Ќалалыќ балалар шыѓармашылыѓы ‰йіне жиналѓан м‰мкіндігі шектеулі жандардыњ санында шек болмады. Бєрі де кезінде



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата13.02.2017
өлшемі7,44 Mb.
#4008
1   2   3   4   5   6   7

К‰лдірген ОСПАНОВА,

"Аќбота" балабаќшасы.

"Жаздыњ ќызыќты к‰ндері"

"Жаздыњ ќызыќты к‰ндері"

"Жаздыњ ќызыќты к‰ндері"

"Жаздыњ ќызыќты к‰ндері"

"Жаздыњ ќызыќты к‰ндері"



4

24 шілде  2015 жыл

Кез  келген  бизнесті  қолға  алған 

соң, оны әрі қарай тұрақты дамытып, 

оның өнімділігі мен бәсекеге қабілет-

тілігін арттыру керек. Ал, бұл мақсат-

тарға жету үшін ең алдымен өндірісті 

жаңғыртып,  жұмысшылардың  кәсі-

би  біліктілігін  жетілдіріп,  заманауи 

технологияны  енгізу  қажет.  Әрине, 

мұның  бәрі  қыруар  қаражатсыз  біт-

пейтіні  де  сөзсіз.  Елімізде  мемлекет 

тарапынан көптеген бағдарламалар қа-

былданып, кәсіпкерлікті өркендетуге 

ерекше ден қойылуда. Осы мақсатта 

қолға  алынған  «Өнімділік 

–  2020»  

бағдарламасы  да  бүгінде  кәсіпорын-

дардың өндірісінің дамуына байланыс­

ты орын алған шығындарды азайтуға, 

қаржылай және қаржылай емес қол-

дауларға  ие  болуына    мүмкіндік  бе-

руде. 


Қостанайдың  да  кәсіпкерлері  қа-

рап қалмай, берілген бұл мүмкіндікті 

ұтымды пайдаланып, өндірісін өркен-

детіп келеді. Игі бастама аясында об-

лысымызда 3 жоба 

– «Титан» компа-

ниясы мен «Сарыарқаавтопром» көлік 

өндірісі  зауыты  және  сүт  өндірумен 

айналысатын «Милх» кәсіпорны ұзақ 

мерзімді  лизинг  арқылы  қаржылан-

дырылып  отыр.  Соңғысы  қолайлы 

қаржыландыру шарттары арқылы өн-

діріске жаңа технологияларды енгіз-

ген. Бұл біріншіден, еңбек өнімділігін 

арттыруға жағдай жасайды.

–  Елбасының  Жолдауында  да 

осы  мәселеге  қатысты  тапсырмалар 

берілген  болатын.  Индустрияланды-

ру бағдарламасының бірінші бесжыл-

дығы  аясында  қолдау  тапқан  ірі 

кәсіп орындар  бүгінде  жақсы  нәти-

же көрсетіп келеді. Еңбек өнімділігі 

артқан,  экспортқа  өз  өнімін  шығара 

алатын бәсекеге қабілетті кәсіпорын-

дар көптеп ашылып келеді, 

– дейді об-

лыс әкімінің орынбасары С.Карплюк.

«Қазақстандық индустрияны дамы-

ту институты» Басқарма төрағасының 

орынбасары Дәулет Бақбергеннің ай-

туынша, аталмыш бағдарлама осыдан 

бес  жыл  бұрын  Елбасының  «Жаңа 

экономикалық өрлеу 

– Қазақстанның 

жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Жолда-

уы  мен  «Қазақстанның  2020  жылға 

дейінгі  дамуы»  атты  Стратегиялық 

бағдарламасын жүзеге асыру аясында 

әзірленген. Бұл бағдарламаны жасау­

ға  Дүниежүзілік  Банк  әдіснамалық 

қолдау көрсеткен көрінеді. 

– Бағдарлама қолға алынғанда ең 

алдымен  отандық  кәсіпорындарды 

жан­жақты жаңғыр ту, өндірісті техно-

логиялық тұрғыдан қуатты ету, маман-

дардың біліктілігін арттыру мақсаты 

алға қойылды. Бүгінгі таңда аталған 

бағдарлама өз жемісін бере бастады. 

Басты  мақсат 

–  отандық  кәсіпорын-

дардың бәсекеге қабілеттілігін артты-

ру. Осы күні ұсынылған жобалардың 

дені құрылыс материалдары индустри-

ясы  мен  машина  жасау  саласының 

үлесіне тиесілі болып отыр.  Жалпы, 

«Өнімділік 

–  2020»  бағдарламасын-

да  кәсіпкерлерге  қаржыландырудың 

тиімді тетіктері ұсынылған. Несие 10 

жылға 5 пайызбен беріледі және ин-

дустрияландыру картасына енген жоба 

болса шығынның 50 пайызын мемле-

кет  өтейді.  Нақты  қолдауға  ие  болу 

үшін еліміздегі 70­тен аса кәсіпорын 

жобаның келесі кезеңіне қатыспақ, 

– 

дейді Дәулет Бақберген. 



«Қазақстандық индустрияны дамы-

ту институты» инструменттерді қолдау 

орталығы директорының орынбасары 

Диас  Серіков  қостанайлық  кәсіпкер-

лерге  бағдарламаның  жүзеге  асу  ме-

ханизмін  таныстырды.  Оның  сөзін-

ше,  бағдарламада  кәсіпорындардың 

қаржылық  жағдайын  жақсарту  мен 

жаңғыртуға арналған кешенді іс­ша-

ралар  қарастырылған  екен.  Яғни, 

осының арқасында кірісі күрт төмен-

деп кеткен, я болмаса экономикалық 

қиындықтарға тап болған кәсіпорын-

дарға инвестициялық жобаның нұсқа-

сын әзірлеуге және басқа да қолдаулар 

көрсетіліп келеді. Тиімдісі сол, мем-

лекет бағдарламаға қатысқан өндіріс 

орындарындағы шығынның жартысын 

өтеп беруге кепілдік береді. Осылай-

ша, мемлекеттік қолдаудың арқасын-

да  кәсіпорындардың  басқару  және 

өндірістік технологияларын жетілдіру-

леріне мүмкіндік артып отыр. Бірақ, 

бұл  бағдарламаға  кез  келген  кәсіп­

орынның  да  қатыса  алмайтындығын 

айта кеткен жөн. Тек, стратегиялық 

дамуы нақты көрсетілген және елдің 

индустриалдық­инновациялық  сасяа-

тының  талаптарына,  яғни,  бәсекеге 

қабілетті өндіріс орындары ғана қол-

дау таба алады. 

–  Бүгінде  елімізде  «Өнімділік  – 

2020» бағдарламасы бойынша жұмыс 

істеймін деген кәсіпорынға мемлекет 

тарапынан барлық жағдай жасалған. 

Еңбек  өнімділігін  арттыру  есебінен 

отандық  кәсіпорындардың  бәсекеге 

қабілеттілігін арттыру аталған бағдар-

ламаның  негізгі  бағыттарының  бірі 

болып  табылады.  Сондықтан  да,  бес 

жыл ішінде бағдарламаға қатысушы-

лардың  саны  артып  келеді, 

–  дейді 

Диас Серіков.



ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ

Бағдарламаның берері көп

Қарлығаш 

     ОСПАНОВА

Қостанайға «Қазақстандық индустрияны дамыту 

институтының»

 

өкілдері келді. Астаналық қонақтар 



облыс орталығындағы бірқатар кәсіпорындарды 

аралап, экономиканың басым секторларымен 

айналысатын әрі өздерінің өндірістік қызметін 

кеңейтуді жоспарлаған кәсіпкерлермен кездесіп, 

оларға «Өнімділік – 2020» бағдарламасы туралы жан-

жақты түсінік беріп, бағдарламаның жүзеге  

асу механизмімен таныстырды.

5

24 шілде  2015 жыл

Облыстың  өндіріс  өнімінің  көлемі 

жыл басынан бергі алты айда қысқарып 

кеткен.  Жарты  жыл  ішінде  облыстағы 

кәсіпорындар 216,4 миллиард теңгенің 

өнімін өндірген. Бұл өткен жылдың осы 

мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға 

кем. Әсіресе, кен өндіру кәсіпорындары 

жұмысынан байқалады. Олардың қата-

рында Рудный, Қостанай, Лисаков, Таран, 

Қостанай және Жітіқара аудандары бар. 

Алып кен байыту орны Соколов-Сарыбай 

бірлестігінің өзі жыл басынан бері өнім 

өндіру көлемін айтарлықтай қысқартқан. 

Бұған  әлем  бойынша  өнімге  деген 

сұраныстың  төмендеуі  және  Украина 

жеріндегі саяси дүмпулердің әсері тиіп 

отыр. Аталмыш кәсіпорында темір кон-

центратын өндіру 6 пайызға, темір жентегі 

37 пайызға қысқарған.

Сонымен  қатар,  Доре  алтыны  мен 

мыс  концентратын  өндіретін  «Варва-

ринское»  акционерлік  қоғамында  да 

жағдай осылай болып отыр. Кәсіпорын 

жыл басынан бері 8,6 миллиард теңгенің 

өнімін өндірген, бұл өткен жылдың осы 

мерзімімен салыстырғанда 51 пайызға 

аз. Сонымен, кәсіпорын мыс концентра-

тын 93 пайыз, мыс кенін 85 пайыз өндірді. 

Қытай бағытынан сұраныстың тоқтауына 

байланысты кәсіпорын мыс концентра-

тын өңдеуді әзірге тоқтатып отыр.

Баспасөз  мәслихатында  облыстық 

кәсіпкерлік  және  индустриалдық-ин-

новациялық  даму  басқармасының 

басшысы  Мейрам  Сөкітбаев  облыста 

автомобиль өндірісі 31 пайызға, «Евраз-

КаспианСталь» ЖШС болат айдау 6 пай-

ызға артқанын да сөз етті. Оның сыртын-

да Индустриаландыру картасы аясында 

115 млрд. теңгеге 77 нысан іске қосылған.  

Индустриаландыру картасы бойынша 

2015-2019 жыл аралығында 320 млрд. 

теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылмақ. 

Ал, биылғы жылы үш нысан іске қосылуы 

тиіс.  Оның  бірі  Рудный  қаласында  сүт 

және сүт өнімдерін өндіретін цех, ал екеуі 

Таран ауданындағы қиыршық тас өңдеу 

зауыты және Қостанай қаласында сусын 

өндіретін кәсіпорын. 

Қостанай  облысы  үшін  маңызды 

жағдай  екі  индустриалдық  аймақтың 

құрылуы.  Бұл  өңір  экономикасын  да-

мытудағы  сенімді  бағытқа  айналғалы 

отыр. Индустриалдық аймақтар Жітіқа-

ра  қаласы  мен  Қостанайда  құрылмақ. 

Бұл үшін қаладағы дизель зауыты ауда-

нынан 400 гектар жер бөлінді. Маман-

дар  Индустриалдық  аймақтың  облыс 

экономикасына,  жалпы  өңірдің  дамуы 

үшін тиімділігі жоғары болатынын мой-

ындап  отыр.  Индустриалдық  аймақта 

жаңа өндірістік кәсіпорындар ашылады. 

Онда жұмыс орындары құрылып, салық 

айналымы нығаяды, өндіріске жаңа тех-

нологиялар мен жабдықтарды енгізетін 

техникалық мамандардың біліктілігі кө-

теріледі, қосымша инвестициялар тарты-

лады. Индус триалдық аймақтарда өңдеу 

өніркәсібін дамытуға басымдық берілетін 

болады.

– Индустриалды аймақты жобаларын 



жүзеге асыру үшін кәсіпкерлерге үш жыл 

уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде қолға 

алынған жоба іске асуы керек. Облыста 

екі индустриалды аймақ пайда болмақ. 

Бірі Жітіқара ауданында және облыс ор-

талығында.  Жітіқара  ауданы  құрылыс-

ты аяқтауға жақын. Биылғы жылы сәтін 

салса іске кіріспек. Ол жерде құрылыс 

материалдары шығарылып, ауылшаруа-

шылығы  өнімдері  қайта  өңделеді.  Ал 

облыс  орталығы  бұл  іске  келер  жылы 

кіріседі. Ол 2018 жылы аяқталады. Мұн-

да басты бағыт машина жасау, металл 

өңдеу, ауылшаруашылығы тауарларын 

өңдеу және өндіру болады, – дей кетті 

Мейрам Сөкітбаев.   

Айта  кетерлігі,  аймақтағы  жерлер 

кәсіпкерлерге жалға беріледі. Үш жыл-

дың ішінде кәсіпорындар бар күшіне ену-

ге тиісті. Олай болмаған жағдайда олар 

ысырылып, өз орындарын тиімді деген 

жобаларға беруге мәжбүр болады.

Өңдеу өнеркәсібін дамытуға 

басымдық беріледі



 

Айтолқын 

 

АЙҚАДАМОВА

Кез келген мемлекеттің әлеуетін арттырып, бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш –

экономикалық жағдай. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалдық-

инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық 

процестерге бет бұру болып табылады. Тобыл өңірінде де индустриалдық-инновациялық жағдай 

қарқынды дамып келеді. Десе де, былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш көлемі қысқарған. 

Облыстың ахуалы жайында журналистермен өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік 

және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мейрам Сөкітбаев баяндады. 

Нұрболат 

 

МЕШІТБАЕВ

Облыстық мәслихаттың кезекті 

сессиясында өңір басшысы Нұра-

лы  Садуақасов  аймақтың  әлеу­

меттік­экономикалық  дамуының 

жартыжылдығын  қорытындылап, 

индус триалды­иновациялық бағыт-

та атқарылған шаруаларды баяндап, 

халық қалаулыларына есеп берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­

тың  2006  жылғы  18  қаңтардағы 

«Әкімдердің  мәслихаттар  алдын-

да  есеп  беру  кездесулерін  өткізу 

туралы» Жарлығына сәйкес өткен 

мәжілісте аймақтың тау­кен өндірісі 

дамуының  көрсеткіші  төмендеп 

кеткендігі айтылды.

Оған себеп –  аталған өнеркәсіп 

өнімдеріне деген сұраныстың аз-

дығы және бағаның құлдырауы.

Соның салдарынан Соколов­Са-

рыбай  тау­кен  байыту  кәсіпорны 

биыл  62,4  млрд.  теңгенің  өнімін 

өндірген екен. Бұл былтырғы жылға 

қарағанда 46 млрд. теңгеге кем.

– 2010­2013 жылдары «ССКӨБ» 

АҚ  Қытай  еліне  5  млн.  тоннаға 

жуық  өнімін  экспорттаса,  был-

тыр бірден бұл көрсеткіш 51%­ға 

қысқарған, – деді Н.Садуақасов өз 

сөзінде. Осы жылдың аяғына дейін 

рудныйлық кәсіпорын Қытайға 80 

мың тонна өнімін жөнелткісі келеді. 

Бірақ қытайлықтардан бұл жүкке 

қатысты әлі растайтын құжат жоқ.

Өңірдегі тағы бір ірі кәсіпорын 

–  «Варваринское»  акционерлік 

қоғамы  да  алғашқысының  кебін 

киіп  отыр.  Тек  қана  осы  жарты 

жылдықта  кәсіпорын    8,6  млрд. 

теңгенің  өнімін  өндірген.  Яғни, 

былтырғы  кезбен  салыстырғанда 

бұл да 51%­ға төмендеп кеткен. Сол 

сияқты Лисаковтық бөлімше «Өр-

кен» ЖШС, жітіқаралық «Қостанай 

минералдары» АҚ өнеркәсіптерінің 

де жағдайы мәз емес. 

Міне,  есебін  осындай  төмен 

экономикалық  көрсеткіштерден 

бастаған  облыс  басшысы  кейбір 

дамуы әлі бәсеңсімеген кәсіпорын-

дарды да тілге тиек етті. Әсіресе, 

ресейлік «Евраз» металлургиялық 

өндіріс орнымен тығыз қарым­қа-

тынас  орнатқан  жергілікті  «Ев-

разКаспианСтальдің»  жағдайы 

көңілге  медеу  боп  тұр.    Жарты 

жылдықтың  есебі  бойынша  олар  

164 мың тонна арматура шығарып, 

4,6 есе көлемі артқан. Қазіргі таңда 

аталған  өндіріс  ошағы  өнім  өн-

діруден «ССКӨБ» АҚ­нан кейінгі 

өңірде екінші орынға шығып отыр. 

Автомобиль құрастыру жағынан да 

біздің автопром жақсы жетістікке 

жетуде. 


«Нұрлы  жол»  бағдарламасы-

ның негізінде әлі де 8,5 мың көлік 

құрастыру жоспарда бар. Бүгінге 

дейін  3279  көлік  құрастырылып, 

таратылған.  Яғни,  автопромның 

өніміне сұраныс арта түсуде.

Азық­түлік өнеркәсібін дамыту-

да ілгері басушылық бары сезіледі. 

Бұған дәлел – «Лидер 2010» ЖШС 

құны 1,3 млрд. теңгенің қаржы жо-

басын игеріп, 30 адамды тұрақты 

жұмыспен қамтамасыз етуде.

– Құрылысқа қажетті өнім өн-

діруде  Таран  ауданы  Валерьянов 

ауылындағы қиыршық тас шыға-

ратын зауытты айта кетуге болады, 

– деді Н.Садуақасов. – Бұл жоба ал-

дағы тамыз айында тұсауын кеспек. 

Мұрындық болған «Первомайский 

Щебзавод» ЖШС.  Оған 485 млн. 

теңге жұмсалмақ. 

Өңір басшысының сөзіне сүй-

енсек,  қыркүйек  айында  инду-

стриалды­иновациялық  бағытта 

«Арасан» Фирмасы» ЖШС алко-

гольсіз сусындар шығаруды қолға 

алмақ. Кәсіпорын жылына 56 млн. 

литр сусын өндіруді мойнына алып 

отыр. Бұған 2 млрд. теңге қаржы 

құйылмақ.

Енді  ауылшаруашылық  өн-

дірісі кешенінің дамуына ойыссақ. 

Аймақтың экономикалық алға ба-

суының бірден­бір қозғаушы күші 

болып саналатын бұл салада ауыз 

толтырып айтатындай қарқын бар. 

Диқандардың  былтырғы  мамыр 

айының  екінші  және  үшінші  де-

кадасында молынан жауған жаң-

бырдың  әсерінен  егістік  алқапқа 

кештеу шығып, ақыры алған өнімін 

қарашаның қара суығына дейін жи-

нап үлгіре алмағанына қарамастан, 

биылғы  жылы  шығатын  бидай, 

майлы дақылдардың түсіміне үлкен 

үміт артуға болатынын һәм «Сы-

баға»,  «Құлан»,  «Алтын­асық», 

«Ырыс» бағдарламаларының жыл 

аяғына  дейін  жоспар  бойынша 

орындалатынын  өңір  басшысы 

жеткізді.

– Бұл бағдарламалар агроөнер-

кәсіп  кешенін  индустриалды  да-

мытуға үлкен серпін беруде. Жыл 

аяғына дейін әлі 40 жоба жүзеге 

асырылмақ. Соның 12­сін осы жар-

тыжылдықта аяқтадық. Қалған 28 

жоба жыл аяғында толық игеріледі, 

– деді өңір басшысы.

Мәжілісте  тұрғын  үй  кешені 

құрылысының дамуы, жаңаруы ту-

ралы да сөз болды. Биылғы жылдың 

соңына дейін бірнеше жаңа үйлер 

салынып,  тұрғындар  баспанамен 

қамтамасыз етілетін көрінеді.

Халық қалаулыларының алдын-

да есеп берген Нұралы Садуақасов 

өңір экономикасы дамуының осын-

дай кем­кетік және жақсы жағынан 

ілгері басқан тұстарын әңгімелеп 

берді.

Жартыжылдықтағы жетістіктер мен кем-кетік тұстар

... Экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуек

елдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік 

белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыр

у үшін жаңа бастамалар қажет.

...Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі 

кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қо-

сымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл 

тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина 

жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы 

жобаларды жүзеге асыруды қамта-

масыз етеді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан х

алқына  

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолда

уы


6

24 шілде  2015 жыл

wwwwwwwwwwwww

wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww

wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww

Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен:

– Ер  басында  бақыт  нешеу?  Кемдік  нешеу? 

Құлазу нешеу? 

–  деп сұрайды.

Сонда Қарауыл Қанай шешен былай деп жа-

уап береді:

–  Ер басында бақыт – бесеу, кемдік – үшеу, 

құлазу 


– төртеу.

Астындағы атың жүрдек болса,

Жалғанның пырағы:

Алғаның жақсы болса,

Үй мен қонақтың тұрағы:

Әкең 


– асқар тау,

Шешең 


– қайнар бұлақ,

Балаң жақсы болса

Екі көздің шам-шырағы.

Міне 


– бес бақыт осы.

– Атың шабан болса,

Жалғанның азабы:

Алғаның жаман болса,

Дүниенің тозағы:

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.

Міне, 


–  үш кемдік осы.

–  Қалың ел көшсе,

Көл құлазиды,

Қаптаған мал кетсе,

Бел құлазиды.

Нарқын танымаған

Сөз құлазиды,

Қатарынан айрылған

Шал құлазиды.

Міне, 


–  төрт құлазу осы.

l

Ертеде  Қаракесек  пен  Қыпшақ  руларының 



арасында бір дау болады. Дауға Қаракесек Қаз-

дауысты Қазыбек келіпті.

Амандасып болған соң Қыпшақ биі: «Арғын-

ның арық биі сөйле!» 

–  депті.

Сонда Қазыбек:

Арық емес қатумын,

Қара жермен татумын.

Көшершілік кезде түйе азады,

Жетімдік көрсе қыз азады.

Елі жаугершілік болса,

Тағында хан азады,

Табындағы би азады, 

–  депті.

Уездік бұл ақылсыз кемпір ас 

үйдегі сәкіде көз жасы көл болып 

жылап отыр. Қар басқан шатыр-

лар мен көшелерде құйындатқан 

святкидің  бораны бұлыңғырла-

на  көгеріп,  іңір  қоюлана  келе, 

үй ішін де қараңғылық жайлай 

бастады.  Онда,  залда,  барқыт 

дастархан жабылған үстелді ай-

нала  креслолар  маңғаз  тізіліп, 

диванның жоғарғы жағындағы  

картина  солғын  ғана  жалтыл-

дайды  –  бұлт  ішіндегі  жасыл-

дау домалақ ай, литваның қалың 

орманы,  жегілген  үш  ат  шана, 

оның үстінде қызғылтым сәуле 

шашырата  оқ  атқан  аңшылар, 

ал  шана  соңында  қасқырлар 

тоңқалаң  асып  қалып  жатыр; 

бір  бұрыштағы  ыдыста  жапы-

рақтары өліп, қураған тропика-

лық өсімдік төбеге жете тіреледі, 

екіншісінде,    ішінен  біреудің 

жасанды  дауысы  торыға:  «Аһ, 

мырзалар, қандай қиын, қандай 

қиын,  бір  ғана  әйеліңмен  өмір 

сүру әрқашан!» деп қырылдай 

айқайлайтын,  тек  қонақтар 

келетін  кешқұрымда  ғана  жан 

бітетін,  пілтұмсық  граммафон 

үңірейеді.      Ас  ішетін  бөлмеде 

терезе  алдының  тақтайында 

жатқан  дымқыл  шүберектер-

ден  су  тамшылайды,  клеенка 

жабылған  торда,  басын  қана-

тының  астына  тығып,  ауырып 

қалған тропикалық құс ұйықтап 

жатыр, – ұйқысы жеңіл-желпі 

ғана және   біздің Святкиге үй-

ренбегендіктен көңілсіз болғанда 

көңілсіз. Ас ішетін  бөлменің қа-

тарындағы ұзынша бөлмеде, егде 

жастағы сүрбойдақ, прогимна-

зияның   мұғалімі, класта бала-

ларды шашынан жұлқылайтыны 

бар,  ал  үйде  үлкен,  көпжылғы 

«Бұғаудағы  Прометейдің  әлем 

әдебиетіндегі  бейнесі»  шығар-

масын ыждағатпен жазып, айна-

лысатын пәтержалдаушы терең 

ұйықтап,  қорылдайды.  Жатын 

бөлмеде,  үй  иелері  де  түскі  ас 

кезіндегі сұмдық жанжалдан соң 

зіл батпан ауыр әрі ызалы ұйқы-

да. Ал қараңғы ас үйдегі сәкіде, 

көз жасына етегі толардай еңіреп 

кемпір отыр. Түскі ас кезіндегі 

жанжал  тағы  да  мұның  кесірі-

нен басталды емес пе? Үй иесі 

әйел  қызғану дегеннен ұялатын 

жасқа баяғыда жетсе де, қызға-

ныштан  ес-ақылынан  адасып, 

ақырында өз дегеніне жетіп тын-

ды – ас пісірушілікке кемпірді 

жалдап  алды.  Ағарған  шашта-

рын  бояп  жүретініне  не  заман 

болған, бірақ сонда да бар ниеті 

тек  әйел  затына  ауып  тұратын 

қожайын,  бұл  кемпірдің  көзін 

құртып тынуға бел буды. Ұзын 

бойлы,  еңкіш,  иығы  сөлбірей-

ген, құлағы мүкіс, көзі де нашар 

көретін, төменшектігінен дүлей-

леу  көрінетін, қанша тырысқа-

нына  қарамастан  асты    ауызға 

алғысыз  етіп  пісіретін  кемпір 

–  шынымен  де  сұрықсыз дың 

сұрықсызы  еді.  Ол  өзінің  әр 

басқан қадамы үшін қалтырап, 

жағынамын  деп  әл-дәрменінен 

айырылатын. Оның өткен өмірі  

кісі қызығарлық емес еді: күй еуі, 

әрине,  қарақшы әрі маскүнем 

болатын, ол өлген соң, көрінген 

бөтен біреулердің табалдырығы 

мен  терезелерінің  түбінде 

алақан  жайып,  аш-жалаңаш, 

жоқшылықта өмір сүрді…   Енді, 

міне, тамағы тоқ, жылы жерде, 

аяқ-басы бүтін, қайта адам қа-

тарына қосылып –  шенеуніктің 

үйінде қызмет еткеніне кемпір 

бақытты еді  ғой! Ол ұйықтар ал-

дында, ас үйде тізерлеп тұрып,   

«күтпеген рақымшылығың мен 

осы бір мейір-шапағатыңнан ай-

ыра көрме» деп бар жан-тәнімен  

құдайға  жалбарынатын! Алайда, 

қожайын  жер-жебіріне  жетіп, 

күн  көрсетер  түрі  жоқ:  бүгін 

түскі ас кезінде ол бұған ақырға-

ны  сондай,  қорқыныштан  бұл 

қол-аяғына ие бола алмай қалып, 

щи құйылған тегеш еденге ұшып 

түсті. Ал мұнан соң үй иелерінің 

арасында не ғана болмады! Тіпті, 

түскі ас бойы Прометейді ойлап 

отырған  мұғалім  де  шыдамай 

кетіп, қабан көздерінің қырымен 

қарап, былай деді: – Мырзалар, 

аса  салтанатты  мейрам  үшін 

ұрыспасаңыздар  екен!  Міне, 

үй  тынышталып,  шу  басылды. 

Далада түтеген боран көгіс тар-

тып,  шатырдан  асыра  күртік 

қарды  үйіп  тастап,  қақпа  мен 

ергенекті де басып қалды… Үй 

иесі әйелдің жиені, пима киген, 

құлағы қалқиған, жетім, жүдеу 

бала, ас үйдің жанындағы дүң-

гіршек бөлмеде, терезе алдының 

дымқыл  тақтайына  ептейлене 

отырып,  ұзақ  уақыт  сабағын 

оқыды. Ол ынталы жас болған-

дықтан,  рождестволық  кани-

кулға оқуға берілген тапсырма-

ның бәрін жақсылап пысықтап, 

жаттап  алмақшы.  Ол  өзінің 

тәрбиешілері  мен  жарылқау-

шыларын  кейіткісі  келмейтін, 

ол  олардың  көңілін  көншітіп, 

Отанына  пайда  келтіретіндей, 

өзі өмірін ұмытпайтындай етіп, 

мыналарды: екі жарым мың жыл 

бұрын  гректер  (жалпы,  өздері 

бейбіт халық, таңертеңнен кеш-

ке  дейін  театрда  трагедиялық 

қойылымдарға қатысады, құр-

бандық шалады, ал бос уақыт-

тарында абыздардың болжамын 

тыңдайды)   бір жолы құдай-әйел 

Афина-Палладаның  көмегімен 

парсы патшасының әскерін тас-

талқан етіп жеңгенін, егер  ша-

мадан  тыс  пұтқа  табынып  бас 

ұрмағанда, салтанаттылық пен 

молшылық қуғаннан азғындап, 

құрып біткен барлық ежелгі ха-

лықтардай, «көйлегі көк, уайы-

мы жоқтықтан» босаңсып, нәу-

етектеніп жоғалып кетпегенде, 

өркениет жолымен онан ары да 

жүре  беруі мүмкін   еді деген-

ді миына тоқып алуға тырысты. 

Ал осыны есіне сақтап алғаннан 

кейін, кітапты жауып, терезенің 

әйнегіндегі мұзды тырнағымен 

ұзақ  қырғыштады. Содан соң, 

орнынан тұрып, ас үйдің есігі-

не сыбдырсыз жақындап келіп, 

есіктің ар жағына қарап еді, тағы 

да сол көріністі көрді: ас үйдің 

іші тып-тыныш әрі қара көлең-

ке, тілдері жылжымай, қашанда 

он екіден он бес минут өткенін 

көрсетіп тұратын, бір рубльдің 

қабырға сағаты таңғалдыра анық 

әрі асыға сыртылдайды, ас үйде 

қыстаған торай пештің жанын-

да, тұмсығын жуынды құйылған 

ыдысқа көзіне дейін тығып жі-

беріп қопарыстырады… ал кем-

Бұрынғының сөзі

Иван БУНИН

Кемпір


(Әңгіме)

пір  сол    күйі  әлі  жылап  отыр: 

етегімен  сүрткіштеп  қояды  да 

–  бұрынғыдан  бетер  егіл-те-

гіл болады! Кемпір содан кейін 

де, – шам жағып, қарағайдың 

жаңқаларын  еденде  өтпейтін 

пышақпен  самауырға  ұсақтап 

отырып та жылауын қоймады. 

Кешке, үй иелерінің ас бөлмесі-

не  самауырды  апарып,  келген 

қонақтарға есік ашып та жылап 

жүрді, – бұл уақытта, қараңғы-

да, қар басқан көшеде, барлық 

баласын,  төрт бірдей боздағын

немістер  баяғыда-ақ  пулемет-

пен атып өлтірген, үсті-басы ал-

ба-жұлба  қарауыл  аяғын  әрең  

басып, шеттегі жел үрлеп өшір-

ген  көше  шамына  қарай  бара 

жатқанда, тас түнек даладағы, 

сасық  үйлерінде  қатын-бала, 

кемпір-шал,  қой-қозылар  ұй-

қыға жантайғанда, сонау алыс-

тағы астанада телегей теңіз шат-

тыққа толы асып-тасқан  нағыз 

көңіл көтеру қызу жүріп жатты: 

қымбат мейрамханаларда қалта-

лы қонақтар, құмырадан апель-

син қосылған ханжа   ішу және 

әр осындай құмыраға жетпіс бес 

рубль төлеу, соншалықты ұнай-

тындай жасанды түр байқатып; 

кабаре деп аталатын, үй астын-

дағы  жертөледегі  кабактарда 

кокаин иіскеп, кей уақытта тек 

лақап тарату үшін, өздерін жа-

сандылықпен  футуристерміз, 

яғни,  болашақтың  адамдары-

мыз  дейтін  жастар  бірін-бірі 

бояп алған бет-ауыздарынан не 

болса  сонымен  түйгіштеп;  бір 

аудиторияда    ақын  болғансып 

бірі жалшы лифтілер, графин-

дер, автомобиль мен ананастар 

туралы өлең оқиды; бірі театр-

да  шыбын  тайып  жығылардай 

жалтыр бас біреу картоннан жа-

салған гранитпен жоғарыға бір 

жаққа өрмелеп, әлдекімнен әл-

дебір қақпаны ашуын табанды 

түрде талап етеді; келесі бірінде, 

сахнаға еденді тұяғымен дүрсіл-

деткен, ақшулан кәрі жылқыға 

мініп, қағаздан жасалған сауыт-

ты қолымен баса ұстай, екі мың 

рубльге 15 минут бойы орыстың 

бағзы князьдері болып жасан-

дылықтың  шебері ән салады, ал 

бұл кезде айнадай қасқа бас бес 

жүз еркек дүрбімен әлгі князь-

ді шырқата ән айтып, жорыққа 

шығарып салған әйелдер хорына 

дүрбілерімен  қадала  қарайды, 

ал сәнді киінген сонша әйел ло-

жада шоколад конфеттерді жеп 

тамсанса,  үшінші  бір  сахнада, 

баяғыда өліп қалған замоскво-

рецкінің  көпестері  мен  көпес 

әйелдері  болғансып,  семіздік 

ауруына шалдыққан шалдар мен 

кемпірлер бір-біріне айқайлап, 

жер  тепсінеді;  төртіншісінде, 

жіңішке арық қыздар мен боз-

балалар шешініп тастап, шыны-

дан жасалған жүзім шоқтарын 

тағынып,  әлдебір  сатиралар 

мен нимфалар  болғансып, бір-

бірінің соңынан жанталаса қу-

алайды…  Қысқасы,  түннің  бір 

уағына  дейін,  біреу  күзетте, 

енді бірі ұйқыға бас қойып не-

месе  көңіл  көтеріп  жүргенде, 

қожайындардың  қонақ  бөл-

месінен шыққан, қырылдаған,   

торыққансыған өтірік айқаймен 

қосыла уездік ақылсыз кемпір 

көз  жасын    еңірей  төгеді:  Аһ, 

мырзалар, қандай қиын, қандай 

қиын,   Бір әйеліңмен ғана өмір 

сүру әрқашан! 

1916 ж.


Орыс тілінен аударған 

Айман МҰҚЫШЕВА.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет