Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет13/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113
берілетін кешеннің орны [21]


41
Лабиринт туралы Страбон да пікір білдіреді. Алайда, ол ішкі ау-
лалар саны Мысырдың номдары (аймақтары) санына тең, яғни жи-
ырма жеті болғанын, лабиринт кешенімен таныс емес саяхатшының 
жол көрсетушісіз кейбір бөлімдер мен залдардың кірер және шығар 
ауыздарын табуы мүмкін еместігін жазады. 
Лабиринттің басқа құрылыстардан ерекшеленетіні соншалық, 
кейбір ғалымдар оның жерлеу қабірі болғанына күмән келтіреді. 
Олардың біреулері Лабиринтті сарай деп есептесе, екіншілері – 
әкімшілік орталық, ал үшіншілері оны бір мезгілде сарайдың, 
ғибадатхананың, жерлеу зиратының да қызметін атқарды деген-
ге меңзейді. Арнайы әдебиеттерде лабиринт кешенінің біздің жыл 
санауымыздың басына дейін тұрғаны, бірақ кейінгі уақытта оның 
тастарын жақын жердегі елдімекен тұрғындары алып, құрылысқа 
пайдаланғаны атап көрсетіледі.
Ортаңғы патшалық кезінде сауда және дипло-матиялық 
жұмыстар ар-қылы Шығыс Жерорта те-ңізі аймағындағы ықпал 
нығайтылады. Халықаралық қатынастардың қарқынды дамығанына 
мысырлық мә-дениет жетістіктерінің Шығыс Жерорта теңізі 
аймағында орналасқан Библ және Угарит қалаларынан ғана емес, 
Крит аралынан да табылғаны дәлел болады. Тарихи дәуірде Мысыр-
да жаза және оқи білу жоғары бағаланды, жазу өнері «құдай сөзіне» 
теңгерілді, танымал тұлғалар өзінің атақ-даңқына қоса, сауатының 
да болғанын мақтан тұтады. Бұл дәстүрді сақтаушылардың басым 
бөлігін құраған көшірмешілер мектеп оқытушыларынан тұрды. 
Жазу өнері жәдігерлерінің басым бөлігі мектеппен байланысты 
және мұғалімдер оқушыларды сауаттылыққа баулу үшін тәрбиелік 
мақсатта көптеген көшіру жұмыстарын, «ерекше» тапсырмалар 
бергені деректерден белгілі. Сақталған жазба деректердің басым 
бөлігі – оқушылардың көшірмелері, оқу құралдары, еліктеу үшін 
жазылған әдеби үлгілер, мектеп мәтіндері.
Тарихи дәуірде Мысыр әдебиеті үлкен табысқа жетеді. Осы 
кездегі әдеби тіл кейін көптеген ғасыр бойы еліктейтін үлгіге ай-
налды. Жан-жағына зер сала қараған мысырлықтар басқа елдерді 
аралап, олардың тыныс-тірлігімен танысқанды, ел мен жер көрген 
саяхатшылардың жазбаларын, шытырман оқиғаларды оқығанды 
дұрыс көреді. 


42
Ортаңғы патшалықтың соңына қарай, Мысырдың солтүстік 
бөлігіне шет ел шапқыншылығының қаупі төніп, Шығыс Же-
рорта теңізі аймағынан Манефон «гиксостар» деп атаған, мал 
шаруашылығымен айналысқан тайпа енеді. Гиксостардың дерек-
терде келтірілетін есімдеріне қарап, зерттеушілер оларды семит-
терге жатқызады. Мысыр жеріне орналасып, дәстүрлі патша атағын 
қабылдаған олардың көсемдері өздерін перғауын деп жариялайды. 
Бұған Крит аралындағы Кнос сарайын қазған кезде табылған гиксос 
«патшалығы иесінің» аты жазылған пластинка дәлел.
Гиксостар билік құрған кездегі мәдениет деректері ежелгі 
Мысырдың Азия елдерімен байланысының кеңігенін, материалдық 
және рухани құндылық салаларында айтарлықтай жаңалықтар 
болғанын көрсетеді. Бұл үрдіс қайтадан бір орталыққа бағынған 
мемлекеттілікке қол жеткізгеннен кейін, Жаңа патшалық кезінде 
қарқынды дамиды.
Шығармашылық жетістіктер Ортаңғы патшалық дәуірінде 
жоғары дәрежеге жетеді. Осыдан да болар, зерттеушілер тари-
хи дәуір әдебиетін классикалық деп атайды. Діни жоралғылар 
уағыздалатын бұрынғы уақытпен салыстырғанда, мәнерлеп, 
қызғылықты айтылатын әңгімелер, тартымды оқиғалар берілетін 
шығармалар өмірге енеді. Осы уақытта көп таралымын тапқан, 
мысырлық оқырмандардың сүйікті кітабына айналған шығарма 
«Синухеттің шытырман оқиғаларға толы Азиядағы бастан 
кешкендері» деп аталды.
Өмірбаян оқиғалары Мысырдан тыс жерде өтеді. Шығарма 
мазмұны, келтірілетін мәліметтер, құжаттар, патша атына айтыла-
тын мадақ сөз стилі тартымды беріледі. Синухеттің барған елі, сарай 
өмірі нақты баяндалғандықтан, тарихи мәтін ретінде пайдаланы-
лады. Шығарма кейіпкері І Аменемхет пен І Сенусерт кезінде өмір 
сүрген деп есептеледі.
Ливиялықтарға қарсы жорыққа шыққан тақ мұрагері Сену-
сертке шабармандар әкесінің кенеттен қаза тапқаны туралы хабар 
әкеледі. Нөкерлерін (соның ішінде Сенухет те бар), қалдырған Се-
нусерт өзінің заңды орнына отыру үшін астанаға аттанады. Әдетте, 
перғауындардың көп баласы болатыны түсінікті. Осыдан олардың 
әрқайсысы әзәзілдікпен немесе тікелей күш көрсету арқылы билікті 
басып алуға әркез дайын болған. Сенухет патшаның бір баласы мен 


43
шабарман арасындағы әңгіменің кездейсоқ тыңдаушысы, куәгері бо-
лады. Еріксіз білген құпиясы оған патша тәжі үшін күрес бастал-
са, өзінің құрбан болатынын білдіреді. Бұдан құтылудың жалғыз
амалы – жедел түрде басқа жерге қашып кету. 
Кедм еліне шөлейт дала арқылы бағыт алған ол көптеген 
қиындыққа кезігеді, жолда шөл қысады. Бұл жағдай шығармада: 
«Менің жүрегім қысылды, қолдарым ұйып қалды, дене мүшелерім 
діріл қақты. Тығылатын орын іздеп безектедім. Жолда келе 
жатқандарға көрінбеу үшін бұта арасына жасырындым... Солтүстік 
бағытқа бет алып, «Князьдің қабырғасына» жеттім... Күндізгі 
қарауылдар, қабырға сақшыларынан сақтанып, бұта түбіне бұқтым. 
Күн батқасын, түнде жолға шықтым. Жерге жарық түскенде Петниге 
жетіп, аралға тоқтадым... Шөлдедім, тамағым кеуіп қалды, алқымым 
шаңға толды. Мен «Бұл – ажалдың дәмі!» деп ойладым. Мен 
табындағы мөңіреген сиыр даусын естігенде және азиялықтарды 
көргенде қайраттанып, өзіме-өзім келдім...» деп көрсетіледі. 
Кедмде жоғарғы Ретну билеушісі Амудың ұлы Ненши 
Синухетті паналатып, қамқорлығына алады. Бұл жерде ол ұзақ жыл 
бойы тұрады, Неншидің қызына үйленеді, құнарлы жерден үлес 
алып, бір тайпаның көсемі болады. Әскерге қолбасшылық жасап, 
қарсыластарының бәрін жеңіп, үлкен олжамен оралып жүреді. Деген-
мен, өз Отанын ойлап қамыққан Синухет туралы мәлімет перғауынға 
да жетеді. Қашқын тағдырына жанашырлық білдірген Сенусерт 
қарттықтың жақындағанын, жерленетін күннің алыс еместігін есіне 
салып, арнайы шақырту жібереді. Перғауын жарлығында: «Сен жат 
жерде өлмейсің, азиялықтар сені көмбейді, сені қой терісіне орамай-
ды... Сенің жат жерді таптағаның жетер. Өз денең туралы қам же, 
қайтып кел!» – дейді. 
Перғауынға көңілі толған Синухет оған ризалығын 
білдіреді. Өзінің бар байлығын үлкен ұлына қалдырып, Ніл өзені 
жағасына оралады. Перғауын қашқындықты кешіріп, оны са-
рай төңірегіндегілермен, отбасымен бірге қабылдайды. Ол тек 
патшайымға: «Азиялық ретінде қайтып келген міне, мынау – Сену-
хет...» – дейді [3. 474-476 б.].
Бұдан мысырлық үшін жат жерде өлгеннен, о дүниелік мәңгілік 
өмірді қамтамасыз ететін рәсімсіз жерленгеннен мұңды ешнәрсе 
жоқ... деген ой меңзеледі.


44
Тарихи дәуірдің тағы бір шығармасы – «Кеме апатынан зардап 
шеккен туралы ертегі». Перғауын тапсырмасын орындай алмай, 
оның қаһарынан қорықса да, бір шенеунік отанына оралады. Иесінің 
көңілін табу үшін адал қызметші ретінде басынан кешкен шытырман 
оқиғаларын айтып, оның көңілін аулайды. Ол перғауынға тиесілі кен 
орнына жіберілген еді. Бірақ, жолда дауыл тұрып, кеме қирап, оның 
ішіндегі адамдар қаза табады. Тек оны ғана теңіз толқыны иесіз арал 
жағалауына шығарып тастап, бірнеше күн жалғыздықта өмір сүреді. 
Оқиға ағымы бейнелі беріледі: «Мен ұлы жасыл теңізге ұзындығы 
жүз жиырма шынтақ, ені қырық шынтақ болатын кемемен түсіп, 
перғауын кенішіне қарай жүздім. Онда Мысырдың аспанды да, 
жерді де көрген, жүректері арыстаннан да айбатты ең таңдаулы жүз 
жиырма кемешісі болды. Олар дауылды да, нөсер жауынды да ба-
сталардан көп бұрын болжап айтатын. Біз жағаға жетпес бұрын, әлі 
ашық теңізде болғанымызда, кенеттен дауыл тұрды. Құйын келіп, 
толқынды сегіз шынтаққа дейін екі есе көтеріп жіберді. Кемемен 
бірге ондағы адамдар батып кетті. Тек мені теңіз толқыны жағаға 
шығарып тастады. Жападан-жалғыз үш күнді өткіздім, тек жүрегім 
ғана маған жолдас болды». 
Аралда әртүрлі жемістер мол. Үшінші күні аралдың иесі, ора-
сан зор сиқырлы жылан пайда болады. Ол келімсектен кім екенін 
және қайдан келгенін сұрайды. Сосын өзі де, аспаннан құлаған 
жұлдыздың туыстары мен балаларын өртеп жібергенін, өз қайғысын 
айтады. Жылан кейіпкерге: «Егер сен күшті және ер жүрек болсаң, 
сен өз балаларыңды құшақтайсың, әйеліңді сүйесің, үйіңді көресің, 
ал бұдан артық не болуы мүмкін? Сен отаныңа ораласың, өз 
туыстарыңның ортасында өмір сүресің», – дейді ғажайып арал 
иесі. Кеме апатына ұшыраған адам жыланға алғысын білдіріп, оған 
әртүрлі сый әкелуге уәдесін береді. Жылан «аралда бәрі бар, мен 
Пунт иесімін...» деп сыйдан бас тартады. «Менің аралымнан кет-
кен соң, сен оны ешқашан қайта көрмейсің, өйткені ол су толқыны 
астында қалады».
Жылан болжамы жүзеге асады. Біршама уақыттан кейін кеме 
келіп, кейіпкер көп сый-сияпатпен аман-есен перғауын сарайына 
оралып, құрметке бөленеді. «Өз отаныма оралғанша, міне, білдің бе 
менің не көргенімді, нені бастан кешіргенімді! Мені тыңда, өйткені 


45
басқаның сөзін тыңдаған пайдалы», – деп кейіпкер өсиетін аяқтайды. 
Бірақ, ақсүйек те: «Мені алдаймын деп ойлама, досым. Таңертең сойы- 
латын құсқа, таң шапағымен таласа су берудің қажеті қанша!» – деп 
жауап береді... [3. 477-478 б.]. 
Ортаңғы патшалық дәуірінде бұрынғы құлашын кең жайған 
бюрократтық аппарат көмегімен күш көрсету, мәжбүр қылумен 
қамтамасыз етілген тұрақтылық орнына алауыздық, өзара қақ-
тығысқа қабаттасқан болашаққа сенімсіздік, тұрақсыздық пайда 
болып, өмірдің мәні мен мақсатына күмән келтіріледі. И.С. Кац-
нельсонның пікірінше, мұндай сезім «Көңілі қалғанның өз жаны-
мен сұхбатында» анық көрінісін табады. Шығарманың басы, бірінші 
наразылығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет