9
атқарды. Ауытқулықтары бар балаларға көмек көрсетуді ұйымдастырудың
алғашқы қадамдары
ресейлік тәжірибені ұйымдастыру негізінде әзірленген.
Ал 30-шы жылдары республикада арнайы білім беру жүйесінің дамуы жалғаса берді.
Арнайы білім беру жүйесінің дамуында маңызды жаңалық болып 1931 жылы 8-маусымда халық
ағартушылық комитетінің мәжілісі
қабылдаған ауытқуы бар балаларға арнайы білім беруді міндетті түрде беру туралы шешім
қабылданған.
1931-1932 оқу жылдарының басынан республикада естімейтін және көрмейтін балаларға
арналған 2 типтегі арнайы мектептер ашылды.Көрмейтін балаларға білім беруде де
қиыншылықтар кездесті. Арнайы оқу құралдарының болмауы, мамандардың жоқтығы салдарынан
біршама қиындықтар болған. 1937 жылдан бастап Семей, Ақтебе, Орал, Қарағанды мен
Қостанайда естімейтін балаларға арнайы мектептер мен балалар үйлері ашыла бастады. Сол
уакытта мамандардың жетіспеуі ерекше сезілді. 30 жылдардын ортасына дейін республикадағы
арнайы мекемелерде дефектолог мамандар болған жоқ.
Ауытқулықтары бар балалармен жұмыс істеуге жоғарғы білімі бар дефектолог мамандары
қажет болды. Осы кезде тифлопедагогтар мен олигофренопедагогтар жоқ болатын.Жалпы 20-30-
шы жылдары дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған оқыту, тәрбие беру
мекемелеріндегі педагогикалық мамандарды даярлау біліктілігін жоғарлау жүйесінің қалыптасу
кезеңін бастан кешірген.
1920-1945 жылдар аралығында республикада арнайы білім беру мен тәрбие беру жүйесі
қалыптасуының маңызды кезеңі болды. Осы жылдардағы қиыншылыктарға карамастан бұл кезең
Қазақ Республикасындағы арнайы білім беру жүйесі
кұрылуының негізгі, бастапқы іргетасын
қалады.
Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдай келе өткен ғасырдың 70
жылдарына дейін мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен
бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстардың аздығы, оның негізгі себептерінің бірі
республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдастырылмағандығы.
1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу, Ленинградтагы
педагогикалық институтарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар берілген.
Өз елімізде дефектолог мамандарды даярлауды ең алғаш Абай атындағы Қазак
Педагогикалық Институтында бастаған. 1976-1977 жылы дефектология факультеті қазакстандық
арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған.
КазПИ-дің дефектология факультетін ашуға белсенді қатысып, дамуына өз үлесін қосқан озат
дефектолог ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р. А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева К.Ж,
Буфетов Н.М. т.б.
Дефектология ғылымының дамуы Ж.И. Намазбаеваның кемтар баланың тұлғасын зерттеу
жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары акыл- ойы кемтар балалардың өзін өзі бағалау тұлғалык
ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасып, 1986
жылы психология
ғылымының докторлык диссертациясында дәлелденген.
80- шы жылдары психология сапасында психикапык дамуы тежелген балаларды зерттеу
жұмыстары көптеген нәтижелер көрсетті. НақтыМ.Ш. Адилова кіші мектеп жасындағы ПДТ
бапалардың психомоторикалык ерекшеліктерін зертгеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту
мен түзету теориясы мен тәжірибесі маңызы зор.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлғалық қасиеттерін зерттеу жұмыстары кейін де Ж.И.
Намазбаеваның жетекшілігімен жалғасып, бірталай ғылыми еңбектер жүргізіліп, арнайы
психологияны қызықты деректермен толықтырған Мысалы, Сарсенбаева Л.О. көмекші мектеп
оқушыларының тұлғалық бағытын зерттеген, Макина Л.Х. зияты зақымдалған балалардың тұлға
аралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу жұмысын жүргізген т.б. (Шарапиева А.Д.,
Искакова М.С.)
Қазақстан дефектологтары мүмкіндігі шектеулі балаларды тілге оқу мәселесін зерттеп, бұл
салада кұнды еңбектерімен танымал. Бектаева К.Ж., Өмірбекова Қ.Қ. көмекші мектеп
оқушыларын тілге оқыту әдістемесін мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен
толықтырған. Ал математика әдістемесі үшін Р.А. Сүлейменованың акал-ойы кемтар балалардың
есеп шығарудағы қиындыктарының ерекшеліктері зерттеуі мен И.Г. Терехованың көмекші
мектепте ондык бөлшектерге оқыту туралы ғылыми жұмыстары өзектілігін ақтаған.Арнайы
мектептің негізгі міндеті түлектерін әлеуметтік беймдеу жұмысын әзрілеу үшін А.Қ.
Рсалдинованың зияты зақымдалған балаларды стандарты нұсқау бойынша жұмыс жасауға үйрету.
10
Арнайы білім беру жүйесінің дамуы туралы ғылыми еңбектер Г.М. Коржова мен А.Қ.
Сатованың диссертацияларында керініс тапты. Нақты Г.М. Коржова кемтар балаларды еңбекке
баулу жүйесінің даму тарихын анықтаған, ал А.Қ. Сатова дефектолог
кадрларын даярлау
жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру мәселерің зерттеген. Арнайы білім беру жүйесінің даму
тарихы үшін бұл жұмыстар аса маңызды.
90-шы жылдары тәуелсіздікке көшу, саяси, әлеуметтік өзгерістердің әсері білім беру
саласында қарқынды дами бастады. Жағымды жетістіктің бірі Қазақстан тарихына көңіл болу
болғандықтан, арнайы мектептерде Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін әзірлеу, өзектілігін
білдірді. Сол себепті, Г.А. Аужанованың ғылыми жұмысы Қазакстан тарихын оқыту ерекшеліктері
мен әдістеріне арналған.
А.Н. Аутаева естуінде ауытқуы барбалалардың дыбыс айтуын қалыптастыру
ерекшеліктерін зерттеген. Бұл зерттеу республикамыздың естуінде ауытқуы бар балаларды оқыту
мен тәрбиелеу саласындағы алғаш ғылыми жұмыс болды.
1992 жылы Республикалық "Ақыл ой және дене дамуында кемістігі бар балалармен
жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу еңбекте оңалту" ғылыми -тәжірибелік орталықтың ашылуы
ғылыми зерттеулерді белсенді өткізуді талап етті. Арнайы білім беру саласындағы жаңа
өзгерістер, шетел тәжірибесімен танысу өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік тудырды.
Арнайы білім беруде жаңа технологиялардың
еңгізудің көрінісі, А.Т. Баймұратованың
мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзету жұмысында лекотека технологиясын әзірлеу жұмысы
болды. Бұл ғылыми еңбектің нәтижесінде ӘБЕО орталығында лекотека бөлімі ашылып, мүмкіндігі
шектеулі балаларға түзету көмегін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Біз тұжырымдай келе арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдай отырып, сол
кездегі шешілмеген келесі мәселелерді байқауға болады, олар:
- мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарының жоқтығы;
- балаларды ерте жастан анықтап, тексеріп, арнайы түзету арқылы қолдаудың дұрыс
ұйымдастырмағаны;
- арнайы мекемелердің, мектептердің, бала-бақшалардың жетіспеуі;
-әдістемелік, нұсқаулық құжаттар мен бағдарламалардың болмауы;
- отбасында мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналармен дұрыс жүйелі жұмыстың
жүргізілмеуі;
- арнайы білім беру ұйымдарында мамандардың жетіспеушілгі
Сонымен, өткен ғасырдың соңғы жылдары отандық арнайы білім беру жүйесі үшін
ауыр тиген
байқай отырып, сол жүйенің сақталып, әлемдегі жаңа бағыттарға сәйкес бет бұруын жетістік
ретінде белгілеуге болады.
Республикадағы ауытқулары бар балаларға арнайы білім беру мен тәрбие беруге
байланысты жүргізілген зерттеулер арқылы сол жүйенің мәселелері мен әлсіз жақтарын ғана
анықтап қоймай, оның болашақта даму беталысын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: