Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет14/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   113
Екінші наразылық:
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Бауырлар қиянатшыл,
Достар салқын.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Жүректер ашкөз,
Әрқайсыcы өзгенің мүлкіне сұқтанады.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Зорлықшыл, зұлым еркіндікте,
Мейірімді адам кездеспейді.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Барлық жерде дандайсыған жауыздық,
Қайда болса да, қорланған игілік.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Қайтыс болғанды арсыз келеке етеді,
Ал адамға бар болғаны ермек керек.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Жақынының соңғы азығын
Тартып алған қуанады.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Жауызға сеніп,
Бауырды жаудай көреміз.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?


46
Өткен ешкімнің есінде жоқ,
Жақсылыққа жақсылық күте алмайсың.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Достар мейрімсіз,
Аяушылықты жаттан ізде!
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Төмен қараған,
Бауырдың беті сырт айналған.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Жүректерге ашкөздік орнықты,
Олардан тірек іздеуден не шығады?
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Әділеттілер жоқ,
Жер мекерлерге берілген.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Жан достар жоқ,
Бейтаныспен шер тарқатылады.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Бақыттылар жоқ,
Кіммен дос болсаң, олар да жоқ.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Иықта – жаманат ауыртпалығы,
Сырласатын дос та жоқ.
Мен бүгін кімге сырымды айтамын?
Жауыздық жерді судай басты,
Оның шеті де, шегі де көрінбейді.
Үшінші наразылық: 
Маған ажал 
Аурудан айығу, 
Қасірет тұтқынынан шығудай 
боп бүгін көрінеді. 
Маған ажал 
Хош иісті мирра
Самал соққан 


47
Папирус көлеңкесінде отырғандай 
боп бүгін көрінеді. 
Маған ажал 
Лотостың хош иісі
Масайған шақ, алаңсыз тыныштық 
боп бүгін көрінеді. 
Маған ажал 
Жорықтан үйге қайтатын
Даңғыл жолдай
боп бүгін көрінеді.
Маған ажал 
Аспанның ашылғанындай, 
Жасырынған ақиқатты ұғынудай 
боп бүгін көрінеді. 
Маған ажал
Ұзақ жылғы бұғаудан кейінгі
Туған үйімдей
боп бүгін көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет