Жоғарғы деңгей Орта деңгей Төменгі деңгей 2 (10 %)
7 (35%)
11 (55 %)
Диаграмма 2 Нәтижеде сөйлеу тілінің дыбыстық құрылымын сақтай отырып айта алу қабілеті (
кесте 2 )
көрсетілгендей жақсы дамымаған. Барлық балалар күрделі сөздің буындық құрылымын сақтай
отырып сөйлеуде қате көп жіберді. Фонематикалық есту қабілетін тексеруде берілген дыбысты
дыбыстар қатарының ішінен жартысынан көбі бөле алмады
. Ұқсас дыбыстарды ажыратуда да қате
жіберді. Ал қарапайым құрылымы бар 2-3 буынды сөздерді айтуда көбісі қиналған жоқ.
3-кезең.Стребелева бойынша сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеру әдістемесі. 1.
«Ойыншықты жасыр»әдістемесі
Мақсаты: үстеулерді қолдана алу дағдысын тексеру.
Құрал-жабдықтар: ойыншықтар-қоян, машина, қорап.
Тексеру барысы: балаға келесі іс-әрекеттерді жасауды ұсынады.Мысалы:«Қоянды машинаның
астына жасыр. Қайда жасырдың ? Ал енді оны қораптың ішіне сал. Қоянды машина үстіне
отырғыз. Қоян қайда отыр ?» және т.б.
2.
«Көпше түрін айт» әдістемесі.
Мақсаты: зат есімнің көпше түрін жасай алу дағдысын анықтау.
Құрал-жабдықтар: бір және бірнеше бірдей бейнеленген заттардың суреттері: қүыршақ-
қуыршақтар, әтеш-әтештер, хат-хаттар және т.б.
Тексеру барысы: балаға суреттерге қарап, бейнеленген суреттерді атау нұсқаулығы беріледі.
3.
« Нелерді жасырдым»әдістемесі
Мақсаты: зат есімді көпше түрде табыс септігінің жалғауымен қолдана алу қабілетін тексеру.
Құрал-жабдықтар: үйлер, қарындаштар, кітаптар бейнеленген суреттер.
Тексеру барысы: логопед балаға суреттерді көрсетіп, есінде сақтап қалуын сұрайды. Сосын бала
көзін жұмып отырғанда бір суретті алып тастайды да, нені жасырып қойғанын табуды сұрайды.
Жауапты бағалау. Тапсырманың жартысын дұрыс орындаса орта деңгей , 1/3 бөлігін орындаса төмен деңгей, 2/3
бөлігін дұрыс орындаса жоғары деңгейге жатқызылады.
Кесте 3