Жоғарғы деңгей Орта деңгей Төменгі деңгей 2 (10 %)
8 (40 %)
10 (50 %)
Диаграмма 1 Зерттеу нәтижесі (Кесте-1) СТЖД балалардың сөздік қоры балалрдың жартысында төмен
деңгейде екендігін анықтап берді. Ал орта деңгей 40 %, төменгі деңгей 10 % екендігі анықталып
отыр.
2-кезең. Стребелева бойынша сөйлеу тілінің дыбыстық құрылымының деңгейін тексеру
әдістемесі. (4-5 жас).
1.
«Дұрыстап тыңда» әдістемесі
Мақсаты:берілген дыбыс қатарларынан белгілі бір дыбысты бөліп ала алу қабілеті.
Құрал-жабдықтар: экран.
Тексеру барысы:«А» дыбысын естігенде қолыңды көтер деген нұсқаулық балаға беріледі. Логопед
экранмен аузын жауып, келесі дыбыстарды айта бастайды: а, м, с, у, о, ш, а, ы.
2.
«Қайтала» әдістемесі
Мақсаты:сөздің буындық құрылымын сақтай отырып қайталай алу қабілеті.
Тексеру барысы:Логопед баладан келесі сөздерді артынан қайталауын сұрайды. Сөздер қатары:
машина, түйме, құрбақа, көбелек, сабын салғыш.
3.
« Ата» әдістемесі.
Мақсаты:күрделі дыбыстық құрылымы бар сөздерді айта алу қабілеті.
Құрал-жабдықтар:заттар бейнеленген суреттер
: тасбақа, аквариум, велосипед, ескерткіш.
Тексеру барысы:бала суреттерді қарап, атауы қажет.
4.
« Суретті көрсет»әдістемесі
Мақсаты: бір-біріне ұқсас дыбысталатын сөздерді дифференциациялай алу қабілеті.
Құрал-жабдықтар: заттық суреттер.
Тексеру барысы: бала алдына қала-дала, түйме-күйме, сабын-табынның суреттер қойылады. Оған
мағынасына қарай түймені көрсет немесе күймені көрсет деген нұсқау беріледі.
5.
«Эхо» ойыны
Мақсаты: есту зейінін тексеру.
Тексеру барысы: педагог келесі буын тізбектерін айтып, балаға артынан қайталауын өтінеді: па-ба,
ка-га, па-па-ба, та-да-та, па-бапа, та-та-да.
Жауапты бағалау. Тапсырманың жартысын дұрыс орындаса орта деңгей , 1/3 бөлігін орындаса төмен деңгей, 2/3
бөлігін дұрыс орындаса жоғары деңгейге жатқызылады.
Балаларға күрделі сөздерді айту, дыбыстар қатарынан белгілі бір дыбысты бөліп алу, ұқсас
дыбыстарды шатастырмай айту тапсырмалары берілді. Нәтижесі: