Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования


С.Френе мектебінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет33/101
Дата02.11.2023
өлшемі1,88 Mb.
#121431
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   101
С.Френе мектебінің ерекшеліктері: 
- оқыту жоқ, оның орнына мәселелрді шешу, тәжірибе жүргізу, талдау мен салыстыру бар; 
- үй тапсырмалары жоқ, бірақ үйде, көшеде және мектепте сұрақтар қойылады
- қоңыраудан қоңырауға дейінгі сабақ жүйесі жоқ; 
- баға қойылмайды, бірақ үлгерім тіркеледі; 
- қәтелік емес, көпшілікпен бірігіп щещімі табылатын келеңсіздіктер болады
- бағдарлама орнына жеке және топтық жоспарлар құрылады; 
- дәстүрлі мұғалімнің орынына, оқушының көмекшісі бола білетін педагог келеді; 
~ педагог оқытып-тәрбиелемейді, ал жалпы мәселелерді шешуге қатысады
- жалпы қағидалар болмағанымен, сыныпта балалардың өздері құрастырған ережелер 
болады. 
Монтессори технологиясы.
Мария Мантессори
-1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген. Итальяндық педагок, әрі 
ғалым. Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің 
медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан 
бірінші медицина докторы болып табылады. 
Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді.1900ж 
Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына 
басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ 
моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың 


31 
өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және 
ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады. 
Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі 
өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді. 
1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдердің 
педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори 
әдісі» атты кітап жарық көрді. 
1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори 
Ассоциациясының (АМІ) негізін салды. Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден 
кетуіне тура келді. ОлЕуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу 
курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің 
профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді. 
Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және 
логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори 
әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес 
тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен 
сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ
олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде 
«Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады. 
Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін бала бақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы 
ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді. Монтессори әдісінде сыныптық сабақ 
системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, 
кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды. 
Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет