43. Науқаста бронх демікпесінің ұстамасы дамыды. Ол ауаның қатты жетіспеушілігін сезініп, иығын көтеріп мәжбүр түрде отыр. Тынысы шулы, дем шығару фазасы қиындаған. Тыныс алғанда қосымша тыныстық бұлшықеттер қосылады. Ұстаманың соңында жабысқақ қақырық пайда болады.
1. Науқаста патогенезіне және қанның газдық құрамына сәйкес тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
- Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі. Өкпе ұяшықтарының вентиляциясы бұзылыстарынан
2. Науқаста ентіктің қай түрі дамыды, патогенезін түсіндіріңіз.
- Экспирациялық ентік. Демді сыртқа шығару ұзақтығы демді ішке тартудан ұзақ және ауыр болады. Демді сыртқа шығарғанда тыныс алу жолдарындағы ауа қысымы кеуде қуысы ішіндегі қысымнан төмен болады да, тарылған жер одан сайын тарылады, дем шығару ауырлайды. Демді ішке тартқанда өкпеқап ішінде теріс қысым болғандықтан тыныс алу жолдарындағы ауаның қысымы одан артып, тарылған жер кеңиді, демді ішке тарту жеңілдейді.
3. Патогенездік емдеуді ұсныңыз.
- Симптомдарды жеңілдету үшін бронходилататорлар, глюкокортикостероидтар, антигистаминдер, экспекторанттар қолданылады.
№ 44. 40 жастағы науқас төс асты аймағында ашқарында пайда болатын қатты ауыру сезіміне, кейде қыжылға шағымданды. Жүрек айну, құсу, іш қатулар байқалған. Тәбеті өзгермеген. Ауру тарихынан: аталмыш белгілер 2 апта бұрын пайда болған, соңғы 3 айда ревматоидты артритті емдеу үшін қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер ішкен. Науқастың әкесі ұлтабардың ойық жарасымен ауырады. Қарап тексергенде: дене бітімі қалыпты, тағамдануы төмен. Іші жұмсақ, эпигастр аймағын сипағанда ауыру сезімі бар. Бауыры ұлғаймаған.
1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?
- Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 л сөл бөледі. Қарынның сөл шығару қабілетін аш қарынға және гистамин, петагастрин егіп немесе асқазанға 300 мл жылы су енгізіп, белгілі функциялық жүктеме бергеннен кейін зерттейді.
2. Науқастағы аурудың себебі не?
- Асқазанның көп сөл бөлуі - гиперсекреция. Асқазан сөлінің қышқылдығының жоғарылауы - гиперхлоргидрия
3. Осы аурудың патогенезін көрсетіңіз.
- Гиперсекреция мен гиперхлоргидрия кездерінде асқазан сөлінің артық қышқылдығы белгілі мөлшерде теңгеріліп тұрады. Ол үшін асқазанның мукоциттері сілтілік реакциясы бар шырыш өндіреді. Тұз қышқылының артықтыңы гастриннің өндірілуін тежеп, өзін-өзі азайтады. Сөлдің қышқылдығы артуы асқазанның шырышты қабығындағы лаброциттерді түйіршіксіздендіріп, асқазан сөлінде гистаминнің көбеюіне әкеледі. Гистамин қан тамырларының өткізгіштігін көтеріп, қанның сұйық бөлшегін және қан нәруыздарын тамыр сыртына шығарады.
№ 45. Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Қан плазмасында: тура билирубин – 20 мкмоль/л (қалыптыда – 0,5-5,0 мкмоль/л), жалпы нәруыз 65 г/л (қалыптыда 60-80г/л), холестерин -10,5 ммоль/л (қалыптыда 5,0 ммоль/л-ден көп емес), қалдық азот -20 ммоль/л (қалыптыда 14,28 – 28,56 ммоль/л), АСТ - 0,6 ммоль/ ч ˙ л. (қалыптыда 0,45 ммоль/ ч ˙ л),, АЛТ – 0,8 ммоль/ ч ˙ л (қалыптыда 0,68 ммоль/ч˙л). Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс. Бауыр УДЗ-да өт қабы көлемі ұлғайған, бауыр ұлпасының құрылымы өзгерген, өт өзектерінде қосымшалар бар.
1. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз.
- Мехааникалық н\е бауыр астылық сарғыштану
2. Сарғыштану механизмін, терісінің қышуын, ЖҚЖ өзгерістерін түсіндіріңіз
- Өт қышқылдарының қанға түсуіне байланысты холиемиялық синдром дамиды. Терідегі сеімтал жүйкелерінің аяқшаларын қоздырып, қатты қышыну сезімін тудырады. Қанда тура билирубиннің мөлшері көтеріліп, адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады.
3. Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз.
- оң жақ қабырғалық ауырсыну – бауырдың ұлғаюына байланысты глиссон капсуласының созылуы, бұл оның тоқыраған өтпен толып кетуіне және бауыр тінінің массасының жоғарылауына байланысты.
№ 46. Хирургиялық клиникаға сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің мыжылуымен, қан кетумен қабаттасқан ауыр жағдайдағы науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.
1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі-бұл екі бүйректің немесе бір бүйректің функциясының кенеттен тоқтатылуы немесе күрт төмендеуі.Соның әсерінен анурия пайда болып тұр.
2. Анурияның патогенезі қандай?
бұл дененің ауыр жағдайы, онда қуыққа зәр шығару толығымен тоқтайды немесе бір күн ішінде ол 50 мл-ден аспайды.ануриямен ауыратын адамда зәр шығару да, оны шақыру да болмайды.
Кардиогенді шок, жүрек тампонадасы, аритмия, жүрек жеткіліксіздігі, тала, қан кету);
жүйелік вазодилатация (сепсис кезіндегі эндотоксинді шок, вазодилататорларды қолдану);
тіндердегі сұйықтықтың секвестрленуі (панкреатит, перитонит, бауыр циррозы, нефротикалық синдром);
құсу, диарея, диуретиктер немесе лактивті заттар, күйік кезінде дегидратация.
Бүйрек қан айналымының күрт нашарлауымен жалпы гемодинамиканың бұзылуы бүйрек ишемиясына әкеледі, оның күшеюімен бүйрек жинақталған түтікшелер эпителийінің ишемиялық некрозы пайда болады, сондықтан преренальды анурия ренальға айналуы мүмкін.
№ 47. Науқасқа 52 жаста, 12 жыл бойы созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Дәрігерге соңғы кездері пайда болған күндіз ұйқышылдыққа, түндегі ұйқысыздыққа, тез шаршағыштыққа, бұлшықет әлсіздігіне, апатияға, төс артындағы және эпигастр аймағындағы ауырлық сезіміне, жүрек айнуы, іш өтуі, терісінің қышуына шағымданды.
Тексергенде: АҚ 165/95 мм.с.б., жүрек шекараларының солға кеңейгені, жүректің барлық жағынан перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; айқын азотемия, гипо- және диспротеинемия, эндогенді креатинин клиренсі 45 мл/мин.
Зәр анализі: Тәуліктік диурез – 450 мл. Тығыздығы 1029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясында: көру аймағында біріндеген эритроциттер, лейкоциттер көп мөлшерде, түйіршікті цилиндрлер аздап кездеседі. ҚСҮ көрсеткіштері: рН 7,32; зәрдің титрлік қышқылдығы төмендеген.
1. Науқаста дамыған жағдайды қалай атайсыз?
- Уремия
2. Осы жағдайдың мүмкіндік себебі қандай?
- Созылмалы гломерулонефриттің салдары, нефрондар санының үдемелі төмендеуі.
3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдардың және ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің туындау механизмі қандай?
- Уремия өте күрделі патогенезге ие, өйткені оның дамуына кез-келген бүйрек ауруы себеп болуы мүмкін. Уремиямен биологиялық улы заттардың, зәр шығару кезінде кедергісіз шығарылуы керек организмнің көптеген өнімдері жиналады. Несеп-жыныс жүйесінің бұзылған жұмысында зәрдің жиналуы және ұзақ тоқырау аммиактың, амин қышқылдарының, креатиннің, алифатты аминдердің, сондай-ақ қанға енген кезде ағзалар мен бұлшықет тініне таралатын басқа да улы заттардың ыдырауына ықпал етеді, бұл аутоинтоксикацияның негізгі факторы болып табылады. Осылайша, уремияның патологиялық анатомиясы дененің өзін-өзі түзетуінен тұрады.
4. Науқастағы дамыған бұзылыс күшейгенде қандай жағдайға әкелуі мүмкін?
- Уремиялық комаға әкелуі мүмкін