.Қуыршаққа жүгіру үшін, қолмен бұлғауы үшін қандай тапсырма бересің ? 
1)
Бала бұйрық райды дұрыс қолданады: Сәуле жүгірші, қолыңды бұлғашы. 
2)
Тек қана етістікті айтады: жүгір, қолыңды бұлға. 
3)
Дұрыс емес формадағы етістікті қолданады. 
4.Қуыршаққа қонақтар келді. Үстел үстіне не қою керек ? 
1)
Бала ыдыс сөзін айтады. 
2)
Ыдыстың жекелеген түрлерін атап шығады. 
3)
Тек қана бір затты айтады. 
5.Қандай ыдыс-аяқ түрлерін білесің ? 
1)
Бала 4 зат атауын айтады. 
2)
Бала 2 зат атауын айтады. 
3)
Бала тек бір зат атауын айтады. 
6.Нанды, шайды, қантты қайда салады ? 
1)
Барлық сұраққа дұрыс жауап береді. 
2)
Тек қана 3 сұраққа жауап берді. 
3)
Тек қана 1 сұраққа жауап берді. 
7.Ыдыстарды бір-бірімен салыстыру. «Мына заттарда қандай айырмашылық бар ? (Әр түрлі 
ыдысы бар суретті көрсету) 
1)
Түсін ғана ажырата алады. 
2)
Жекелеген сапалық қасиетін айтады (мына кесе жасыл түсті, ал анау кесе –қызыл түсті). 
3)
Тек бір өзгешелігін айтады. 
8.Айтшы, мынау не ? 
Шыны әрі мөлдір стақан ба, құмыра ма ? Темір әрі жылтыр-шанышқы ма, пышақ па ? Саздан 
жасалған әрі оюланған- табақ па, кесе ме? 
1)
Барлық тапсырманы орындады. 
2)
Екі тапсырманы орындады. 
3)
Бір тапсырманы орындады. 
9.Сөздің кері мағынасын тап. Бір стақан биік, екіншісі...... ;Мына кесе таза, ал анаусы-....; 
1)
Барлық тапсырманы орындады. 
2)
Екі тапсырманы орындады. 
3)
Бір тапсырманы орындады. 
10. Пышақтың сабы бар, Тағы ненің сабы бар ? 
1)
3-4 заттың сабын айтады (үтік, шәйнек, сөмке). 
2)
2 сапты айтады (қазан мен шәйнек) 
3)
Чашканың сабын көрсетеді. 
Тапсырма 2. 
1.Логопед допты көрсетіп «Бұл не ?» деп сұрайды. 
1)
Бала анықтама береді ( доп-ол ойыншық, ол дөңгелек болады ); 
2)
Тек қана жекелеген сапалық қасиетін айтады. 
3)
Тапсырманы орындамайды, тек доп сөзін қайталайды. 
2.Лақтыру, қағып алу сөздерінің мағынасы неде ? 
1)
Бала түсіндіре бастайды: лақтыру-біреуге допты бердім, ал екінші адам алды. 
2)
Қимылмен көрсетіп-лақтырдым деп айтады. 
3)
Тек қана қимылмен көрсетеді. 
3.Екі допты салыстыр: айырмашылығы мен ұқсастығы неде ? 
1)
Бала сипаттай бастайды: екеуі де дөңгелек, резеңкеден жасалған, онымен ойнайды. 
2)
Тек түсі бойынша айырмашылығын айтады. 
3)
Тек бір сөз ғана айтады. 
Қандай ойыншықтарды білесің ? 
1)
Бала 4 ойыншық атауын айтады. 


14 
2)
Бала 2 ойыншық атауын айтады. 
3)
Бала 1 ойыншық атауын айтады. [1] 
Жауапты бағалау. 
Егер бала № 1 жауапты таңдаса-3 балл, № 2-2 балл, № 3-1 балл беріледі. Егер баланың 
жауаптарының 2/3 3 баллға сәйкес келсе жоғары деңгей, ал 2 баллға есептелсе орта деңгей, ал 1 
баллға есептелсе төменгі деңгей болып есептеледі. 
Тексеруде балаға қуыршақ пен доп көрсетіліп, оның сапалық қасиетін, ерекшеліктерін атап өту 
одан талап етілді. Сөздік қорын тексеруде бір-бірімен жалғасын табатын сұрақтар қойылды: 
қуыршақтың киімі қандай, қонақ келсе алдына не қоясың, қандай ыдыс түрлерін білесің және т.с.с. 
Кесте 1 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет