Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет53/101
Дата02.11.2023
өлшемі1,88 Mb.
#121431
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101
Репродуктивті 
сұрақтар қарапайым 
констатация формасында жауапты талап етеді: 
не? кім? қайда? қандай?
мұндай сұрақтар обьект 
туралы мәліметтерді нақты анықтауға мүмкіндік береді, осы сұрақтардың негізінде кейін жалпы 
пікір және қорытынды алуға мүмкіндік туады.
Іздеу 
сұрақтары 
не себепті?, неден?, не үшін?
секілді сөздерден басталады және обьект арасындағы байланыс туралы қорытындыны талап етеді. 
Бұл тип алдындағыға қарағанда күрделі болады. Іздеу сұрақтарына жауап бере отырып, балалар 
себеп-салдарлы байланыс құруға, қорытынды шығаруға, жалпылау және талдауға үйренеді. 
Мұғалімдер тағы да сұрақтың топтастырылуын жіктеді, олар негізгі, жетекші, жасырып 
айту. Алдымен балалар алдында негізгі сұрақ тұрады (тікелей). Егер ол қиындық тудырса, онда 
жетекші сұрақ қоданылады. Кейін жасырын сұрақ қойылады, ол жауап мәліметінен тұрады, тек 
қана келісу не теріске шығарудан тұрады. 
Диалогтік сөйлеу тілі дамуының негізгі әдісі әңгімелесу, дидактикалық ойын, 
драматизацияланған ойын жатады. Е.А.Флериннің[3]. еңбектерінде әңгіме диалогтік сөйлеу тілінің 
қалыптасуына әсер ететіні, сонымен қатар егер мектепке дейінгі жастағы балалар сұрақ қоюды 
үйренсе, онда баланың ақыл-ойының дамуына да әсер ететіні қарастырылған. Э.П.Короткова[4]. 
оның көзқарасын жіктеп және мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімені өткізу талаптарын 
жасады. 
Дефектологтар әңгіме әдісін қолданудың жетіспеушілігін оқытудың түзетушілік-
дамытушылық үдерісінде әмбебап ретінде көрсетеді (С.А.Зыков). Бұл мұғалімнің басым 
белсенділігімен байланысты және әңгіме өткізу барысындағы баланың жеке ерекшелігін есепке 
алу қиындығымен байланысты. Көптеген балалар өзінің кемшілігінің спецификалық күшінде 
әңгіме барысында қиындық көреді. Осы балалар үшін әңгімеге қатысу сөйлеу тілінің сұрақ-жуап 
формасын меңгеру бойынша жұмысты арнайы ұйымдастыруды жүзеге асыру қажет.


58 
Сөйлеу тілінің жүйелік бұзылысы кезінде балаларды оқытуда кемшілік құрылымын есепке 
алу қажет: жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балаларда алынған дағдыларды өзектендіру 
қиындығы және оның сөйлеу тілі дамуының үйлесімсіздігі негізінде педагогтың сұрағын 
қайталаудың жетіспеушілігі тән. Осы санаттағы балаларда сұраулы пікір білдірудің қалыптасуы 
бойынша педагогикалық жұмыс біздің көзқарасымыз бойынша, дифференцияланған тәсілді 
қолдану мен құрылымдық - семантикалық қағида, онтогенетикалық қағиданы есепке алынып 
құрылынған мақсатты бағытталған, жүйелі болуы қажет. 
Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы әдістемелік 
әдебиеттерде балалардың сөйлеу тілінде сұрақты қалыптастырудың кейбір тәсілдері көрсетілген. 
Сөйлеу тілі зақымдалған балаларды оқыту үдерісінде сөйлеу тілінің бастапқы формасы мен 
өзіндік тілдік нәтижені меңгерумен саналы тілдік әрекетті қалыптастыруды қарастырады. 
Зерттеушілер бұл тілдік қарым-қатынас баланың өмірлік қажеттілігіне айналғанда ғана оқытуды 
арнайы ұйымдастыру кезінде ғана болуы мүмкін екенін айтады. Ауызша сөйлеу тіліне оқыту екі 
бағытқа бөлінеді: фразалық бірлікті автоматизациялау және пікір білдірудің логикалық типін 
өңдеу. Балалар алдымен таныс тақырыпта мұғаліммен диалог жүргізуді үйренеді, содан кейін 
сурет бойынша диалог балалар арасында ұйымдастырылады. Тірек сұрақтар және көрнекі 
материалдар түрінде жауап қолданылады. Жасырын затты табу арқылы жабық суретпен жұмыс 
тәсілін қолдану ұсынылады. Диалогті вербальді әрлеуде мұғалім балаға табиғи ым-ишараны, бет 
мимикасын қолдануды үйретеді. 
Әдістемелік әдебиетте бұзылыспен диалогті сөйлеу тілін мақсатты қалыптастыру қажеттілігі 
дәлелденеді. Бірақ зерттеушілер жауап беру арқылы пікір білдіруді қалыптастыруды артық 
жасайды. Заманауи кезеңде психолингвистиканың дамуымен арнайы педагогиканың дамуы, 
коммуникативті ықпалдың дәлелімен, тілдік әрекетті қалыптастыру жағдайы өзгерді: тіл 
бұзылыстарын алдын алу бойынша жұмыстағы ерекше акцент инициация-сұраққа жататын сөйлеу 
тілі функциясы және коммуникативті формасын дамыту және қалыптастыру жасалады.
Сөйлеу тілі бұзылысы бар балаларды оқыту кезінде диалог сұрақ қоюға оқыту қажеттілігі 
айқындалады. Бұл бөлім оқыту бағдарламасында бар. Қойылған сұрақты шешу үшін көмекші 
тәсілдер көрсетіледі: үлгі бойынша сұрақты қайталау, балалардың сұрағын түзету. Сонымен қатар 
мұғалімге сұрақты жалпы және арнайы бөлу қағидасы ұсынылады[5]. 
Кейбір тілдік және дидактикалық ойындарды өткізу жалпы және арнайы сұрақты меңгеруді 
қарастырады. Бірақ бұл оқыту тәжірибесінде жүргізу негізгі болып табылады. 
Зерттеушілер «
кім?», «не?», «қайда?»
сұрақтарымен сұрақ-жауап сөйлеу тіліне оқыту 
үдерісінен бастауды ұсынады. Кейін мұғалімнің балаға сұрағы күрделенеді, біртіндеп балалар 
сұрақ үлгісі түрінде тіректі қолданумен өзбетінше сұрақ қоюға көшеді. Әрі қарай, жұмыстың екі 
бағыын жіктеуге болады: жаңа морфологиялық және синтаксистік нұсқауды меңгеру, сөйлеу 
тілінің өзбетінше жеңгейін жоғарылату. 
В.П.Глухов тірек-мағыналы семантикалвқ бірлік ретінде сұраулы сөзді балалардың меңгеру 
маңызын көрсетеді, балаларды сұрақ-фраза схемасын құруға үйретеді[6]. 
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар мектепке дейінгі жастағы балалар коммуникативті 
әрекетті сәтті меңгеру үшін түзетушілік-дамытушы үдерістің жеке міндеті ретінде бастама пікір 
білдіруді қалыптастыруды қарастыру қажет. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың 
сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша жұмыс байланыстырып сөйлеу тілінің дамыту бөлігі кіреді 
және педагогикалық әсер етудің мақсатты бағытталған кезеңдеп жүйесінің теориялық дәлелін 
қарастырады. 
Педагогикалық, психолингвистикалық, лингвистикалық талдау негізінде, біз жалпы сөйлеу 
тілінің дамымауы бар балаларда коммуникативті әрекетті қалыптастыру бойынша жұмыс 
үдерісінде сұраулы пікір білдіруді қолданудың теориялық негізін анықтадық. Зерттеудің 
тұжырымдамалық негізі нақтыланды.
Әдебиеттерді талдау, сұраулы пікір білдіруді зерттеу мәселесі көптеген ғалымдарды ғылыми 
білімнің әр түрлі аймағына назар аудартты және пәнаралық мәселе болып табылады. Сұрақтың 
жалпыға бірдей мәні оқыту үдерісінде баланың танымдық және тілдік белсенділігін жоғарылату 
құралы ретінде қарастырылады. 4 жастан 7 жасқа дейін диалогті жүргізу қажет екені дәлелденген 
(сұрақ қою және оған жауап беру) [7]. 
Зерттеушілер жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың коммуникативті әрекетін 
қалыптастыру бойынша жұмыстың әсерін жоғарылатудың әр түрлі жолын ұсынады. Олардың 
біреуі сөйлеу тілінің бастама фомасының түзетушілік жүйесін жүргізу болып табылады. 


59 
Бірақ та диалог барысында бастама пікір білдіруге оқытуда көптеген сұрақтарға жауап 
толық табылмады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балаларда сұраулы пікір білдіруді 
қалыптастыру мәселесін арнайы зерттеу пәні болып табылмайды; сұраулы пікір білдіруді 
қалыптастыру бойынша түзетушілік-логопедиялық жұмыс технологиясы өңделмеген, оның әсері 
анықталмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет